УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Музыкалық колледждер арасындағы 46-шы Республикалық орындаушылар конкурсы.

Музыкалық колледждер арасындағы
46 – шы Республикалық орындаушылар конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы 46-шы Республикалық орындаушылар конкурсы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12-1-тармақшасына сәйкес, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы негізінде әзірленді.
1.2. Осы Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы 46-шы Республикалық орындаушылар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысуды және лауреаттарды анықтауды белгілейді.
1.3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (5 тарау, 26 бап), сондай-ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 Бұйрығына сәйкес балдар тең боған кезде, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейін кадрлар даярлау бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқыққа халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (бірінші, екінші және үшінші дәрежерлі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары ие болады.
1.4. Конкурстың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
2.2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
2.3. Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
2.4. Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
2.5. Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
2.6. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2.7. Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
2.8. Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
2.9. Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
2.10. Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

3. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
3.1. Конкурсты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 2025 жылдың 21 - 25 сәуір аралығында:
- Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қ., Абай, 47;
- «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК, мекен-жайы: Алматы қ., Манас, 13;
- Шымкент қаласы білім басқармасының «Музыка колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Шымкент қ., Октябрьская, 30;
- Жетісу облысы білім басқармасы «Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, И. Жансүгіров, 181А
- Қарағанды облысы білім басқармасының «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК, мекен-жайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі, 1/11;
- Атырау облысы Білім беру басқармасының "Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы" Атырау музыка колледжі" КМҚК, мекен-жайы: Атырау қ., Қаныш Сәтбаев, 54А;
- Ақтөбе облысы білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Ақтөбе қ., Шернияз, 31 базасында өткізеді.
3.2. Конкурс 02150100 - «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар номинациялары бойынша), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Эстрадалық ән орындау, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме номинациялары бойынша) мамандықтары бойынша өткізіледі.
3.3. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі.
3.4. Іріктеу кезеңі қатысушыны Конкурсқа жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі.
3.5. Негізгі кезең 3.1. тармақта көрсетілген мекемелерде өткізіледі. Негізгі кезең барлық номинациялар бойынша 2 турды қамтиды.
3.6. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
3.7. Әр қатысушы мамандық шифріне сәйкес, жеке және ансамбльдік номинацияға қатыса алады.
3.8. 02150100 - «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме, Эстрадалық әндер орындау), мамандықтары конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
3.9. Екінші кезеңге жиынтығында 18 балдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі. 02150200 «Музыка теориясы» мамандығының қатысушылары барлық кезеңдердің соңына дейін қатысады.
3.10. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3.11. Баспа материалдарындағы аты-жөндер (сертификаттар мен дипломдарда) қатысушының өтініші бойынша басылады.
3.12. Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
3.13. «Электрогитара», «Бас гитара» номинациясы бойынша қатысушы тұрып орындайды.
3.14. Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны менгерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.
3.15. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әр номинация (аспап / дауыс) бойынша тек екі қатысушыны ұсына алады.
3.16. Алдыңғы конкурста студенттері 1-орын алған ұйымдар тиісті номинация бойынша конкурсқа қатысуға үш қатысушыны ұсына алады.
3.17. Конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан (Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті) әр номинация бойынша төрт қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
3.18. Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
3.19. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардың орындаушылар конкурсында 1-орын алған білім алушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.20. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:
- І орын мен лауреат атағы;
- ІІ орын мен лауреат атағы;
- ІІІ орын мен лауреат атағы;
- Дипломант атағы.
3.21. Конкурстың екінші кезеңінде 18 ұпай санынан кем емес алған қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
3.22. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
3.23. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттар (02150200 «Музыка теориясы» мамандығының лауреаттарынан басқа) ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.
3.24. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өз есебінен концертмейстерлер мен қатысушыға жауапты оқытушыны белгілейді және жауапкершілік міндеттейді.
3.25. Ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келген қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
3.26. Концертмейстер мен қатысушыға жауапты оқытушының іссапар кезіндегі еңбекақысы сақталады.
3.27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.edu.kz сайтының «Шығармашылық», «Республикалық конкурстар» бөлімінде жарияланады.
3.28. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:
- Жеке куәлікке сәйкес қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;
- Электрондық пошта мекенжайы;
- Номинацияға қатысу түрі;
- Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы) ;
- Қатысушының байланыс номері;
- Өлшемі 3х4 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;
- Оқу орнының толық атауы;
- PDF форматындағы оқу орнынан анықтама;
- Қатысушының конкурстық бағдарламасы;
- Қатысушының номинациясы;
- Қатысушының тұрғылықты облысы.
3.29. Өтінімдер 2025 жылдың 1 сәуір (қоса алғанда) сағат 12:00 (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
3.30. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
3.31. Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
3.32. Конкурсқа қатысушылардың, қатысушыға жауапты оқытушының және концертмейстерлердің іс-сапар шығындары (жол ақысы, жатын орны, тамағы) конкурсқа жіберуші жақтан қарастырылады.
3.33. Ұйымдастыру комитеті шақыруды тек конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушыларға жібереді.

4. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ
4.1. Конкурстың Ұйымдастырушы комитетінің құрамы Ұйымдастырушы тарапынан бекітіледі. Ұйымдастырушы комитетінің төрағасы болады және Конкурсты тиімді даярлау мен өткізу үшін тағайындалған өкілдерден тұрады.
4.2. Ұйымдастырушы комитет Конкурстың барлық даярлық және өткізу кезеңдеріне жетекшілік етіп, үйлестіреді, оның ішінде бағдарлама әзірлеу, іс-шараларды ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық қолдау көрсету.
4.3. Ұйымдастырушы комитет конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кез келген тұлғалармен әрекеттесіп, сондай-ақ тартылған орындаушылардың жұмыстарын үйлестіреді.
4.4. Ұйымдастырушы комитет Конкурстың даярлық және өткізу процесінде туындайтын барлық мәселелерді, оның ішінде логистика, техникалық қамтамасыз ету, ережелер мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету және еріктілер мен басқа да ұйымдастырушы құрылым мүшелерінің жұмысын үйлестіруді шешеді.
4.5. Ұйымдастырушы комитет Конкурстың сәтті өтуі үшін қажетті оперативті шешімдер қабылдау құқығына ие, оның ішінде ұйымдастыру процестеріне немесе бағдарламаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда.
4.6. Ұйымдастырушы Конкурсты ұйымдастыру және өткізу барысында осы Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және қосымша талаптар мен шарттарды белгілей алады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар қатысушыларға хабарландыру арқылы, соның ішінде ресми сайтта жариялау арқылы күшіне енеді, егер Ұйымдастырушы басқа шарттарды белгілемесе.
4.7. Өтінім беру, қатысуға байланысты техникалық аспектілер мен ұйымдастырушылық мәселелер туындаған жағдайда, келесі модераторлармен байланысу қажет:
Амин Ибраһим Исламұлы: +7 747 631 46 52
4.8. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар kaznui.rki.46@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.

5. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
5.1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
5.2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
5.3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
5.4. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
5.5. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
5.6. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
- Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
- Қатысушылардың саны 15 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
- Жүлделі орындар қазылар алқасының қалауы бойынша қатысушылар арасында бөлінуі мүмкін.
5.7. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
5.8. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
5.9. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. БАҚ, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
6.1. Ұйымдастырушы комитет іс-шараға ақпараттық- жарнамалық қолдау көрсету түрлерін анықтайды.
6.2. Ұйымдастырушы Конкурс барысында Қатысушылар тарапынан туындыларды пайдалануға жауапты емес. Барлық мүліктік талаптар, авторлық және туынды құқықтармен байланысты мәселелер тек Қатысушыға қойылуы мүмкін. Қатысушылар өздерінің орындаған шығармалары үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.
6.3. Өтінім толтырып, Конкурста қатысқан кезде Қатысушы Ұйымдастырушыға қосымша гонорарсыз барлық аудио, бейнемазмұн, фотосуреттер және басқа да материалдарды пайдалану және тарату құқығын береді. Бұл материалдарға Конкурс барысында өткізілген тыңдау, мастер-класстар, Гала-концерт және басқа да іс-шаралар кіреді. Құқықтар беру мерзім мен аймақ шектеусіз жүзеге асырылады.
6.4. Конкурсқа қатысты жазба, тарату, сондай-ақ баспа өнімдері, фото, аудио және бейнемазмұнға барлық құқықтар Ұйымдастырушыға тиесілі. Ұйымдастырушы бұл материалдарды кез келген мақсатта, соның ішінде коммерциялық мақсатта пайдалану құқығына ие, оның ішінде радио, телевидение және Интернетте.
6.5. Ұйымдастырушы Конкурстың тыңдауын, Гала-концертін және басқа да іс-шараларды радио, телевидение және Интернет арқылы қатысушыларға қосымша гонорар төлемей тарату құқығына ие. Қатысушылар осы трансляциялар мен таратуда өздерінің бейнелерін, жазбаларын немесе орындауларын пайдалануға төлем талап етуге құқылы емес.
6.6. Ұйымдастырушы Конкурс аясында қатысушылардың орындауларын, мастер-класстарын, концерттерін жазу, бейнемазмұнға ерекше құқықтарға ие. Бұл материалдар Ұйымдастырушы тарапынан жарнамалық, білім беру және басқа да мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, бірақ қатысушыларға төлем жасалмайды.
6.7. Конкурста қатысу үшін өтініш беру арқылы Қатысушы өзінің, заңды өкілінің және жетекшісінің жеке деректерін жинау, өңдеу және сақтау бойынша Ұйымдастырушыға келісім береді, сондай-ақ бұл деректерді үшінші тұлғаларға, оның ішінде трансшекаралық беруді жүзеге асыруды және сақтау құқығын береді. Жеке деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Қосымша ақпарат

46 РКИ бағдарлама талаптары.pdf
46 РКИ программные требования.pdf
ІІ кезең «Хормен жұмыс жасау». Шығармалар Тізімі.pdf
ІІ кезең «Хормен жұмыс жасау». Шығармалары.pdf

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.