ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
ФОРТЕПИАНО ЖӘНЕ ОРГАН КАФЕДРАСЫ
01-05.04.2024ж.
«QOS ALQA»
Фортепианолық ансамбльдердің
IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ – БАЙҚАУЫ
Белгіленген нысандағы электронды өтініш
https://kaznui.kz сайтында «Анонс» бөлімінде
Жалпы ережелер
- «QOS ALQA» Фортепианолық ансамбльдердің IV Халықаралық фестиваль-байқауы ( – конкурсы) 01-05.04.2024ж. Қазақстан Республикасы, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – ҚР МАМ) көмегімен «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ( ҚазҰӨУ РМУ) оқу орнында өткізіледі.
- Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай д., 47. Тел. +7 (701) 518 06 59, Тел. +7 (705) 323 69 61.
- Электрондық почта – qosalqa.competition@gmail.com
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Фортепианолық ансамбльдік музыка жанрына қызығушылықты сақтау және дамыту;
- Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін ашу, дарынды орындаушыларды қолдау;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің және БММ, өнер мектептері оқушыларының орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру;
- Отандық, әлемдік мәдениет пен өнердің озық дәстүрлері мен жетістіктерін дамыту және насихаттау; Қазақстан Республикасының мәдениетін сақтау, өркендету, дамыту және тарату;
- Оқушыларды отансүйгіштікке, эстетикалық тәрбиеге баулау, рухани-мәдени құндылықтармен алмасуға жағдай жасау.
- Кәсіби музыкалық білім беру жүйесінде халықаралық байланыстарды нығайту.
Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары
- Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ҚазҰӨУ РМУ базасында өткізіледі.
- Конкурсты өткізу мерзімі: 01-05.04.2024 ж. аралығы.Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай к., 47.
- Шетелдік қатысушылар визаның рәсімделуіне жеке жауап береді. Осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының консулдығынан кеңес алуға болады.
- Конкурс «фортепиано» мамандығы бойынша кәсіби мамандандырылған оқу орындары, музыка мектептері және өнер мектептері арасында күндізгі оқу нысанында өткізіледі.
- Байқауға 6 жастан 27 жасқа дейінгі өнерпаздар шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына қатысты шектеулер жоқ.
6. Байқау үш категория бойынша өткізіледі:
I: Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары;
II: Музыкалық колледждердің студенттері және ОАММ жоғары сыныптары;
III: Жоғарғы оқу орнының студенттері.
- Конкурс келесі номинация бойынша өткізіледі:
«Фортепиано ансамблі» (4, 6 немесе 8 қол)
- Байқау бір турдан тұрады.
- Байқауға қатысушылардың өнер көрсету тәртібі конкурстық турдың алдындағы кезектілік арқылы анықталады.
- Қатысушылар ұсынған бағдарламаларға өзгертулер енгізуге болмайды.
- Лауреаттардың бейнежазбалары қазылар алқасының шешімімен ҚазҰӨУ сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде көрсетіледі.
Байқаудың жүлде қоры:
1. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурс қатысушыларға орындар мен ақшалай сыйлықтар беріледі:
I категория
- I орын және лауреат атағы – 200 000 теңге;
- II орын және лауреат атағы – 150 000 теңге;
- III орын және лауреат атағы – 100 000 теңге;
- Т.Кажгалиев ат. арнайы сыйлық – 80 000 тенге.
II категория
- I орын және лауреат атағы – 300 000 теңге;
- II орын және лауреат атағы – 250 000 теңге;
- III орын және лауреат атағы – 200 000 теңге;
- А.Затаевич ат. арнайы сыйлық – 100 000 тенге.
III категория
- I орын және лауреат атағы – 400 000 теңге;
- II орын және лауреат атағы – 350 000 теңге;
- III орын және лауреат атағы – 300 000 теңге;
- Г.Жубанова ат. арнайы сыйлық – 100 000 тенге.
Бағдарламалық талаптар
Барлық жас санаттағы қатысушылардың таңдауы бойынша екі шығарма орындалады:
I санатта шығарма орындаудың ұзақтығы 10 минутқа дейін болуы керек.
II санатта шығарма орындаудың ұзақтығы 15 минутқа дейін болуы керек.
III санатта шығарма орындаудың ұзақтығы 20 минутқа дейін болуы керек.
Шығармаларды нота бойынша орындауға рұқсат етіледі.
Өтініш беру тәртібі:
Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылдың 22 наурызы (қоса алғанда) сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) электронды форматта келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- https://kaznui.kz сайтында «Хабарландыру» бөлімінде белгіленген үлгідегі электронды өтінім;
- Өтініште жеке басын куәландыратын (төлқұжат/жеке куәлік) бойынша қатысушы мен оқытушының аты-жөнін анық көрсету керек;
- PDF форматындағы жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (электрондық өтініште);
- Конкурсқа қатысушының бағдарламасы (Электрондық өтінімде);
- Ансамбль мүшелерінің JPEG форматындағы бірлескен фотосуреті.
- Конкурсты қаржыландыру мүмкін болған жағдайда жеңімпаздарға сыйлықақыларды алу үшін банк деректемелерін ұсыну қажет болады.
- Конкурсқа қатысу тегін.
- Құжаттар пакеті толық емес, дұрыс ресімделмеген жағдайда өтініштер қабылданбайды.
Ұйымдастыру комитеті
1. Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2. Конкурсты дайындау және өткізу ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдармен өзара жұмыс жасайды.
4. Ұйымдастыру комитеті іс-шара бойынша ақпараттық жарнаманың түрлерін қамтамасыз етеді.
5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу кезінде туындаған өзге де ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді.
Байқаудың қазылар алқасы
- Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау, сондай-ақ қорытындылау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы заманымыздың көрнекті музыканттары, мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады.
- Байқаудың қазылар алқасы жүлделерді бөлуге немесе оларды бермеуге құқылы.
Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарастырылуға жатпайды.
Өтініш беру арқылы қатысушы ұйыдастыру комитетіне дербес деректерді өңдеуге және ресми веб-сайтта орналастыруға келісімін береді.