УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

ҚазССР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор Хорлан Калиламбекованың 80 жылдығына арналған ІІ республикалық вокалистер байқауы

ҚазССР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор Хорлан Калиламбекованың  80 жылдығына арналған ІІ республикалық вокалистер байқауының ережесі

Хорлан Калиламбекова- қазақ  өнерінде ерекше орын алатын опера әншісі, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаты, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының профессоры.
Байқаудың мақсаты: Қазақ опера өнерін дамыту, жас талантты опера әншілерін қолдау және кәсіби деңгейлерін көтеруге насихаттау және опера әншісінің репертуарындағы шығармаларды жаңғыртып, өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау.

Байқау құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары:

  • Қазақ ұлттық өнер университеті, «Вокалдық өнер» кафедрасы;
  • РҚБ «Вокалистер одағы»
  • Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театры.

Өткізілетін орны мен мерзімі: Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залы, 22-23 қараша 2024 жыл.
Байқаудың шарттары:
- Байқауға «Академиялық ән айту» бағыты бойынша кәсіби оқу орындарының студенттері және 18-27 жас аралығындағы опералық (академиялық) әншілер қатыса алады;
- Байқау 2 кезеңнен тұрады;
- Сыйлықтар екі санат бойынша бөлінеді: әйелдер мен ерлер дауысы.

 

Байқаудың талаптары
                                                       I кезең
1. XVII-XVIII ғасырлардағы көне ария (кантатадан ария, оратория, месса)
2. Х. Калиламбекованың репертуарынан орыс немесе қазақ композиторларының ариясы (қатысушының таңдауы бойынша),  (тізім қоса беріледі)
3. Қазақстан композиторларының романсы немесе қазақтың халық әні.
                                                      II кезең
1. Х. Калиламбекованың репертуарынан шетелдік ария (тізім қоса беріледі)
2. Орыс немесе Батыс Еуропа композиторының романсы.

Опералар:
‒ В. Моцарт «Дон-Жуан»
‒ Дж. Верди «Травиата»
‒ Дж. Верди «Риголетто»
‒ Дж. Пуччини «Мадам Баттерфляй»
‒ Дж. Пуччини «Богема»
‒ Р. Леонкавалло «Паяцы»
‒ Ш. Гуно «Фауст»
‒ Ж. Бизе «Кармен»
‒ П. Чайковский «Евгений Онегин»
‒ П. Чайковский «Иоланта»
‒ Н. Римский-Корсаков «Царская невеста»
‒ Н. Римский-Корсаков «Садко»
‒ Е.Брусиловский «Ер-Тарғын»
‒ Л. Хамиди, А. Жұбанов «Абай»
‒ М. Төлебаев «Біржан-Сара»
‒ Ғ. Жұбанова «Еңлік-Кебек»
‒ С. Мұхамеджанов «Ақан сері-Ақтоқты»
‒ С. Мұхамеджанов «Айсұлу»
‒ Е. Рахмадиев «Қамар-Сұлу»
‒ Е. Рахмадиев «Алпамыс»
‒ Е. Рахмадиев «Песнь о Целине»

 

Қаржылық шарттар
-   Байқауға қатысу үшін барлық қатысушылар мен концертмейстерлердің шығындары (жол жүру, қонақ үйі және тамақтануы) өз тараптарынан жүргізіледі.

 

Жүлде қоры
                    Ұйымдастыру комитеті келесі орындарды жариялайды:
Әйелдер дауысы:                       Ерлер дауысы
I орын -1 (300 000 тг.)             I орын -1 (300 000 тг.)
II орын -1 (200 000 тг.)            II орын -1 (200 000 тг.)
III орын -1 (150 000 тг.)          III орын -1 (150 000 тг.)
Дипломант – 2 (50 000 тг.)              Дипломант – 2 (50 000 тг.)

 

Әділ қазылар алқасының құқығы:
а)  қатысушылар арасында сыйлықтарды бөлу;
б) байқаудың барлық сыйлығын бермеу;
Әділ қазылар алқасы келесі арнайы жүлделерді тағайындауына құқығы бар:
Х.Калиламбекованың репетуарынан үздік шығарманы орындағаны үшін арнайы диплом;
Әділ қазылар алқасы конкурстың ең үздік концермейстерлеріне диплом беруге құқығы бар.
2-ші кезеңге өтпеген барлық қатысушылар және концертмейстерлер алғыс хатпен марапатталады.

Құжаттар тапсыру тәртібі
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы 2024 жылыдың 11 қарашаға дейін почта konkurs.kalilambekova80@mail.ru электрондық почтасына барлық толық құжаттарды жіберуі керек.

  • Өтініш
  • Паспорттың ксеро немесе фотокөшірмесі;
  • Музыкалық оқу орнын бітіргендігі туралы дипломның ксеро немесе фотокөшірмесі немесе оқу туралы анықтама (студенттер үшін);
  • Шығармашылық өмірбаян;
  • Қатысушының түрлі-түсті фотосы;
  • Өтініш қағазды баспа әріптерімен толтыруды өтінеміз. Байқауға қатысушыларға  2024 жылдың  18  қарашаға  дейін почталарына байқауға қатысуға шақырулар жіберіледі.
  • Толық емес немесе көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

 

 

 

ХОРЛАН КАЛИЛАМБЕКОВА  АТЫНДАҒЫ  ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВОКАЛИСТЕР  БАЙҚАУЫНА  ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ ПАРАҒЫ

Дауысы
Аты-жөні
Азаматтығы, тұрғылықты елі
Туған күні, айы, жылы
Білімі (оқу орны, курс немесе аяқтаған жылы)
Педагогтың аты-жөні, жұмыс орны, мекенжайы, байланыс телефоны
Қысқа өмірбаян (резюме, атағы, наградалары және т.с.с.)
Концертмейстердің аты-жөні, жұмыс орны, мекенжайы, байланыс телефоны
Келу күні, кету күні (вагондардың, ұшақтардың рейсінің нөмерлері)

Бағдарлама

I кезең
1.
2.
II кезең
1.     
2.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.