УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық конкурстар

Халықаралық конкурстар

Давид Ойстрахты еске алуға арналған «Astana Violin» X халықаралық скрипкашылар байқауы

 

Давид Ойстрахты еске алуға арналған «Astana-Violin» Х халықаралық скрипкашылар байқауының өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

  • Давид Ойстрахты еске алуға арналған «Astana Violin» X халықаралық скрипкашылар байқауы (бұдан әрі - конкурс) 2023 жылдың 6 - 11 қараша аралығында Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді.
  • Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан «Мәдениет» Комитетінің қолдауымен) «Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚазҰӨУ РММ) базасында өткізіледі.

Тел.+7 (7172) 70 -54 -99.
Эл.пошта - astanaviolin@gmail.com

2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

  • Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

 

3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

  1. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында 2023 жылғы 6 қараша мен 11 қараша аралығында өткізіледі. Комитетінің мекен-жайы: 010000 Тәуелсіздік даңғылы 50, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
  2. Конкурс екі жас топ бойынша өткізіледі:
    • - 1 топ: 10 жастан 15 жасқа дейін қоса алғанда;
    • -2 топ: 16 жастан 28 жасқа дейін қоса алғанда.
  3. Байқау екі кезеңнен тұрады.
  4. Конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
  5. Екінші кезеңге жиынтығында 18 балдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі.
  6. Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
  7. Электрондық өтінімді жібергеннен кейін бағдарламаға өзгерістер жіберілмейді.
  8. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
  9. Байқаудың жиілігі екі жылда бір рет.
  10. Байқауға скрипкашылар, сондай-ақ Қазақстанның және шет мемлекеттердің мамандандырылған оқу орындарының студенттері қатыса алады.
  11. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
  12. Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.kz сайтының «Халықаралық байқаулар» бөлімінде жарияланады.
  13. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:
    • ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;
    • Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт). скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы);
    • Өлшемі 10х15 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;
    • Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны (Word формат);
    • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің скан-нұсқадағы ұсынымы (PDF форматы);
    • Қатысушының конкурстық бағдарламасы (1-ші тур 15 минуттан, 2-ші тур 30 минуттан аспауы қажет).
  14. Өтінімдер 2023 жылдың 23 қазанында  (қоса алғанда) сағат 18:00  (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
  15. Конкурсқа қатысатын қатысушының өтінімі, осы Ереженің талаптарымен келісетіндігін дәлелі болып табылады.
  16. Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
  17. Концертмейстер қатысушыларға ақылы түрде ұсынылады:а)
    • $50 репетиция, $50 шетелдік қатысушыларға конкурстың орындалу уақытында.
    • $20 репетиция, $20 Қазақстандық қатысушыларға конкурстың орындалу уақытында.(Пианистер туралы ақпаратты ұйымдастыру комитетінен алуға болады.)
  18. Қатысушы Астана қ. келгеннен кейін, тіркеу кезінде конкурсқа кіру жарнасын төлеуі қажета)
    • Қазақстаннан келген қатысушылар үшін 20$
    • Шетелден келген қатысушылар үшін 50 $
  19. Тіркеу рәсімі Конкурстың ашылу күні Орган залының (Жеңіс 33) залында өтеді.
  20. Баспа материалдарындағы толық аты-жөні (сертификаттар мен дипломдар) қатысушының өтініші бойынша басылады.
  21. Барлық лауреаттар қазылар алқасының шешімімен ұйымдастыру комитетіннің ұйымдастырған қорытынды концертіне қатысады.
  22. Гала-концерттың қатысушылар қазылар алқасы ұсынған бағдарлама бойынша тегін өнер көрсетеді.
  23. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қатысушылар Конкурсқа қатысуға ресми шақыру негізінде паспорттар мен визаларды дайындау құжаттарын өз бетіше дайындайды.
  24. Ұйымдастыру комитеті 3 күн ішінде қатысушыларға өтінімнің қабылданғаны туралы растау жібереді және 7 күн ішінде қатысушыларға шақыру жібереді.
  25. Шығармалардың орындалу тәртібі ерікті.
  26. Бір айналымда орындалған шығармалар басқа айналымдарда қайталанбауы керек.
  27. Ұйымдастыру комитеті концертмейстер мен қатысушылардың, сондай-ақ жетекшілердің байқауда келу-кету, тұру құнын көтермейді.
  28. Ұйымдастыру комитеті байқауға келген қатысушыларға репетиция арналғын аудиторияларын және конкурс басталар алдында, Конкурс өтетін сахнада кем дегенде бір репетицияны қамтамасыз етеді.
  29. Ұйымдастыру комитеті жарыс күндерін радио және теледидар арқылы тікелей эфирді ақысыз таратуға барлық құқықтарын өзіне қалдырады.  
  • Ұйымдастыру комитеті
  1. 1. Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
5. Байқаудың жүлде қоры
  1. Әділ қазылар шешімі бойынша байқауға қатысушыларға лауреат атағы және арнайы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар тағайындалады:
а) Үлкен топ
Гран-при - $7 000 (салықты қоса алғанда);

Гран-при иегеріне арнайы жүлде - VNAM және VNCMF демеушілігімен Ханой филармониясының оркестрімен концерттік қойылым.

I премия - $5 000 (салықты қоса алғанда);

II премия - $3 000  (салықты қоса алғанда);
III премия - $2 000 (салықты қоса алғанда);     

б) Кіші топ
I премия - $2 000 (салықты қоса алғанда);
II премия - $1 000 (салықты қоса алғанда);
III премия - $500 (салықты қоса алғанда);

Конкурстың қазылар алқасы

  1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы «ҚазҰӨУ» РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының құрамы, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс. 
  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  4. Қазылар алқасы құқығы бар:
    1. Сайыскердің өнерін үзу;
    2. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды тағайындамауға құқылы
  5. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
  6. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
  7. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
  8. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды тағайындамауға құқылы.
  9. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді
  10. Қазылар алқасы мүшелерінің саны төрағамен бірге тақ сан болуы керек.

Давид Ойстрахты еске алуға арналған «Astana- Violin» Х халықаралық скрипкашылар байқауының
Конкурс бағдарламасы

 

1-топ: 10-15 жасты қоса алғанда.

I Тур 

  1. Бiр каприз: П.Род, Дж.Донт, С.Данкля, Г.Венявский, Н.Паганини (қатысушының таңдауы бойынша).
  2. Ежелгі соната (таңдау бойынша 2 бөлім)
  3. Виртуоздық шығарма.
  4. Қатысушы ел композиторының туындысы.

II тур

  1. Скрипка мен фортепианоға арналған концерт (1 немесе 2-3 бөлім); Дж.Виотти, А.Вьетан, Л.Спор, Д.Кабалевский, Ф.Мендельсон, Г.Венявский және т.б (қатысушының таңдауы бойынша). 

2-топ: 16 жастан 28 жасқа дейін қоса алғанда.

I Тур

  1. Н.Паганинидің бiр капризі (қатысушының таңдауы бойынша).
  2. Дж.С.Бах – жеке скрипкаға арналған сонаталар мен партиталар, фуга немесе Чакон сонатаның екі бөлімі.
  3. Виртуоздық шығарма.
  4. Қатысушы елінің өнімі.

II тур        

  1. Скрипка мен фортепианоға арналған концерт – Дж.Брамс, П.Чайковский, Дж.Сибелуис, С.Прокофьев, Д.Шостакович, А.Хачатурян, Ш.Лало, А.Глазунов, К.Шимановский және т.б. (қатысушының таңдау бойынша).

Хат алмасу, байланыс ақпараты

  1. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар merey.competition@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
  2. Конкурстың байланыс телефоны: +7 (7172)-70-54-99

Байқауға арналған ноталар тізімі

Алиби Аллегро клавир - Полная партитура.pdf
Алиби Партия скрипки - Violin.pdf
Аллегро для скрипки и фортепиано Full Score.pdf
Аққу домбыра V-no Piano Full Score.pdf
Аққу домбыра V-no Piano, Violin solo, Violin solo.pdf

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.