«ҚОС ІШЕК» ХI Республикалық домбырашылар байқауының Ережесі
2-наурыз, 2026 жыл Астана, Қазақстан
- Жалпы ережелер
- «ҚОС ІШЕК» ХI-Республикалық домбырашылар байқауы (бұдан әрі - конкурс) 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді.
1.2 Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - ҚР МАМ) қолдауымен «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚазҰӨУ РММ) базасында өткізіледі.
- Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Тәуелсіздік 50, Астана қ., Сарайшық ауданы, Қазақстан Республикасы.
- Тел. 8-701-140-1918, Эл.адрес: jumabek.kadirkulov@mail.ru
- Конкурстың мақсаты
2.1. Маңғыстау күйлерін жастар арасында кеңінен насихаттап, күйлерінің төлтума қалпын сақтап орындауға баулу;
2.2. Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер Университетінің қабырғасында дәстүрлі күй үлгілері биік деңгейде болуына ықпал ету;
2.3. Жас орындаушылардың сахналық - орындаушылық мәдениетін қалыптастыру;
2.4. Маңғыстау күйшілік мектебінің барлық жанрларын қамтитын кешенді тәжірибелік білім беру.
2.5. Сирек орындалатын, болмаса мүлде ұмыт бола бастаған күйлерді арнайы музыкалық білім беретін оқу орындарының студенттері арасында дәріптеу;
- Конкурстың ережесі мен шарттары
3.1. Конкурсқа кәсіби білім беретін музыка колледжі, кәсіби музыкалық білім беретін бакалавр деңгейінде оқитын студенттер қатыса алады. Конкурсқа қатысушы сайыскерлер бағдарламаларды жатқа орындайды. Конкурс күй-тартыс (бірі тартқан күйін екінші сайыскер жалғап, келесі күйді орындайды) ретінде өтеді. Тартыс 20-30 минут аралығын қамтиды, төменде көрсетілген күйлер тізімінің толық орындалуы шарт. Орындалған күйлерге қойылатын жалпы талаптар:
Күйдің дәстүрін сақтау;
Техникалық тұрғыда таза меңгерілуі;
Сахна мәдениетінің (киім, отыру, артистизм) мүлтіксіз сақталуы;
Күй образын сақтау.
3.2. Конкурс барысында бағдарлама өзгермейді, күйдің нұсқаларының күй жинақтарындағы ноталарға сай орындалуы қадағаланады.
- Байқаудың қазылар алқасы
4.1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс.
4.3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
4.4. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
4.5. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
4.6. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 20 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
4.7. Қазылар алқасы қажет деп тапса конкурсантты тоқтатуға, барлық жүлделі орындарды бермеуге және орындарды бөліп беруге құқылы.
4.8. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
4.9. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
4.10. Сайыс жеңімпаздарына конкурстың лауреаты атағы және осыған орай төмендегідей жүлделер тағайындалады:
Бас жүлде – біреу
Бірінші жүлде – екеу
Екінші жүлде – төртеу
Үшінші жүлде – алтау
Диплом - он дана
- Өтінім беру
5.1. Өтініш (еркін формада)
5.2. Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы, KASPI);5.3. Қатысушының PDF форматындағы банктік деректемелері (банк мөрі бар шоттың болуы туралы анықтама). Бұл құжатты телефоныңыздағы банктің мобильді қосымшасынан алуға болады.Өтінімдер 2025 жылдың 20 ақпанына(қоса алғанда) сағат 17:00 дейін қабылданады.
5.4. Сырттан келетін қатысушылардың жол қаражаты, жатар орны, тамағы жіберуші жақтың есебінен өтеледі.
5.5 Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50, , 519ауд.
Эл.адрес: jumabek.kadirkulov@mail.ru , Телефон: 8-701-140-1918
Байқау бағдарламасы
Конкурс бір кезеңнен тұрады
- Қартбай Қалқаманұлы «Қартбай ақжелең»
- Сейтек Оразалыұлы «Торы ат»
- Мырза Тоқтаболатұлы «Ілме»
- Боқбала Ертөлепұлы «Сексен бие I түрі»
- Бақыт Басығараев «Толқында»
- Қарағұл Қонаршыұлы «Өзгерген өңір»
- Тұраш Әбеуов «Қуаныш»
* Барлық шығармалар жатқа орындалады.
* Қатысушылардың өтінімі талаптарға сай болуы керек.