Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің құрамына енетін «Дәстүрлі ән» кафедрасында мектеп, колледж, бакалавриат және магистратура деңгейлерінде дәстүрлі ән, жыр, айтыс мамандықтары бойынша мамандар даярланады.
Кафедра меңгерушісі – Е. А. Сарин, Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.
Кафедра түлектері мамандандырылған музыка мектептері мен музыкалық колледждерде оқытушы болып қызмет атқарады, сондай-ақ концерттік бірлестіктер мен филармонияларда жеке орындаушылар ретінде өнер көрсетеді.
Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейінді тақырыптар бойынша магистрлік диссертацияларын қорғайды.
Қазіргі уақытта кафедра құрамында: Профессорлар: К. А. Байбосынов – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; А. Н. Алматов, А. Ж. Нығызбаев, Э. М. Жаңаберген – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері; К. К. Құлыш – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Доценттер: К. М. Туленбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; А. Көмекұлы – мәдениет қайраткері; Е. А. Сарин – Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі. Аға оқытушылар: Г. А. Сарина, А. Б. Балажанова, Е.Р. Рысқали – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері; Е. З. Чалдибеков, Т. Т. Сембаев – мәдениет қайраткерлері; Е. А. Қайназаров, Р. Х. Сүлейменова, Т. Т. Нүркенов – мәдениет үздіктері. Аға оқытушы – Г. Абдолла; оқытушы, өнертану магистрі – К. А. Аманжол.
Кафедра оқытушылары монографиялар, ән жинақтары, антологиялар шығарып, концерттер мен шеберлік сабақтарын, ашық сабақтар мен белгілі халық және қазақстандық композиторлардың мерейтойларына арналған дөңгелек үстелдер өткізеді.
Сонымен қатар кафедра дәстүрлі түрде республикалық жоғары оқу орындары студенттері арасындағы айтыстарды, сондай-ақ «Дәстүрлі ән», «Жыр» номинациялары бойынша республикалық конкурстарды ұйымдастырады.
Жарық көрген еңбектер қатарында: К. А. Байбосынов – антология «Сыр сандық»; Э. Жаңаберген – монография «Арал, Қазалы өңірінің жыраулық дәстүрі»; А. Көмекұлы – кітап «XVII–XXI ғасырлар арасындағы Маңғыстау ақын-жыраулары»; А. Алматов – шығармалар жинағы «Жыр керуені» (2016 ж.), «Ер Едіге» – ноғайлы дәуірінің жыры (2020 ж.), «Шыңғыснама» дастаны (2020 ж.).
Кафедраның концерттік қызметі де жақсы жолға қойылған. Оқытушылар дәстүрлі орындаушылардың «Астана-Арқау», «Астанаға тарту», «Ұлы дала сазы», «Алтыбақан», «Күміс көмей, жез таңдай» концерттеріне, сондай-ақ түрлі радио және тележобаларға тұрақты түрде қатысады.
Сонымен бірге, әр оқытушы жыл сайын жеке және сыныптық есеп беру концерттерін өткізеді.Кафедра оқытушылары мен студенттері жеке орындаушылар ретінде, сондай-ақ факультеттің халық аспаптар оркестрімен және «Syrly Saz» фольклорлық ансамблімен бірлесіп, әртүрлі концерттерде, соның ішінде шетелдің белгілі концерт залдарында өнер көрсетеді.
Жоғары деңгейде қалыптасқан «Дәстүрлі ән» кафедрасының негізгі мақсаты – дәстүрлі қазақ әншілік, жыршылық және поэзиялық орындаушылық мектептерін зерттеу, халықтың рухани мұрасын дамытуға үлес қосу және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен ұлттық рухты тәрбиелеу.
Академиялық қызметі: «Дәстүрлі ән» кафедрасының меңгерушісі, доцент
Білімі/біліктілігі:
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (1993-1997)
Қызмет бағыты:
Педагогикалық, шығармашылық
Кәсіби қызметі:
Целиноград облыстық филармониясы (1987-1994)
Ақмола облыстық музыка колледжі . Оқытушы (1994-1998)
Қазақ Ұлттық өнер университеті, Доцент (1998-2019)
Қазақ Ұлттық өнер университеті, кафедра меңгерушісі, доцент (2019 бастап)
| 6B02104 - Дәстүрлі жыр (Айтыс) | БББ 2022 БББ 2023 |
|
| 6B02141 - Дәстүрлі ән | БББ 2022 БББ 2023 |
ЭПК 2022 (Қазақ) |
| 6B02144 - Дәстүрлі жыр | БББ 2022 |
| 7М02104 - Дәстүрлі жыр (Айтыс) | БББ 2022 |
|
| 7М02141 - Дәстүрлі ән | БББ 2022 |
|
| 7М02144 - Дәстүрлі жыр | БББ 2022 |
Алматов Алмасбек Нурмаханович.pdf
Байбосынов Кайрат Аукенович.pdf
Балажанова Ардак Байдилханкызы.pdf
Жаңаберген Эльмира Манасовна.pdf
Кайназаров Еркебулан Абильханович.pdf
Нуркенов Телман Тлегенович.pdf
Ныгызбаев Айтбек Жаксылыкулы.pdf
Сарина Гулмира Айымгазыевна.pdf
Сембаев Толғанбай Тоқтағанұлы.pdf
Сулейменова Рысты Хасеновна.pdf
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.