УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық конкурстар

Халықаралық конкурстар

Қосымша, орта арнаулы және жоғары білім беру оқытушыларына арналған IX Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсы

ҚР МАМ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ» РММ

Өнер және мәдениет саласында (БММ, БӨМ, ОМММ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: колледж, өнер училищесі,
өнер бейінді жоағры оқу орындары және т. б.)
Қосымша, орта арнаулы және жоғары білім беру оқытушыларына арналған
IX Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсы

10–20.12.2024 ж.

Құрметті әріптестер!

«Әлем жаһандық сын-қатерлер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологияларды жедел дамыту және адам ресурстарының ұтқырлығы».
Бұл жағдайда білім мен ғылым трансформацияның алдыңғы қатарында болуы керек. Әлемнің жетекші экономикасы адами капиталдың жоғары деңгейі арқылы ғана өркендеуге қол жеткізеді. Бұған жаңа білім беру стратегиялары мен саясат ықпал етеді.
Біз заманауи техникалық мүмкіндіктермен, жасанды интеллектіні енгізумен және т.б. байланысты білім берудегі инновациялық тәсілдер педагогикалық шеберлік конкурсының басты тақырыбына айналады. Сіздің ойлап тапқан жобаларыңыз бен ұсыныстарыңыз өнер мен мәдениеттің білім беру саласына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.

 

ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Осы Ереже халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді регламенттейді.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы ҚР МАМ «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
1.3. Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық, білім беру және тәрбие әдістемелерін насихаттау, педагогикалық тәжірибемен, оқытудың инновациялық әдістемелерін қолдану тәжірибесімен алмасу болып табылады.
1.4. Конкурстың міндеттері:
а) оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
б) мәдениет және өнер оқу орындарында білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық, тиімді классикалық педагогикалық әдістерін жинақтау және танымал ету;
в) оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін қолданудың кәсіби қарым-қатынас және педагогикалық тәжірибе алмасу алаңдарын кеңейту;
г) мәдениет және өнер білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелерін енгізуді ынталандыру;
д) педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтауға және таратуға ықпал ету;
е) өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында оқытушылардың өзара іс-қимылын кеңейтуге ықпал ету.
1.5. Конкурс әзірлемелерді бағалауды және жеңімпаздарды анықтауды көздейді. Байқау абсолютті жеке біріншілік емес, бірнеше бірінші, екінші, үшінші орын болуы мүмкін. Саны конкурстық жұмыстардың сапасына байланысты.
1.6. Үміткер конкурс номинацияларының шектеусіз санына қатыса алады, алайда әр номинацияда бір жұмыс. Конкурстық жұмыс тек қана бір конкурс номинациясына қатыса алады.
1.7. Байқау қашықтықтан өткізіледі.


2. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1. Конкурсқа қосымша білім беру, орта және арнайы білім беру педагогтары, білім беру ұйымдарының әдіскерлері, студенттер, магистранттар, мәдениет және өнер саласындағы докторанттар қатыса алады.
2.2. Конкурсқа қатысушылар өз әзірлемелерін ерікті түрде ұсынады.
2.3. Конкурсқа қатысуға жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.
2.4. Конкурсқа қатысуға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.


3. КОНКУРСТЫҢ МӘНІ
3.1. Конкурстың тақырыбы авторлар қолданатын білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық және тиімді дәстүрлі педагогикалық әдістері мен құралдары, сондай-ақ олардың интеграцияланған оқыту саласындағы жобалары.
3.2. Конкурсқа ұсынылатын әрбір жұмыс құрылымдардан тұрады, мақсаты, міндеттері, әдістемелік жаңалығы және автор оның тиімділігін бағалауы болуы тиіс.
3.3. Әрбір әзірлемеде қолданылатын немесе жобаланатын педагогикалық әдістер мен білім беру және тәрбиелеу құралдары анықталуы тиіс.
3.4. Әзірлемелер оқушылардың кез-келген санаты үшін ұсынылуы мүмкін: қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері; мамандандырылған орта білім беру мектептер оқушылары; кәсіптік білім беру оқушылары.

 

4. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ
4.1. Дайындық (өтінімді жіберу, қатысушының суреті және жұмыс):
20.09 мен 20.11.2024 ж. аралығында.
Негізгі. Материалдың конкурс талаптарына сәйкестігін тексеру: 21.11-09.12.2024 ж. Конкурстық материалға сараптамалық бағалау жүргізу: 10.12-20.12.2024 ж.
Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау - қатысушылардың электрондық мекен-жайына дипломдар жіберу, ҚазҰӨУ сайтында конкурс нәтижелері туралы ақпаратты жариялау: 10.01.2025 ж. дейін.
4.2. Конкурсты ұйымдастырушы қатысушыларды ҚазҰӨУ сайты арқылы өзгерістер туралы хабардар етіп, оның кестесін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

5. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
5.1. Байқауға қатысу тегін.
5.2. Үміткер осы Ереженің барлық талаптары бойынша грамматикалық қателерсіз ресімделген әзірлемелерді, өтінімдерді music_art_master@mail.ru электрондық пошта мекен-жайына жолдауы қажет.


6. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

6.1. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған материалдарды үшінші тұлғалардың пайдалануына тек ғылыми және білім беру мақсатында ғана жол беріледі. Оларды үшінші тұлғалардың коммерциялық мақсатта пайдалануына тыйым салынады.
6.2. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған жұмыстарды немесе олардың бөліктерін пайдаланған кезде олардың авторын көрсету және дереккөзге сілтеме жасау қажет. Авторлық құқықтың сақталуына әзірлемені ұсынған конкурсқа қатысушы жауапты болады. 6.3. Конкурсты ұйымдастырушы жауапты емес:
а) авторлардың үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін;
б) конкурсқа ұсынылған материалдардың мазмұнына, сапасына және үшінші тұлғалардың пайдаланғаны үшін;
в) ұсынылған материалдарды тиісінше пайдаланбау нәтижесінде конкурсқа қатысушылар немесе үшінші тарап шеккен тікелей немесе жанама шығындар үшін.


7. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
7.1. Номинациялар бойынша конкурстың қазылар алқасы ұйымдастыру комитетінің отырысында бекітіледі.
7.2. Қазылар алқасының құрамына мәдениет, білім және ғылымның жетекші қайраткерлері кіреді.
7.3. Қазылар алқасының шешімі нақты түпкілікті болып табылады және талқылауға жатпайды.

8. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
8.1. Конкурсқа қатысушылар өтінімде көрсетілген электрондық мекен-жайға I, II, III дәрежелі электрондық ДИПЛОМ, қатысушы дипломын алады.   8.2.        5 және одан да көп қатысушылардың қатысуын ұйымдастырған оқу орны «КОНКУРСТЫҢ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫСЫ» дипломын алады.
8.3. Байқау нәтижелері бойынша қазылар алқасы ұсынған үздік жұмыстар «Педагогикалық шеберлік – 2024» жинағында жариялануы мүмкін.

9. ӨТІНІМДІ ҚАБЫЛДАМАУ
Үміткердің ұсынған жұмысы осы Ереженің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа қатыстырудан бас тартуы мүмкін.  


10. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
- «Электрондық оқу құралы» номинациясы
- «Заманауи сабақ» номинациясы
- «Авторлық оқу бағдарламасы» номинациясы
- «Сабаққа презентация» номинациясы
- «Әдістемелік әзірлеме» номинациясы
- «Шығармашылық даму» номинациясы
- «Ғылыми жоба» номинациясы
- Еркін номинация (қатысушыға өз тақырыбын ұсынуға мүмкіндік беріледі).


11. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

11.1. Конкурстық жұмыс негіздемені қамтуы тиіс:
- мақсатты аудитория-мамандықтар, сыныптар, курстар;
- оқу құралын, электронды оқулықты, бағдарламаны, әзірлемелерді, шығармашылық тапсырмаларды, презентацияларды және т.б. пайдалану мақсаттары (оқу үрдісіне енгізу, материалды бекіту, бақылау сабағы, курс бойынша білімін бағалау, олимпиада, үй тапсырмасы, қашықтықтан оқыту және т. б.).
11.2. Конкурстық жұмысқа әдістемелік түсініктеме жолдануы тиіс:
а) мақсаты, міндеті, әдістер;
б) жұмыс құрылымы;
в) болжамды / сыналған нәтижелер;
г) қажетті жабдықтар (қажетті компьютерлік бағдарламалар, аудиторияны материалдық қамтамасыз ету және т. б.);
д) апробация материалдары (фото, видео, сауалнамалар және т.б.) - бар болса.
11.3. Тікелей конкурстық жұмыс құрылымы бойынша регламенттелмейді және жазылған номинацияға сәйкес жасалады.


12. ХАТ АЛМАСУ
12.1. Өтінімдер мен конкурстық материалдар конкурстың электрондық мекен-жайына жіберіледі: music_art_master@mail.ru (20.11.2024 ж. жылдан кешіктірмей).
12.2. «Хаттың тақырыбы» бөлімінде номинацияның атауы жазылады (мысалы: «Электрондық оқу құралы»). Хатқа мынадай түрде жазылған фотосурет, өтінім және конкурстық жұмыс қоса тіркеледі: Фото Аты-жөні; Аты-жөні, өтінім. Номинацияның тауы; Аты-жөні әзірлеме Номинацияның атауы (Мысалы: Фото_Аблаев; Аблаев өтінім Электрондық оқу құралы; Аблаев әзірлеме. Электрондық оқу құралы).
12.3. Бірнеше номинацияларға қатысқан кезде - әр номинация бойынша жеке хат қажет.
12.4. Бес жұмыс күні ішінде үміткерге жұмысты қабылдау немесе қабылдамау туралы жауап жіберіледі. Жауап алынбаған жағдайда өтінімді қайтадан жолдау қажет.


13. БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
13.1. Конкурсты өткізу бойынша барлық сұрақтар мына электрондық мекен-жайға жолдансын: music_art_master@mail.ru
13.2 Байланысатын тұлғалар: Акпарова Галия Толегеновна +7 702 827 0613, Харламова Татьяна Валерьевна +7 775 857 1569 (WhatsАрp).

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ НЫСАНЫ


Қатысушының Т.А.Ж.
(толығымен дипломдарды толтыру үшін)

 

Номинация

 

Әзірлеменің аты

 

Оқу орнының атауы

 

Қатысушының электрондық мекен-жайы

 

Қатысушының телефоны

 

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.