АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектің қарқынды дамуы жағдайында, өнер саласындағы шығармашылық және ғылыми қызметтің мазмұны мен жүзеге асу тәсілдерін жаңаша қалыптастыруда. Бұл үдерістер өнер туындыларын жасау, зерттеу, сақтау және пайымдау бағыттарына тың мүмкіндіктер ашып, цифрлық ортаның кәсіби қызметтегі маңызын арттыруда. Сонымен қатар көркемдік ойлау жүйесінің, зерттеу әдістерінің және білім беру тәжірибесінің жаңаруына ықпал етуде.
Осыған байланысты К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
«ӨНЕР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ»
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЖАҢА ӘДІСТЕР – ЖАҢА МАҒЫНАЛАР
XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп,
конференция материалдарының электрондық жинағын жариялайды
Жинаққа ISBN беріледі, сондай-ақ ӘОЖ және ББК жіктеу индекстері тағайындалады.
Конференция өнердің цифрлық трансформациясына, ғылыми және білім беру қызметінде жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолдануға байланысты өзекті мәселелерді талқылау үшін зерттеушілерді, оқытушыларды, орындаушыларды, шығармашылық кәсіп өкілдерін, докторанттарды, магистранттарды және жас ғалымдарды біріктіреді.
Конференцияға қатысу тегін.
Өткізу орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50
К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
Өткізу уақыты: 2026 жылғы 10–12 желтоқсан
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 5 желтоқсан.
Мақалалардың толық мәтіндерін қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 желтоқсан.
Электрондық сертификаттарды жіберу мерзімі: 2027 жылғы 10 қаңтардан бастап.
Электрондық жинақты жіберу мерзімі: 2027 жылғы 25 қаңтардан бастап.
Ұйымдастыру комитеті көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдарды қабылдамауға құқылы.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Цифрлық дәуірдегі көркем мәтін метаморфозалары.
- Экрандық өнер және визуалды код.
- Цифрлық ортадағы мұра және архив.
- Жаңа әдістерді іздеудегі өнертану.
- Жаңа буынның көркемдік/музыкалық білімі.
Қатысу форматы: дәстүрлі/қашықтықтан.
Қатысушыларға электрондық сертификат беріледі.
Конференция материалдарын мына электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет: confastana2025@gmail.com
Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық пошта мекенжайына хабарласуға болады: confastana2025@gmail.com
Байланыс телефондары:
8 775 857 15 69 (Харламова Татьяна Валерьевна),
8 702 487 8400 (Габдрашитова Камила Алимжановна)
Хаттың тақырыбы: «Автордың ТАӘ – КОНФЕРЕНЦИЯ 2026».
Хатқа жариялауға ұсынылатын материалдар файлын тіркеу қажет.
Тезистер файлының атауында секция нөмірі мен бірінші автордың тегі көрсетілуі тиіс (мысалы: 3-Базаров).
Сауалнама файлының атауында автордың тегі көрсетілуі тиіс (мысалы: сауалнама-Базаров).
Хат жіберілгеннен кейін 3 тәулік ішінде мақаланы жариялауға қабылдау туралы жауап беріледі.
Барлық материалдар мәтіндік ұқсастыққа Antiplagiat жүйесі арқылы тексеріледі.
Тезистер автор ұсынған редакцияда жарияланады. Автор мәтіннің мазмұнына, ақпараттың дұрыстығына және түпнұсқалығына жауап береді.