УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық конкурстар

Халықаралық конкурстар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі Композитор Балнұр Қыдырбектің 70 жылдығына арналған «Музыкалық әлем: композитор және дәуір» атты I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Музыкалық әлем: композитор және дәуір» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті 2025 жылғы 14–15 қарашада Астана қаласында «Музыкалық әлем: композитор және дәуір» атты халықаралық конференция өткізеді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, композитор Балнұр Қыдырбектің 70 жылдығына арналады.

Конференция аясында Б.Қыдырбектің шығармашылық мұрасы, заманауи композиторлық өнердің өзектілігі мен ғылыми негізделуі талқыланады. Іс-шараға отандық және шетелдік музыкатанушылар, фольклортанушылар, композиторлар, өнертанушылар, шығыстанушылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, докторанттар (PhD) мен магистранттар қатысады.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: тарихи уақыттың мәдени трансформациясы мен авторлық стиль призмасы арқылы композиторлық тәсілдердің алуан түрлілігін пайымдау.

  • ХХ–ХХІ ғасырлардағы композиторлық мектептер мен бағыттардың шығармашылық стратегияларын талдау;
  • Дәуір және композиторлық стильдің өзара байланысын анықтау;
  • Қазақстандық және әлемдік музыкалық зерттеулердің жаңа бағыттарын таныстыру;
  • Халықаралық және пәнаралық ғылыми диалог алаңын қалыптастыру.

Тақырыптық бағыттар

  1. Музыкатанушылар еңбектеріндегі композиторлық өнер;
  2. Инновациялар мен жасанды интеллекттің рөлі;
  3. Жанрлар және олардың түрленуі;
  4. Ірі формалар мәселесі;
  5. Пәнаралық зерттеулер;
  6. Халықтық кәсіби шығармашылық пен фольклор;
  7. Б.Қыдырбектің шығармашылығы қазақ өнері контексінде;
  8. «Реквием»: өткен мен бүгінгі.

Қатысу форматы

  • Бетпе-бет баяндама (офлайн)
  • Онлайн баяндама
  • Стендтік баяндама

Регламент: баяндама – 20 минутқа дейін, пікірталас – 5 минутқа дейін.

Материалдарды жариялау

Конференция қорытындысы бойынша мақалалар электронды жинақ түрінде жарық көреді (КазҰӨУ сайтында жарияланады).

Мақала талаптары

  • Көлемі – 20 000 таңбаға дейін (7–8 бет);
  • Форматы – Word (.doc/.docx/.rtf);
  • Қаріп – Times New Roman, 12 pt, жоларалық интервал – 1;
  • Беттегі сілтемелер – бетасты (Ctrl+Alt+F), шаршы жақшада;
  • Тақырып – бас әріппен, ортасынан теңестіру;
  • Аннотация және түйін сөздер – үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын);
  • Аннотация – 100–150 сөз, түйін сөздер – 10-ға дейін;
  • Абзац шегінісі – 1,25 см; бет бағыты – тік; шеттері: жоғары/төмен – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см;
  • Мәтін түпнұсқалығы – кемінде 70%.

Материалдарды жіберу мерзімдері

  • Өтініш және аннотация – 2025 жылғы 10 қазанға дейін
  • Толық мақала мәтіні – 2025 жылғы 25 қазанға дейін

Материалдарды мына электронды поштаға жіберу қажет: gakparova@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті

Акпарова Галия Толегеновна
Курмангалиева Меруерт Санатовна
Кузбакова Гульнар Жанабергеновна – +7 701 761 6100

Өтетін орны

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.
Күні: 2025 жылғы 14–15 қараша
Басталуы: сағат 10:00

Қосымша ақпарат

Қатысу туралы өтіні - Заявка на участие - Application form.docx

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.