УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Ректорат

  • Раушан Сабыржанқызы
    Нұртаза

    Ректордың м.а., ғылыми - шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор


    Раушан Сабыржанқызы Нұртаза 2024 жылғы 29 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық өнер университеті (бұдан әрі – ҚазҰӨУ) ректорының міндетін атқарушы болып табылады.


    Білімі, мамандығы (біліктілігі)

    Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы (1993-1998), «Музыкатану» мамандығы, «музыкатанушы, оқытушы» біліктілігі 

    Беларусь мемлекеттік музыка академиясы (2016-2019), докторантура, мамандығы 17.00.02-музыкалық өнер


    Ғылыми дәрежесі – өнертану кандидаты (17.00.02 – музыкалық өнер, 2005)

    Ғылыми атағы – қауымдастырылған профессор, доцент («өнертану», 2009)


    Жұмыс орындары 

    Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы – Қазақ музыкасы және фольклоры кафедрасының стажер-зерттеушісі

    М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты – музыкалық өнер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

    Қазақ ұлттық музыка академиясы – оқытушы, «Музыка теориясы» кафедрасының меңгерушісі

    Қазақ ұлттық өнер университеті – оқу процесін ұйымдастыру қызметінің басшысы, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, профессор


    Марапаттар:

    «Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008)

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2016)


    Қазіргі қазақ мәдениеті мен кәсіби музыканттардың білім беру мәселелеріне арналған бірқатар монографиялардың, оқулықтардың, курстардың, ғылыми және ғылыми-танымал мақалалардың авторы.  

    Өнер және мәдениет саласындағы бірқатар шығармашылық, ғылыми және білім беру жобаларының, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және т. б. халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдардың қатысушысы. 


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.