«Драма театр актері және режиссура» кафедрасы өзінің бастауын 2002 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясында ректор, Қазақстанның Еңбек Ері, әлем әртісі, профессор А. К. Мусаходжаеваның қолдауымен құрылған «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасынан алады.
Кафедраның негізін қалаушылар: КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Халық қаһарманы, театр және кино режиссері, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бекназар Лейло Акназарқызы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ханинга Юрий Иванович.
Кафедраны қалыптастыру және дамыту мақсатында театр өнерінің алдыңғы қатарлы мамандары шақырылды. Уақыт өте келе профессорлық-оқытушылық құрамды белгілі сахна шеберлері мен педагогтар толықтырып, актерлік және режиссерлік білім берудің қалыптасуына зор үлес қосты.
Олардың қатарында: Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Жарылқасымқызы Аспетова; Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, профессор (ЖАК) Ашимов Аким Уртаевич; Қазақстанның халық әртісі, профессор (ЖАК) Мейрамов Тлектес Уахитұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор (ЖАК) Мейрамова Жұмагүл Өмірзаққызы; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ешмұратова Құралай Халекетқызы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Құрманғожаев Бекболат Болатжанұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ташимова Нұрзада Тұрсынбекқызы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор (ЖАК) Омар Ақыш Қоңыртайұлы; Театр сыншысы Жантурина Жанна Нұрмұханқызы; Мәдениет қайраткері, доцент Абдыкадыр Қашқабай; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұзақов Болат Қасымжанұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұманиязов Нұрлан Ғылманұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Матвеев Сергей Федорович;
Мәдениет үздігі, доцент Матвеева Наталия Ивановна; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жуасбек Еркін Тлеукұлұлы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Бермухамбетова Айнұр Болатқызы; Мәдениет үздігі, доцент Сұңғат Салтанат Көпжасарқызы; Мәдениет қайраткері, доцент Бейсенбаев Досымхан Бейсенбайұлы.
Аталған тұлғалардың барлығы көптеген дарынды шәкірттер тәрбиелеп, оларды өнерге баулып, Қазақстандағы театрлық білім мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты.
2010 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясы жаңа мәртебеге ие болып, Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды. Сол жылы «Театр, кино және ТВ» факультеті ашылып, оның құрамына үш кафедра енді:
- «Актерлік өнер және режиссура»;
- «Кино және теледидар»;
- «Өнертану».
2019 жылы факультет «Театр өнері және өнертану» деп атала бастады және үш дербес кафедра құрылды:
- «Драма театр актері және режиссура»;
- «Музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері»;
- «Өнертану».
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өнер және мәдениет саласындағы танымал мамандармен, халық әртістерімен, ғылым кандидаттарымен, PhD докторларымен, еңбек сіңірген және мәдениет қайраткерлерімен толықты. Қазіргі таңда кафедра студенттері негізгі біліммен қатар, өнер кеңістігінде белсенділік танытып, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атануда. Кафедра түлектері өз мамандықтары бойынша 100% жұмыспен қамтылған.
«Драмалық театр актері және режиссура» кафедрасының үздіксіз дамуы Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының алдында тұрған мақсаттардың табысты жүзеге асуының кепілі болып табылады.
Кафедраның құрылу жылдары:
2002 ж. – «Актер өнері және режиссура» кафедрасының құрылуы
2010 ж. – «Актерлік өнер және режиссура » факультетінің құрамына енуі
2019 ж. – «Драмалық театр актері және режиссура» деп қайта аталды
Кафедра меңгерушілері:
2002-2010 жж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор (ЖАК) Бекназар Лейло Акназарқызы
2010-2012 жж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор (ЖАК) Омар Ақыш Қоңыртайұлы
2012-2013 жж. – Ашимова Дана Акимқызы
2013-2014 жж. – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ешмұратова Құралай Халекетқызы
2014-2015 жж. – мәдениет қайраткері, доцент Бейсенбаев Досымхан Бейсенбайұлы
2015-2018 жж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тлеуова Қымбат Рамазанқызы
20182019 жж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Туленбаев Жанкалдыбек Мұфтияұлы
2019-2025 жж. – өнертану магистрі, аға оқытушы Бірімқұлов Ернияз Рысқұлұлы
2025 ж. – PhD докторы, доцент Маликова Әсел Маликқызы