УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Халықаралық конкурстар

Халықаралық конкурстар

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Музыка. Тұлға. Тарих.»

Ақпараттық хат

«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ

Сіздерді

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА
«Музыка. Тұлға. Тарих.»

Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің өнертану докторы, профессоры

Дана Жүнісбекқызы Жұмабекованың

туғанына 70 жыл толуына арналған конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2026 жылғы 22 қазанда сағат 14:00-де мына мекенжайда өтеді: 010000, Астана қаласы, ҚазҰӨУ, Тәуелсіздік даңғылы, 50, Ақим-Тарази атындағы конференц-зал, 212-кабинет.

Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары

  • Музыка өнеріндегі тұлғаның рөлі;
  • Орындаушылық интерпретация мәселелері;
  • Музыка өнері: дәстүрлерді сақтау және дамыту, жаңа мазмұнды іздеу;
  • Отандық музыка ғылымы, педагогикасы және мәдениет мектебі;
  • Музыкалық орындаушылық өнер саласындағы педагогикалық шеберлік.

Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, орындаушылар, композиторлар, музыкатанушылар шақырылады.

Қатысу түрлері: офлайн және онлайн (баяндамалар мен бейнебаяндамалар ұсыну арқылы). Баяндама жасау уақыты — 10 минут.

ZOOM конференциясына сілтеме конференцияға 1 күн қалғанда ұсынылады.

Ұйымдастыру комитеті, конференцияның редакциялық алқасы

Төраға

Останькович Дмитрий Валерьевич, «Академиялық музыка» факультетінің деканы

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі

Тлеугабылова Гүлнар Тасбатырқызы, ішекті аспаптар кафедрасының аға оқытушысы
Электрондық пошта: gulnart@mail.ru

Конференция жинағы материалдарының жауапты ғылыми редакторлары

Тлеугабылова Г.Т., Капеу-Коханова М.Б.

Конференцияға қатысу шарттары

  1. Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 1 қазанды қоса алғанда ұйымдастыру комитетінің gulnart@mail.ru немесе danazhumabekova@mail.ru электрондық пошталарына Word форматында көлемі 6 беттен аспайтын мақала мәтінін жіберу қажет.
  2. Мақаланы жібермес бұрын оның мәтінін орфография, дереккөздерге сілтемелер, дәйексөздерді рәсімдеу және басқа да талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру қажет.
  3. Келіп түскен материалдар рецензияланып, Антиплагиат жүйесінде тексеріледі. Мәтіннің түпнұсқалығының төменгі шегі — 75%. Редакциялық алқа конференция тақырыбына, рәсімдеу сапасына сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген мерзімнен кеш түскен материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
  4. Магистранттар мен докторанттар дайындаған мақалалар ғылыми жетекші туралы мәліметтер болған жағдайда қабылданады.
  5. Иллюстрацияларға қойылатын талаптар: олар мақала мәтінінің ішінде орналастырылуы және сапасы жоғары болуы тиіс. Суреттердің атауы мен нөмірі суреттің астында, кестелердің атауы мен нөмірі кестенің үстінде көрсетіледі. Кестелер, сызбалар, суреттер мен формулалар көрсетілген жиектерден аспауы тиіс. Мәтінде кестелерге, суреттерге және формулаларға сілтемелер олардың нөмірлерін көрсете отырып берілуі қажет. Мақаладағы кестелер мен сызбалар зерттеу нәтижелерін жинақталған түрде көрсетуі тиіс.
  6. Мақалада белгілі бір автордың немесе зерттеушінің аты-жөні аталған жағдайда, оның әдебиеттер тізіміндегі тиісті жарияланымына сілтеме берілуі тиіс.

Қосымша ақпарат

Правила оформления рукописей.docx
Қолжазбаларды рәсімдеу ережелері.docx

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.