«ҚОС ІШЕК»
Х-Республикалық домбырашылар конкурсы
Конкурстың мақсаты:
1. Маңғыстау күйлерін жастар арасында кеңінен насихаттап, күйлерінің төлтума қалпын сақтап орындауға баулу;
2. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер Университетінің қабырғасында дәстүрлі күй үлгілері биік деңгейде болуына ықпал ету;
3. Жас орындаушылардың сахналық - орындаушылық мәдениетін қалыптастыру;
4. Маңғыстау күйшілік мектебінің барлық жанрларын қамтитын кешенді тәжірибелік білім беру.
5. Сирек орындалатын, болмаса мүлде ұмыт бола бастаған күйлерді арнайы музыкалық білім беретін оқу орындарының студенттері арасында дәріптеу.
Қосымша ақпараттар
«Қос ішек» конкурсы домбыра кафедрасының жұмыс жоспарына сай, дәстүрлі түрде жылына бір рет өтеді. Конкурстық жобаның авторы - ҚазҰӨУ-нің доценті – Ж.Қадырқұлов, жобаға қолдау көрсетуші - Қазақ Ұлттық өнер Университетінің ректорынің м.а профессор Р.С.Нұртаза. Конкурс бағдарламасына жауапты - «Домбыра» кафедрасы. Конкурс бағдарламасын және конкурсқа қазылық ететін жюри мүшелерін ҚазҰӨУ-нің домбыра кафедрасының мәжілісі тағайындайды.
Сырттан келетін қатысушылардың жол қаражаты, жатар орны, тамағы жіберуші жақтың есебінен өтеледі.
Конкурстың ережесі мен шарттары
Конкурсқа кәсіби білім беретін музыка колледжі, кәсіби музыкалық білім беретін бакалавр деңгейінде оқитын студенттер қатыса алады. Конкурсқа қатысушы сайыскерлер бағдарламаларды жатқа орындайды. Конкурс күй-тартыс (бірі тартқан күйін екінші сайыскер жалғап, келесі күйді орындайды) ретінде өтеді. Тартыс 20-30 минут аралығын қамтиды, төменде көрсетілген күйлер тізімінің толық орындалуы шарт. Орындалған күйлерге қойылатын жалпы талаптар:
1). Күйдің дәстүрін сақтау;
2). Техникалық тұрғыда таза меңгерілуі;
3). Сахна мәдениетінің (киім, отыру, артистизм) мүлтіксіз сақталуы;
4). Күй образын сақтау.
Конкурс барысында бағдарлама өзгермейді, күйдің нұсқаларының күй жинақтарындағы ноталарға сай орындалуы қадағаланады.
Жюри алқасы қажет деп тапса конкурсантты тоқтатуға, бас бәйгені және басқа да жүлделі орындарды тағайындамауға, орындарды бөліп беруге құқылы. Байқауда үздік өнер көрсетіп, кәсіби шеберлік танытқан өнерпаздарға арнайы марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Сайыс жеңімпаздарына конкурстың лауреаты атағы және осыған орай төмендегідей жүлделер тағайындалады:
Бас жүлде – біреу
Бірінші жүлде – екеу
Екінші жүлде – төртеу
Үшінші жүлде – алтау
Сонымен қатар ҚазҰӨУ-нің атынан дипломдар мен мақтау қағаздары тапсырылады. Қатысушыларға конкурс демеушісінің қаржылай сыйлығы тағайындалған.
Конкурс 2025 жылдың 24 ақпанында, сағат 09.00 де ҚазҰӨУ нің Абай залында өтеді. (Астана, Абай 47 даңғылы)
Қажетті құжаттар:
1.Өтініш (еркін формада)
2.Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы, KASPI);
3.Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банк мөрі бар шоттың болуы туралы анықтама). (Егер сіз ҚазҰӨУ студенті болсаңыз және Forte Bank банкінен стипендия алсаңыз, Forte Bank шотын ұсынуыңыз қажет. Бұл құжатты телефоныңыздағы банктің мобильді қосымшасынан алуға болады.
Өтінімдер 2025 жылдың 15 ақпанына (қоса алғанда) сағат 17:00 дейін қабылданады.
Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Астана қаласы, Абай даңғылы 47, , 1207ауд.
Эл.адрес: jumabek.kadirkulov@mail.ru
Телефон: 8-701-140-1918
Конкурс бір кезеңнен тұрады
1. Есір «Есірқақпай»
2. Өскінбай «Пернебаспай»
3. Жанғабыл «Жанғабыл»
4. Балбике «Балбырауың»
5. Сүгір «Шалқыма»
6. Қазанғап «Домалатпай»
7. Дина «Сауыншы»
8. Н.Тілендиев «Жекпе жек»
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.