КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ «МЕН СҮЙЕМІН ХАЛҚЫМДЫ»
І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
2024 жылғы 13-14 мамыр күндері Астана қаласында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақ Ұлттық өнер Университеті мен «Kenen Ata» қорының ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, әнші-композитор Кенен Әзірбаев атындағы 2 жылда 1 рет өткізілетін «Мен сүйемін халқымды» І республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтеді.
Аталған конкурс Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай өтеді.
Конкурстың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Кенен Әзірбаев» атындағы қор.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
- Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
- Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
- Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
- Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
- Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
- Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
КОНКУРСТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
- Конкурсқа жоғары музыкалық оқу орындары мен музыкалық колледждердің студенттері қатыса алады;
- I кезеңге алдын ала іріктеуден өткен 25 үміткерге жолдама беріледі;
- II кезеңге 12 үміткерге ғана жолдама беріледі;
4. К.Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының «Бас жүлдегерлері» мен «І орын» иегерлері қатыстырылмайды;
5. К.Әзірбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілетін конкурс болғандықтан I кезеңдегі орындалатын әндері екі тізімге бөлініп ұсынылады.
І кезең
- Үміткер өз қалауы бойынша халық әнін немесе халық композиторларының бір әнін орындайды.
- Бірінші тізімде көрсетілген К.Әзірбаевтың бір әнін орындайды:
Бірінші тізім:
- Ри қойым
- Жайсаң
- Ел қуанышы
- Анама
- Қызыл қайнар
- Қалады-ау
- Мөртай сұлу
- Аттан
- Нәсихаға
- Жайнады тыңым, жайнады
- Өтеді-ау өмір
- Балаларға
- Елімнің ерке жастары
- Жеңіс жылғы шаттық ән
- Нұрлы жаз
- Қордай
- Зұлқияның әні
- Жамбыл жыр
- Елу жылда – ел жаңа
- Адамның төрт мезгілі
- Өтеді-ау, жалған
- А, қыздар!
- Домбыра
- Туған жер
Екінші тізімде көрсетілген К.Әзірбаевтың бір әнін орындайды:
Екінші тізім:
- Алатау алабында
- Еңбекші елім
- Жаса Қазақстан
- Қайран ел қайда?
- Балдай бол
- Мөртай сұлу
- Оразжан
- Жас екпін
- Күләшқа
- Қайран жастық
- Ойжайлау
- Шырқа, даусым!
- Бастау
- Әнім қалсын (Т.Кененқызының нұсқасында)
- Гигигай
- Мен сүйемін халқымды
- Келінжан
- Жетпіс бес
- Сексен
ІІ кезең
1) Өз қалауы бойынша халық әнін немесе халық композиторларының бір әнін орындайды.
2) Үшінші тізімде көрсетілген К.Әзірбаевтың бір әнін орындайды:
Үшінші тізім
- Көкшолақ
- Тік шырқау
- Қазақстан аймағы
- Базар-Назар
- Бозторғай
- Көпшілік, тыңда әнімді
- Үрия-ай, дүние-ай
- Жаңа заң
- Бұлбұлға
- Бал құйылды даладан
- Біздің отан жеңеді
- Сынаптай сырғақ дүние-ай
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
- Жіберуші жақтың ұсыныс хаты (көшірмесі);
- Үміткердің жеке куәлігі (көшірмесі), байланыс телефоны;
- Үміткердің арнайы банктен анықтамасымен 20 сандық есепшоттық нөмірі;
- Шығармашылық өмірбаяны, ұстазы көрсетілуі керек (Word);
- JPEG форматтағы кәсіби сапалы көркем фотосуреті (электронды түрде);
- Конкурста орындалатын әндерінің тізімі;
- І кезеңде орындалатын 3 әннің mp4 үлгідегі бейнебаспасы (іріктеу үшін).
БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
- Орындаушылық шеберлігіне;
- Әннің әуені мен табиғатын бұзбай орындауына;
- Ән мәтінін дұрыс орындауына;
- Дауыс мәнері мен кеңдігіне (диапазонына);
- Сахна мәдениеті мен киім үлгісіне көңіл бөлінеді.
КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
- Қазылар алқасының құрамына музыкалық білімі мен ұстаздық тәжірибесі бар мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Қазылар алқасының 5 мүшесі болады. Оның құрамына Қазақ Ұлттық өнер Университетінің ұстаздары кіреді, К.Әзірбаевтың ұрпақтары атынан 1 адам және сырттан мамандар шақырылуы тиіс.
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Дауыстар тең бөлінген жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
- Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
- Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
- Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
- Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
- Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
- Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
КОНКУРС ЖҮЛДЕЛЕРІ:
- Бас жүлде 700 000 теңге және лауреат атағы (біреу);
- І орын 500 000 теңге және лауреат атағы (біреу);
- ІІ орын 300 000 теңге және лауреат атағы (екеу);
- ІІІ орын 200 000 теңге және лауреат атағы (екеу);
- Дипломанттар 100 000 теңге (алты)
- Алғыс хаттар 50 000 теңге (он үш)
КОНКУРСТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ:
1. Конкурсқа қатысушылардың жол шығыны жіберуші жақ немесе өздері көтереді;
2. Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді конкурсқа қатысу уақытында тамақпен және тұрғын жаймен қамтамасыз етеді;
3. Әуе, темір жолы және де көлік түрлерінің жүру кестесіне қарамастан, конкурстың белгіленген өту мерзімнен ерте келген қатысушылардың жүріп-тұру шығындарын ұйымдастыру комитеті көтермейді;
4.Үміткерлермен бірге келген жетекшілері барлық шығындарды өз тарапынан өтейді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
1. Өтінімдер 2024 жылғы 30 сәуіріне дейін қабылданады;
2. Қосымша ақпараттар: https://kaznui.edu.kz/ сайтына және Instagram (kaznuikz) әлеуметтік желілеріне салынады;
3. Жеребе тарту және дайындық уақыты: 2024 жылғы 13 мамыр, сағат 10.00-18.00 аралығы;
4. Конкурстың өту уақыты: 2024 жылғы 14 мамыр, сағат 09.00-18.00 аралығы;
5. Үміткер назарына! Кенен Әзірбаевтың әндерін, ноталары мен өлең мәтіндерін azirbayev.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Өтінімдер jaz-80@mail.ru электрондық поштаға немесе төмендегі мекен-жайға жолданады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай көшесі, 47. Қазақ Ұлттық өнер Университеті, Пошта индексі: 010000. Байланыс телефондары: Тел.: 8 7757485311.
Жауапты координатор: Данылбаева Жазгүл Ниязовна, Тел.: 87757485311.
ҚОСЫМША
Қазақ Ұлттық өнер Университетінің
Ректоры А.Желтыргузов
2024 жылғы 13-14 мамыр күндері Астана қаласында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Қазақ Ұлттық өнер Университеті мен «Kenen Ata» қорының ұйымдастыруымен өтетін қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, әнші-композитор Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» І республикалық дәстүрлі әншілер конкурсына
_____________________________________________________________________________
(ұсыныс жасаған мекеменің толық атауы)
_____________________________________________________________________________
(үміткердің толық аты-жөні)
қатысатындығын хабарлаймын.
Конкурсқа ұсынылатын құжаттары қоса тіркеледі.
|
Жіберуші жақтың ұсыныс хаты (көшірмесі); |
|
|
Үміткердің жеке куәлігі (көшірмесі), байланыс телефоны |
|
|
Үміткердің арнайы банктен анықтамасы мен 20 сандық есепшоттық нөмірі |
|
|
Шығармашылық өмірбаяны, ұстазы міндетті түрде көрсетілуі керек (электронды түрде) |
|
|
JPEG форматтағы кәсіби сапалы көркем фотосуреті (электронды түрде) |
|
|
Конкурста орындайтын репертуар тізімі:
І кезең:
II кезең: |
|
|
І кезеңде орындалатын 3 әннің mp4 үлгідегі бейнебаспасы (іріктеу үшін) |
|
Ректор _____________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды»
І республикалық дәстүрлі әншілер конкурсын
ұйымдастыру тобы
№ |
Қалалар,
облыстар |
Аты-жөні |
Қызметі |
Байланысу телефоны |
|
- Астана қаласы |
|
|
|
|
- Ақмола облысы
- Қарағанды облысы
- Ұлытау облысы |
|
|
|
|
- Алматы қаласы
- Алматы облысы
- Жетісу облысы |
|
|
|
|
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Павлодар облысы
- Қостанай облысы |
|
|
|
|
- Батыс Қазақстан облысы
- Атырау облысы
- Маңғыстау облысы |
|
|
|
|
- Қызылорда облысы
- Ақтөбе облысы |
|
|
|
|
- Шымкент қаласы
- Түркістан облысы
- Жамбыл облысы |
|
|
|
|
- Шығыс Қазақстан облысы
- Абай облысы |
|
|
|
- Республикалық конкурс 2024 жылғы 13-14 мамырда Астана қаласында өтеді.
- І кезеңде орындалатын 3 әннің бейнетаспадағы нұсқасын үміткер сахналық киімде орындап, алдын ала ұйымдастыру алқасына жолдайды. Іріктеуден өткендерге республикалық конкурсқа қатысуға хабарлама жіберіледі.