1.«Astana– Меrеу» халықаралық орындаушылар конкурсы 2023 жылғы 13 - 17 қараша аралығында Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді.
2.Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан «Мәдениет» Комитетінің қолдауымен) «Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚазҰӨУ РММ) базасында өткізіледі.
3.Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы Астана қ., 010000, Абай даңғ., 47.
Тел. +7 (7172) 70 -54 -99.
Эл.пошта – merey.competition@gmail.com
• Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, талантты, дарынды орындаушыларды қолдау;
• Балалар музыкалық және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында дарынды тұлғалардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
• Үздік дәстүрлер мен жетістіктерді, ұлттық әлемдік мәдениет пен өнерді жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
• Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен алмасу;
• Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
• Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін сақтау, өркендету, дамыту және тарату;
• Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
• Мәдени мұраны насихаттау және оның дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
• Жастар бойында отансүйгіштікке, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға құштарлыққа тәрбиелеуге ықпал ету.
1.Конкурсты ҚҰӨУ 2023 жылдың 13 - 17 қараша аралығында ҚазҰӨУ РММ базасында өткізіледі. Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50, Жеңіс даңғылы 33.
2.Конкурсқа қатысуға 6 жастан 18 жасқа дейінгі әлемдік қоғамдастықтың барлық елдерінің өкілдері шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына байланысты шектеулер жоқ.
3.Конкурс 1 кезеңнен тұрады (4-ші жас тобы 2 кезеңнен тұрады).
4. Конкурс төрт жас тобында өткізіледі:
- 1-топ: 6 - 9 жасқа дейін, қоса алғанда.
- 2-топ: 10 жастан 12 жасқа дейін, қоса алғанда.
- 3-топ: 13 жастан 15 жасқа дейін, қоса алғанда.
- 4-топ: 16 жастан 18 жасқа дейін, қоса алғанда.
5.Конкурс номинациялар бойынша өткізіледі:
• «Домбыра» Номинациясы
• «Ішекті - ысқышты халық аспаптар» номинациясы: (Қыл-қобыз, Қобыз-прима, Гиджак, Кеманча, Қияқ, Игил, Моринхур, Гудок, Хур және т. б.)
• «Ішекті - шертпелі халық аспаптар» номинациясы: (Шертер, Кіші Домра, Домра - бас, Дутар, Балалайка, Комуз, Рубаб, Бандура және т.б.)
• «Фольклорлық аспаптар» номинациясы: (Жетіген, Саз-сырнай, Сыбызғы, Шаң-қобыз, Гусли,Чатхан, Гуджин, Ятаган, Канун, Дудка, Камыль, Хобрах, Курай, Зубанка, Варган, Хомус, Кубыз, Темир Комуз және т.б. )
• «Баян, Аккордеон» номинациясы
• «Дәстүрлі ән» номинациясы
• «Эстрадалық ән салу» номинациясы
• «Эстрадалық аспаптар» номинациясы
1. «Саксофон» Номинациясы
2. «Кларнет» номинациясы
3. «Труба» номинациясы
4. «Тромбон» номинациясы
5. «Джаздық фортепиано» номинациясы
6. «Электрогитара» номинациясы
7. «Бас гитара» номинациясы
8. «Соқпалы аспаптар» номинациясы
6. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
7. Өткен жылдардың орындаушылар конкурсында жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша Гран-при және 1 орын алған жеңімпаздар конкурсқа қатыса алмайды.
8. Әр қатысушы тек бір номинацияға қатыса алады.
9. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге болмайды.
10. Барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс. Әр шығарма тек бір рет орындалуы тиіс.
11. Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
12. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және сүйемелдеушілер Google-диск арқылы конкурс аяқталғаннан кейін алғыс хаттар жіберіледі.
13. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттар ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.
14. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
15. Конкурсқа қатысу және келу бойынша барлық шығыстарды қатысушылар өздері көтереді.
16. Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.edu.kz сайтының «Іс-шара» бөлімінде жарияланады.
17. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесі нұсқауларды қамтиды:
• ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;
• Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы);
• Өлшемі 10х15 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;
• Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны (Word формат);
• PDF форматындағы оқу орнынан анықтама;
• Қатысушының конкурстық бағдарламасы;
• Банк деректемелері;
Өтінімдер 2023 жылдың 31 қазан сағат 17:00-ге (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
Құжаттар пакеті толық болмаған және дұрыс ресімделмеген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
1.Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы «ҚазҰӨУ» РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2.Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
3.Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті органдармен өзара әрекетті жүзеге асырады.
4.Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
5.Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындаған басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі ақшалай сыйлықтар мен дипломдар беріледі:
Гран-при - лауреат атағы және ақшалай сыйлық –70.000 теңге;
1 орын - лауреат атағы және ақшалай сыйлық – 50.000 теңге;
2 орын - лауреат атағы және ақшалай сыйлық – 40.000 теңге;
3 орын - лауреат атағы және ақшалай сыйлық – 30.000 теңге;
Диплом - дипломант атағы;
Жүлделі орындар мен ақшалай сыйлық қатысушылар арасында бөлінеді, егер қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, екі екiншi және үш үшiншi орындар алған жағдайда.
Конкурс лауреаттары ақшалай сыйлық шотқа түскеннен кейін сыйлықақы алғандығын растап, merey.competition@gmail.com мекенжайына хабарлама жіберуі тиіс.
1.Конкурстың қазылар алқасы құрамы «ҚазҰӨУ» РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2.Қазылар алқасының құрамы, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
3.Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
4.Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
5.Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
6.Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
а)Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар және дипломмен марапаттайды;
б)Қатысушылардың саны 15 адамнан (қоса алғанда) кем болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және 3 дипломмен марапаттайды.
7.Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды тағайындамауға құқылы.
8.Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
9.Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
1. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар merey.competition@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
2. Конкурстың байланыс телефоны: +7 (7172)-70-54-99
1 топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
1) Шертпе күй (қалауы бойынша)
2) Төкпе күй (қалауы бойынша)
2 топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
1) Шертпе күй (қалауы бойынша)
2) Төкпе күй (қалауы бойынша)
3 топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
1)Қазақстан композиторларының домбыра мен фортепианаға арнайы жазған шығармасы
2) Дина «Әсем қоңыр» (міндетті)
3) Шертпе күй (қалауы бойынша)
4) Қазіргі заман композиторларынан бір күй.
4 топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
I ТУР
1) Қазақстан композиторларының домбыра мен фортепианаға арнайы жазған шығармасы.
2) Батыс,Маңғыстау,Сыр өңірінен бір күй.
3) Шертпе күй (қалауы бойынша)
4) Құрманғазы «Төремұрат», «Байжұма» , «Терісқақпай» (қалауы бойынша)
II ТУР
1) Шетел композиторларының домбыраға лайықталған шығармасы.
2) Қазапғаптың бір күйі(қалауы бойынша)
3) Т.Момбеков «Інілеріме» ,«Мешін», «Қанағат» (қалауы бойынша)
4) Қазіргі заман композиторларынан бір күй.
1топ: 6 – 9 жас (қоса алғанда)
1.Халық әні
2.Қалауы бойынша
2 топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
1. Халық әні
2. Халық композиторының әні
3 топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
1. Халық әні
2. Халық композиторының әні
3. Өз қалауы бойынша
4 топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
1. Халық әні
2. Абай Құнанбайұлы
3. Қазақстан композиторының әні
2-КЕЗЕҢ
4 топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
1. Халық әні
2. Ақан серінің бір әні
(Ақан серінің 180 жылдығына орай)
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Орындаушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі
2. Халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Орындаушының таңдауы бойынша Қорқыттың күйі
2. Қатысушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі
3. Халық әні немесе халық композиторының әні.
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. А. Жайым «Сағыныш»
2. Ықылас Дүкенұлы «Кертолғау» (Д. Мықтыбаевтың орындауында)
3. Орындаушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
I кезең
1. Қазақстан композиторларының шығармасы (ф-но сүйемелдеуімен)
2. Орындаушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі
II кезең
1. Күрделі құрылымды шығарма (ф-но сүйемелдеуімен)
2. Орындаушының таңдауы бойынша Ықылас Дүкенұлының күйлерінен бір күй:
«Шынырау», «Қазан», «Ерден», «Кертолгау».
3. Қазіргі заман композиторының қобызға арналған күйі.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады.
*Күйлердің мәтіні «Мәңгілік сарын» және «Мың күй» антологияларындағы түпнұсқалық аудио жазбаларымен сәйкес келуі керек.
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс.
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Шетел композиторының шығармасы.
2. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының шығармасы.
2. Шетел композиторының шығармасы.
3. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, сонатина, концерт - І немесе ІІ, ІІІ б.).
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Кантилена сипатындағы Қазақстан композиторының шығармасы.
2. Шетел композиторының шығармасы.
3. Виртуозды шығарма.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
І кезең
1. Ә.Әбдінұров «Аққу домбыра»
2. Түркітілдес халықтары композиторының шығармасы.
3. Виртуозды шығарма.
ІІ кезең
1. Тәттімбет «Секіртпе» (өңд. Е.Үсенов)
2. Ауқымды формадағы шығарма (Концерт -1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер)
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
2. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының туындысы.
2. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
3. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. А.Жұбанов «Романс»
2. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
3. Виртуозды шығарма.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
I кезең
1. Қатысушы ел композиторының туындысы.
2. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
3. Қазіргі заман композиторының аспапқа арналған әуені.
II кезең
1. Кантилена сипатындағы шығарма.
2. А.Жайым «Қорқыт» сюитасы (1-2 немесе 3-4 бөлімдері)
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының шығармасы.
2. Күй (жеке).
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының шығармасы.
2. Күй (жеке).
3. Шетел немесе орыс композиторының виртуозды шығармасы.
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Күй (жеке).
2. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, соната немесе сонатина).
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
І кезең
1. Қазақстан композиторының шеберлікті көрсететін шығармасы.
2. Кантилена сипатындағы шығарма.
3. Күй (жеке).
ІІ кезең
1. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, рондо, соната, концерт - І немесе ІІ, ІІІ б.).
2. Қатысушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Шетел немесе орыс композиторының шығармасы.
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Шетел немесе орыс композиторының виртуозды шығармасы.
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, соната немесе сонатина).
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
І кезең
1. Қазақстан композиторының немесе қатысушы ел композиторының шеберлікті көрсететін шығармасы.
2. Кантилена сипатындағы шығарма.
ІІ кезең
1. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, рондо, соната, концерт - І немесе ІІ, ІІІ б.).
2. Қатысушының таңдауы бойынша виртуозды шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Динамикалық мінездегі шығарма.
3. Лирикалық мінездегі шығарма.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Виртуозды шығарма.
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Күрделі формадағы шығарма (вариациялар, соната немесе сонатина).
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының шығармасы.
2. Күрделі формадағы шығарма (вариации, рондо, соната, концерт - І немесе ІІ, ІІІ б.).
3. Қатысушының таңдауы бойынша.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қатысушының таңдауы бойынша күй.
2. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
2. Қатысушының таңдауы бойынша күй.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық күйі.
2. Қатысушының таңдауы бойынша күй.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
1. Қазақстан композиторының күйі.
2. Қатысушының таңдауы бойынша күй.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
2. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса)
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Өңделген, лайықталған халық әні немесе халық композиторының әні.
2. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Өңделген, лайықталған халық әні немесе ұлттық әуені.
2. Қатысушы ел композиторының туындысы.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (ән, пьеса).
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспау керек
1. Қатысушы ел композиторының туындысы.
2. Қатысушы ел композиторының ұлттық әуені.
3. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма.
*Барлық шығармалар жатқа ойналады
*Шығармаларды фортепианоның сүйемелдеуісіз ойнауға рұқсат етіледі
*Қатысушының жасы талаптарға сай болуы тиіс
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспау керек
1. Балалар сюитасы (альбом), бір бөлімі.
2. Кантиленалық пьеса.
3. Қатысушының таңдауы бойынша шығарма.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспау керек
1. Полифония элементі бар шығарма.
2. Виртуозды шығарма.
3. Күрделі формадағы шығарма (кемінде 3 әртүрлі мінезді бөлімнен тұратын – балалар сюитасы, альбом, сонатина).
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспау керек
1. Полифониялық шығарма.
2. Виртуозды шығарма.
3. Күрделі формадағы шығарма (соната – 1 б., немесе соната формасында жазылған 2,3 бөлімдер; сонатина – толығымен; сюита, партита – кемінде 3 әртүрлі мінезді бөлімнен тұратын; вариациялық цикл).
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспайды
I тур
1. Фугамен полифониялық цикл. (3 дауыстан кем емес фуга)
2. Кантиленалық пьеса.
3. Виртуоздық шығарма.
II тур
4. Күрделі формадағы шығарма -соната (тұтас), сюита, партита (кемінде 3 бөлік).
5.Қатысушының таңдауы бойынша пьеса.
I топ: 6 - 9 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 10 минуттан аспайды
1. Балалар сюитасы (альбом), бір бөлім.
2. Кантиленалық пьеса.
3. Таңдау бойынша шығарма.
II топ: 10 - 12 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспайды
1. Полифониялық элементтермен шығарма.
2. Виртуоздық шығарма.
3. Күрделі формадағы шығарма (балалар сюитасы, альбом – кем дегенде 3 түрлі сипаттағы бөліктер, сонатина - толығымен).
III топ: 13 - 15 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 20 минуттан аспайды
1. Полифониялық шығарма.
2. Виртуоздық шығарма.
3. Күрделі формадағы шығарма (классикалық соната – 1 сағ. (соната түрінде жазылған) немесе 2, 3 бөлік (бірге); сонатина – барлық бөліктер; сюита, партита (кемінде 3 бөлік); Вариациялық цикл.
IV топ: 16 - 18 жас (қоса алғанда)
Орындаудың жалпы ұзақтығы 30 минуттан аспайды
I тур
1. Фугамен полифониялық цикл. (3 дауыстан кем емес фуга)
2. Кантиленалық пьеса.
3. Виртуоздық шығарма.
II тур
4. Күрделі формадағы шығарма - соната (тұтас), сюита, партита (кемінде 3 бөлік).
5.Қатысушының таңдауы бойынша пьеса.
6 - 9 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
Ана тіліндегі ән
Мультфильм әні
10 - 12 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
Ана тіліндегі ән
Әлемдік хит
13 - 15 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
Ана тіліндегі ән
Дауыстық деректерді ашатын ән
16 - 18 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
I кезең:
Ана тіліндегі ән
Импровизациясы бар джаз пьесасы
II кезең:
Қазақстандық композиторлардың әні
Дауыстық деректерді ашатын ән
6-9 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
Екі түрлі пьесалар
10-12 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын өз елінің композиторларының туындысы,
2. Джаз сипатындағы шығарма
13-15 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын өз елінің композиторларының туындысы,
2. Импровизациямен джаз сипатындағы шығармалар
16-18 жас аралығындағы топ (байқау басталған күнге):
1. Свинг, бибоп, блюз стиліндегі джаз шығармалары фонограмманың сүйемелдеуімен «бір минус» (minidisk, CD Audio) немесе ритм секциясының сүйемелдеуімен орындау.
2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын өз елінің композиторларының туындысы
1. Latino – jazz стиліндегі шығармалар фонограмманың сүйемелдеуімен «бір минус» (minidisk, CD Audio) немесе ритм секциясының сүйемелдеуімен орындау.
2. Импровизациясы бар джас пьесасы
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.