УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық конкурстар

Халықаралық конкурстар

«АСТАНА-МЕРЕЙ» XXІ XАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

 «АСТАНА-МЕРЕЙ» XXІ XАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

1-5 желтоқсан, 2025 жыл

Астана, Қазақстан

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • «Astana – Мегеу» ХХІ Халықаралық орындаушылар байқауы (бұдан әрі - конкурс) 2025 жылғы 1-5 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді.
  • Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР МАМ) қолдауымен «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚазҰӨУ РММ) базасында өткізіледі.
  • Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Тәуелсіздік 50, Астана қ., Сарайшық ауданы, Қазақстан Республикасы. 
  • Тел. 8 747 631 46 52 Эл.пошта – merey.competition@gmail.com
  1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, талантты, дарынды орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында талантты адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Үздік дәстүрлер мен жетістіктерді, ұлттық, әлемдік мәдениет пен өнерді жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру; 
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыру, рухани және мәдени құндылықтармен алмасу;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін сақтау, өркендету, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және оның дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеуге, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылуға ықпал ету.
  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІМЕН МЕН ШАРТТАРЫ
  • Байқауды Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ РММ 2025 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Мекенжайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы., 33.

  • Конкурсқа қатысуға 6 жастан 18 жасқа дейінгі әлемдік қоғамдастықтың барлық елдерінің өкілдері шақырылады. Тұрғылықты жері мен азаматтығына байланысты шектеулер жоқ.
  • Конкурс 1 кезеңнен тұрады (4-ші жас тобы 2 кезеңнен тұрады).
  • Конкурс төрт жас тобында өткізіледі:

- 1-топ: 6-12 жасқа дейін (қоса алғанда)

- 2-топ: 13 жастан 14 жасқа дейін (қоса алғанда)

- 3-топ: 15 жастан 16 жасқа дейін (қоса алғанда)

- 4-Топ: 17 жастан 18 жасқа дейін (қоса алғанда)

  • Конкурс осы номинациялар бойынша өткізіледі:

Ағаш үрмелі аспаптар

  • «Флейта» Номинациясы
  • «Гобой» Номинациясы
  • «Кларнет» Номинациясы
  • «Фагот» Номинациясы
  • «Саксофон» Номинациясы

Мыс үрмелі аспаптар

  • «Валторна» Номинациясы
  • «Труба» Номинациясы
  • «Тромбон» Номинациясы
  • «Туба» Номинациясы

Ұрмалы аспаптар

  • Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің конкурс басталғанға дейін жеребе тастауымен айқындалады және конкурстың соңына дейін сақталады.
  • Өткен жылдардың орындаушылар конкурсында жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша Гран-при және 1 орын алған жеңімпаздар конкурсқа қатыса алмайды.
  • Әр қатысушы тек бір номинацияға қатыса алады.
  • Қатысушылар ұсынған бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  • Барлық шығармалар жатқа орындалуы тиіс. Әр шығарма тек бір рет орындалуы тиіс.
  • Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
  • Байқау лауреаттарын дайындаған ұстаздар мен концертмейстерлер байқау аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде Google диск арқылы онлайн алғыс хаттармен марапатталады.
  • Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді.
  • Конкурсқа қатысу және келу бойынша барлық шығыстарды қатысушылар өздері көтереді.
  • Техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдары және балалар музыка мектептері мен арнайы музыка мектептері әрбір номинация (аспап және жас тобы) бойынша конкурсқа қатысуға тек екі қатысушы ұсына алады.
  • Конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан (ҚазҰӨУ) әр номинация бойынша үш қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
  • Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
  • Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етпейді.
  • Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:

Гран-при (Барлық номинациялар бойынша бір)

  • І орын және лауреат атағы;
  • II орын және лауреат атағы;
  • III орын және лауреат атағы;
  • Диплом
  1. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесі нұсқауларды қамтиды:

4.1. ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;4.2. Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы, EGOV);4.3. Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банк мөрі бар шоттың болуы туралы анықтама). (ҚазҰӨУ студенті болсаңыз және Forte Bank банкінен стипендия алсаңыз, Forte Bank шотын ұсынуыңыз қажет. Бұл құжатты телефоныңыздағы банктің мобильді қосымшасынан алуға болады.) Жүктейтін файлдар PDF форматында болғандықтан, конкурсқа тіркелу компьютер арқылы ыңғайлырақ болады.4.4. Өтінімдер 2025 жылдың 14 қараша(қоса алғанда) сағат 18:00 (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады. Ұйымдастыру комитеті қатысуға өтінімді жіберген үміткерлерге өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға қабылданғаны туралы растауды жібереді.

  • Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
  • Өтініш, сондай-ақ басқа құжаттар пошта арқылы қабылданбайды.
  • Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2025 жылдың 14 қарашаға дейін competition@gmail.com поштасына ұсынуы тиіс.
  • Конкурсқа қатысушылардың, қатысушыға жауапты оқытушының және концертмейстерлердің іс-сапар шығындары (жол ақысы, жатын орны, тамағы) конкурсқа жіберуші жақтан қарастырылады.
  • Ұйымдастыру комитеті шақыруды тек конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушыларға жібереді.
  • Баспа материалдарындағы аты-жөндер (сертификаттар мен дипломдарда) қатысушының өтініші бойынша басылады.
  • Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі edu.kz сайтының «Шығармашылық» - «Халықаралық конкурстар» бөлімінде жарияланады.
  • Конкурсты бейнежазбаға түсіруге тек конкурсты ұйымдастырушыларға рұқсат етіледі. Қатысушыларды кез келген бейне құрылғымен, соның ішінде телефонмен түсіруге тек ұйымдастыру комитетінің рұқсатымен ғана рұқсат етіледі. 145-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  • Шет елдерден келген қатысушыларға арналған ереже: Қатысуға шақыру алған қатысушылар өз елінен жол жүру құжаттарын алу үшін Сыртқы істер министрлігіне (СІМ) хабарласуы керек. Бәсекелестік жөніндегі дирекция барлық қажетті шақыруларды ұсынады, бірақ рұқсаттар мен байланысты шығындарға жауапты емес.
  • Ұйымдастыру комитетінің конкурсты трансляциялауға, дыбыс және бейнежазбаға, сондай-ақ осы материалдарды одан әрі пайдалануға айрықша құқығы бар.
  • Оқытушылар, концертмейстер, сондай-ақ қатысушыларға жауапты тұлғалар қазылар алқасы мүшелерінің жұмысына араласуға тыйым салынады. Бұл ереже бұзылған жағдайда осы қаланың барлық қатысушылары байқаудан шеттетіледі.
  1. Ұйымдастыру комитеті
  • Байқауды ұйымдастыру комитетінің құрамы К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  • Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  • Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу барысында туындаған басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
  1. Байқаудың қазылар алқасы
  • Конкурстың қазылар алқасы құрамы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  • Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс. 
  • Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  • Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
  • Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  • Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
    • Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
    • Қатысушылардың саны 14 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
  • Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
  • Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
  • Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

Байқаудың кестесі (нақты кестені конкурсқа бір апта қалғанда электрондық пошта арқылы аласыз)

30 қараша:

Қатысушылардың келуі, акустикалық дайындықтар

1 желтоқсан:

09:00 – Жеребе тарту

11:00 – Байқаудың салтанатты ашылуы. Жеңіс 33 (Орган залы)

14:00 - 19:00 - Барлық номинациялар бойынша І-кезеңнің басталуы

2 желтоқсан:

10:00 - ІІ-ші кезең

3 желтоқсан:

10:00 – ІІ кезеңнің жалғасы

Байқау аясында шеберлік сыныптары мен концерттер

4 желтоқсан:

Бос күн

5 желтоқсан: 17:00 - Байқаудың салтанатты жабылуы

 

КОНКУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

Ағаш үрмелі аспаптар номинациясы

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

ФЛЕЙТА

 

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Ф. Швиндль «Концерт D-dur» 1 бөлім каденциямен бірге;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. С. Шаминад «Концертино» ор.107;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. К. Райнеке «Концерт D-dur ор.283» 1 бөлім;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Ф. Борн «Блестящая фантазия на темы оперы «Кармен».

II кезең

  1. Ж. Ибер «Флейтаға арналған концерт» 1-бөлім;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

 

 

 

 

 

 

ГОБОЙ

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  2. Қатысушының таңдауы бойынша

а) А. Вивальди (концерттерінің бірі, барлық бөлімдер);

б) Т. Альбинони (концерттерінің бірі, барлық бөлімдер);

в) Б. Марчелло Концерт d-moll (барлық бөлімдер).

 

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Й. Гайдн «Концерт C-dur» 2-3 бөлім;

б) Я. Стамиц «Концерт» 2-3 бөлім;

в) А. Лебрун «Концерт d-moll» 2-3 бөлім.

 

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Ф. Кроммер-Крамарж «Концерт F-dur №1 ор.37» 1 бөлім н/е 2-3 бөлім;

б) Ф. Кроммер-Крамарж «Концерт F-dur №2 ор.52» 1 бөлім н/е 2-3 бөлім;

в) Ф. Гидаш «Концерт D-dur» бөлім н/е 2-3 бөлім.

 

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

І кезең

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут). Қазақстандық қатысушылар С. Абдинуровтың бір шығармасын:

а) «Причитание»;

б) «Атамекен»;

в) «Трансфигурейшн»;

г) А. Абдинуров «Теберік»;

  1. Қатысушының таңдауы бойынша Ш. Коленің «Конкурстық сололарының» бірі:

а) «Конкурсное соло № 5»;

б) «Конкурсное соло № 6»;

в) «Конкурсное соло № 7»;

г) «Конкурсное соло № 8».

ІІ кезең

  1. Я. Гуммель «Адажио и тема с вариациями op.102».

 

КЛАРНЕТ

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Кең көлемдегі шығарма (Концерт (1 н/е 2-3 бөлімдер) концертино, соната,сонатина, фантазия және т.б.

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Ф. Крамарж «Концерт» 1 н/е 2-3 бөлімдер;

б) Г. Доницетти «Концертино»;

в) Н.М. Римский-Корсаков «Концерт» ;

г) К.М. Вебер «Концертино»;

д) К.М. Вебер «Концерт №1» 1 н/е 2-3 бөлімдер.

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Ю. Риц «Концерт» 1 н/е 2-3 бөлімдер;

б) И. Манн «Концерт» 1 н/е 2-3 бөлімдер;

в) К.М. Вебер «Концерт № 2» 1 н/е 2-3 бөлімдер;

г) К.М. Вебер «Большой концертный дуэт» 2-3 бөлімдер.

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

І кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Э. Боцца «Буколика», «Каприз-импровизация»;

б) Б. Мартину «Сонатина»;

в) Э. Шоссон «Анданте и Аллегро»;

г) К. Дебюсси - Первая рапсодия;

д) Ш. Видор «Интродукция и Рондо»;

е) Э. Каваллини «Адажио и Тарантелла».

  1. Ф. Девьен «Соната №1-4» 1 бөлім.

ІІ кезең

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  2. Л. Шпор «Концерт №1-4» 1 бөлім.

ФАГОТ

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Екі әртүрлі сипаттағы шығарма.

ІІ топ 13-14 жасқа дейін

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Г.Ф. Телеман «Соната F-dur»;

б) Г.Ф. Телеман «Соната e-moll»;

в) Б. Марчелло «Соната e-moll».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін(қоса алғанда)

  1. А. Вивальдидің концерттерінің бірі (толығымен);
    1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. А. Вивальдидің концерттерінің бірі (толығымен);
  2. Э. Бурдо «Концертное Соло №1».

II кезең

  1. Ф. Давид Концертино ор.12.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САКСОФОН-СОПРАНО, САКСОФОН-АЛЬТ, САКСОФОН-ТЕНОР

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Екі әртүрлі сипаттағы шығарма.

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. П.Итурральде «Маленький чардаш»;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Ж. Демерссман «Фантазия»;

б) А. Юяма «Дивертисмент».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. И.С. Бах «Прелюдия» из «Сюиты №2»;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІ кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Р. Бутри «Дивертисмент»;

б) П. Женин «Венецианский карнавал»;

в) Г. Калинкович «Паганини тақырыбына Концерт-каприччио»;

г) Ж. Ибер «Камерное концертино» 1-2 бөлімдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мыс үрмелі және ұрмалы аспаптар номинациясы

(валторна, труба, тромбон, туба және ұрмалы аспаптар)

ВАЛТОРНА

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. И. Шкроуп «Волторнаға арналған концерт».
  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) В.А. Моцарт «№1 Волторнаға арналған концерт» (полностью);

б) В.А. Моцарт «№3 Волторнаға арналған концерт» (полностью).

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Ф. Штраус «Интродукция, тема и вариации»;

б) К. Сен-Санс «Концерттік пьеса».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) П. Дюка «Виланелла»;

б) Э. Боцца «В лесу»;

в) А. Малькольм «Фантазия».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІ кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) В.А. Моцарт «Волторнаға арналған концер №2» 1ч. или 2-3 ч.ч.;

б) В.А. Моцарт «Волторнаға арналған концерт №4» 1 бөлім каденциямен н/е 2-3 бөлімдер;

в) Р. Глиэр «Оркестрмен волторнаға арналған концерт» 1 бөлім н/е 2-3 бөлімдер.

 

 

 

ТРУБА

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Г. Крумпфер «Тема с вариациями».
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Ж. Металлиди «Трубаға арналған концерт» 1 бөлім;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Я. Неруда «Трубаға арналған концерт» 2-3 бөлімдер;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. С. Василенко «Трубаға арналған концерт» 1 н/е 2-3 бөлімдер;
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

II кезең

  1. Ч. Нурымов «Трубаға арналған концерт».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(ТЕНОР / БАРИТОН)

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) В. Щелоков «Детский концерт»;

б) Л. Коган «Концерт»;

в) И. Мангушев «Детский концерт»;

г) Г. Крумпфер «Тема с вариациями»;

д) А. Диабелли «Сонатина».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

 

 

 

ТРОМБОН

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Р. Паке «Концерт №1»;

б) Б. Кноп «Тема с вариациями»;

в) М. Варнеке «Концертная пьеса»;

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) Е. Рейхе «Концерт №1»;

б) Э. Заксе «Концертино»;

в) Н.А. Римский-Корсаков «Концерт» барлық бөлімдері;

г) В. Блажевич «Концерт №4».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТРОМБОН, БАС-ТРОМБОН

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша Ежелгі сонаталардың бірі А. Марчелло, Б. Марчелло, Х. Гальярд, Дж. Перголези 1-2 н/е 3-4 бөлімдер.
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) К. Сен-Санс «Каватина»;

б) А. Гильман «Симфоническая пьеса»;

в) К.М. Вебер «Романс»;

г) В. Блажевич «Концертный эскиз №5»;

д) Ж. Бара «Анданте и Аллегро»;

е) Р. Бутри «Хорал и вариации.

II кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша

а) В. Блажевич «Концерт №2»;

б) В. Блажевич «Концерт №5»;

в) В. Блажевич «Концерт №7»;

г) Н.А. Римский-Корсаков «Концерт»;

д) Ф. Давид «Концертино».

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

БАС-ТРОМБОН

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша Ежелгі сонаталардың бірі А. Марчелло а-moll., Б. Марчелло B-dur., Г .Телеман- f-moll., Х. Гальярд 1-2 н/е 3-4 бөлімдер.
  1. Қатысушының таңдауы бойынша

а) Э. Бозза «Прелюдия и Аллегро»;

б) А. Гильман «Симфоническая пьеса» b-moll;

в) Я. Куцир «Аллегро Маэстозо»;

г) А. Лебедев « Концертное аллегро»

II кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) А.Лебедев Концерт

б) Э.Заксе Концертино

в) Э.Эвайзен Концертино

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).

 

 

 

ТУБА

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  1. Қатысушының таңдауы бойынша:

а) В. Блажевич «Миниатюра №7»;

б) А. Берлин – Баллада ;

в) Л. Колодуб – Юмористическая кадриль;

г) Н. Раков – Туба мен фортепианоға арналған Сонатина;

д) D. Uber – ROMANCE for Tuba and Piano.

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы (3-5 минут).
  2. Қатысушының таңдауы бойынша кеңейтілген көлемдегі шығарма:

а) А. Лебедев – «Туба мен ф-ға арналған Коцерттік аллегро»;

б) А. Леонов – «Туба мен ф-ға арналған Коцерттік этюд»;

в) А. Гилев – «Туба мен ф-ға арналған Частушка»;

г) Frank Simon – Zillertal;

д) A. Catozzi – Beelzebub (Air Varie).

II кезең

  1. Қатысушының таңдауы бойынша үлкен көлемдегі шығарма:

а) Б.Марчелло «Соната Фа-мажор»;

б) A.Corelli – Sonate #7 (adapt. Clude Chevaillier)

в) Д.Генделев – Драмалық концертино;

г) А.Лебедев – «Туба мен ф-ға арналған Коцерт»;

д) Don Haddad – Suite for Tuba;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰРМАЛЫ АСПАПТАР

 

 

 

І топ 12 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Қатысушының таңдауы бойынша ксилофон аспабында бір шығарма:

а) В.А. Моцарт «Рондо» обр. Ф. Крейслера;

б) В.А. Моцарт «Увертюра к опере «Свадьба Фигаро»;

в) А. Долуханян «Скерцо»;

  1. Кіші барабан аспабында бір шығарма.
  2. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы.

ІІ топ 13-14 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы.
  2. Қатысушының таңдауы бойынша маримба аспабында Н.Живковичтің бір шығармасын:

а) «Prokleti Koreni»;

б) «Song for Simone»;

в) «Ballade fur Petra»;

г) «Johnny's Shuffle»;

  1. Мультиперкашн E.Buyle «Roll on».

ІІІ топ 15-16 жасқа дейін (қоса алғанда)

  1. Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы.
  2. Н.Росауро «Концерт №2» кез-келген бір бөлімін;
  3. Қатысушының таңдауы бойынша вибрафон аспабында бір шығарма:

а) I. Lesnik «First toy»;

б) A. Pushkarev «The Little Jazz-Waltz»;

в) N. Zivkovic «Rock song».

  1. Малый барабан J. Wanamaker таңдау бойынша бір «Конкурсное соло»

 

ІV топ 17-18 жасқа дейін (қоса алғанда)

I кезең

  1. Вибрафон: Конкурсқа қатысушы ұсынатын ел композиторының туындысы
  2. Ксилофон аспабында таңдау бойынша:

а) F. Werle «The Golden Age of the Xylophone»;

б) А. Баццини «Хоровод гномов»;

в) К. Сен-Санс «Интродукция и Рондо-капричиозо».

  1. Малый барабан: G.Gauthreaux «American suite» 4 бөлім.

II кезең

  1. Маримба аспабында таңдау бойынша:

а) L. Albert «Five scenes on Sakura»;

б) N. Zivkovic «Northwind»;

в) K. Abe «Wind in the bamboo grove»;

  1. Мультиперкашн: Ж.Баллиса «Концертино» 1 бөлім.

* Барлық шығармалар жатқа орындалады.

* Қатысушылардың жасы талаптарға сай болуы керек.

* 1-турда, 2-турда орындалған шығармалар қайталанбайды.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.