Конкурстың мақсаты:
1. Қазақтың дәстүрлі күйлерін жастар арасында кеңінен насихаттап, төлтума қалпын сақтап орындауға баулу;
2. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер Университетінің қабырғасында дәстүрлі күй үлгілері биік деңгейде болуына ықпал ету;
3. Жас орындаушылардың сахналық - орындаушылық мәдениетін қалыптастыру;
4. Дәстүрлі күйшілік мектептерінің барлық жанрларын қамтитын кешенді тәжірибелік білім беру.
5. Сирек орындалатын, болмаса мүлде ұмыт бола бастаған күйлерді арнайы музыкалық білім беретін оқу орындарының студенттері арасында дәріптеу;
Қосымша ақпараттар
«Қос ішек» конкурсы домбыра кафедрасының жұмыс жоспарына сай, дәстүрлі түрде жылына бір рет өтеді. Конкурстық жобаның авторы - ҚазҰӨУ-нің доценті – Ж.Қадырқұлов, жобаға қолдау көрсетуші - Қазақ Ұлттық өнер Университетінің ректордың м.а., профессор А.Қ.Желтыргузов. Конкурс бағдарламасына жауапты - «Домбыра» кафедрасы. Конкурс бағдарламасын және конкурсқа қазылық ететін жюри мүшелерін ҚазҰӨУ-нің домбыра кафедрасының мәжілісі тағайындайды. Конкурс Махамбет Өтемісұлының 220 жылдық мерейтойына арналады.
Сырттан келетін қатысушылардың жол қаражаты, жатар орны, тамағы жіберуші жақтың есебінен өтеледі.
Конкурстың ережесі мен шарттары
Конкурсқа кәсіби білім беретін музыка колледжі, кәсіби музыкалық білім беретін бакалавр деңгейінде оқитын студенттер қатыса алады. Конкурсқа қатысушы сайыскерлер бағдарламаларды жатқа орындайды. Конкурс күй-тартыс (бірі тартқан күйін екінші сайыскер жалғап, келесі күйді орындайды) ретінде өтеді. Тартыс 20-30 минут аралығын қамтиды, төменде көрсетілген күйлер тізімінің толық орындалуы шарт. Орындалған күйлерге қойылатын жалпы талаптар:
1) Күйдің дәстүрін сақтау;
2) Техникалық тұрғыда таза меңгерілуі;
3) Сахна мәдениетінің (киім, отыру, артистизм) мүлтіксіз сақталуы;
4) Күй образын сақтау.
Конкурс барысында бағдарлама өзгермейді, күйдің нұсқаларының күй жинақтарындағы ноталарға сай орындалуы қадағаланады.
Жюри алқасы қажет деп тапса конкурсантты тоқтатуға, бас бәйгені және басқа да жүлделі орындарды тағайындамауға, орындарды бөліп беруге құқылы. Байқауда үздік өнер көрсетіп, кәсіби шеберлік танытқан өнерпаздарға арнайы марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Сайыс жеңімпаздарына конкурстың лауреаты атағы және осыған орай төмендегідей жүлделер тағайындалады:
Бірінші жүлде – біреу (150 000 тг.) (салық қоса алғанда)
Екінші жүлде – екеу (75 000 тг.) (салық қоса алғанда)
Үшінші жүлде – үшеу (50 000 тг.) (салық қоса алғанда)
Дипломант – он адам (30 000 тг.) (салық қоса алғанда)
Арайны жүлде – екі адам (20 000 тг) (салық қоса алғанда)
Гран при – біреу 300 000 тг. (включая налоги) (салық қоса алғанда)
Сонымен қатар ҚазҰӨУ - нің атынан дипломдар мен мақтау қағаздары тапсырылады.
Конкурс 2024 жылдың 5 Наурызында ҚазҰӨУ нің «Орган» залында өтеді. (Астана, Жеңіс 33)
Қажетті құжаттар:
- Өтініш (еркін формада)
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Астана қаласы, Абай даңғылы-47, ҚазҰӨУ, 1207 ауд.
Өтініштер 2024 жылдың 4 наурызға дейін қабылданады.
Эл.адрес: jumabek.kadirkulov@mail.ru
Телефон: 8-701-140-1918
Орындалатын күйлер тізімі
- Махамбет «Жауға шапқан»
- Махамбет «Арысымнан айрылдым»
- Махамбет «Жорық»
- Махамбет «Тарланым»
- Халық күйі «Ілме»
- Өскінбай «Пернебаспай»
- «Шүңкінің зар күйі»
- Қартбай «Қартбай ақжелең