УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Факультеттер

«Музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері» кафедрасы

«Музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері» кафедрасы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

  • 6В02173 – «Музыкалық театр әртісі»
  • 6В02176 – «Қуыршақ театр әртісі»
  • 6В02180 – «Қуыршақ театр режиссері».

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы театр өнері саласындағы жоғары білікті мамандармен толықтырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент Туленбаев Ж. М.

Кафедраның оқытушылар құрамы:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ешмұратова Қ. Х.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері: Макұлбеков С. С., Қашқабай А.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор (ЖАК) Камиев С. Г.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, профессор Маемиров А. М.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Иманбаева А. С.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Қашқабаев С. А.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актрисасы, доцент Бермұхамбетова А. Б.

PhD докторы Ешмұратова А. Қ.

Педагогика ғылымдарының магистрі, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының бас балетмейстері Сүнғат С. Қ.

Имандзінов Б. С., Шакиржанова А. С.

Өнертану магистрлері: Бирімқұлов Е. Р., Құлымбетов Е. М.

Кафедра түлектері – театр, кино және теледидар саласында сұранысқа ие мамандар. Олардың көпшілігі республикалық маңызы бар жаңа театр труппаларының қалыптасуына зор үлес қосты.

Олардың қатарында:

  • А. М. Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры (Нұр-Сұлтан қ.), курс жетекшісі – профессор Камиев С. Г.;
  • Нұр-Сұлтан қаласындағы Жас көрермендер музыкалық театры, курс жетекшісі – профессор Маемиров А. М.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының базасында 2022 жылдың 15 қарашасында Қуыршақ өнері труппасы (Көкшетау қ.) құрылды. Курс жетекшісі – доцент Макұлбеков С. С.

Сонымен қатар, кафедра жақын шетел елдерімен шығармашылық және педагогикалық байланыстарды дамытуда.

2021 жылдың 3 желтоқсанында «Қуыршақ театры және оның оқу процесі: даму, мәселелер және қажеттілік» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумы өткізілді.

2022 жылдың 8 желтоқсанында Ресей мемлекеттік театр өнері институтының (Санкт-Петербург қ.) сұрауы бойынша «Қуыршақ театры және арнайы білім беру процесі: заманауи қуыршақ театры және балалар» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум ұйымдастырылды.

faculty/7/kaf_data/28/pers.jpg

Туленбаев
Жанқалдыбек Муфтиович

Академиялық қызметі: «Музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері» кафедрасының меңгерушісі, доцент

Білімі: жоғары.

Біліктілігі: Музыкалық театр актері


Оқу орны:
 Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты. Қазақстан, 1995-1999.

Қызмет бағыты
: Музыкалық театр актері

Кәсіби қызметі:

1990ж – Ақсуат аудандық Мәдениет үйі
1999ж – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыка-драма театры, актер
2015ж – Қазақ Ұлттық Өнер Университеті, оқытушы

Біліктілікті арттыру курстары: Қазақстан Республикасы, Білім және ғылым министрлігі, АҚ «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру центрі, 240 сағат

Жетістіктер:

  • Астана қаласы V-«Шабыт»- халықаралық жастар шығармашылық фестивальінің Бас жүлдегері.
  • Республикалық «Тазша бала» конкурсының ГРАН ПРИ иегері. Астана қаласы.
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (жылы)


Бакалавр
6B02116 - Музыкалық театр режиссурасы
6B02173 - Музыкалық театрының артисі БББ 2019
6B02176 - Қуыршақ театры артисі БББ 2019
6B02180 - Қуыршақ театрының режиссурасы БББ 2019

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.