УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Музыкалық колледждері орындаушыларының 47-ші республикалық конкурсы

Музыкалық колледждері орындаушыларының

47-ші республикалық конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • Осы музыкалық колледждері орындаушыларының 47-ші Республикалық конкурсы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12-1-тармақшасына сәйкес, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы негізінде әзірленді.
  • Осы Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы 47-ші Республикалық орындаушылар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысуды және лауреаттарды анықтауды белгілейді.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (5 тарау, 26 бап), сондай-ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 Бұйрығына сәйкес балдар тең боған кезде, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейін кадрлар даярлау бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқыққа халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (бірінші, екінші және үшінші дәрежерлі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары ие болады.
  • Конкурстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  • Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
  • Конкурсты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 2026 жылдың 20 - 24 сәуір аралығында:
  • Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50;
  • «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК, мекен-жайы: Алматы қ., Манас, 13;
  • Шымкент қаласы білім басқармасының «Музыка колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Шымкент қ., Октябрьская, 30;
  • Қарағанды облысы білім басқармасының «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК, мекен-жайы: Қарағанды қ., Мұқанов көшесі, 1/11;
  • Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК, мекен-жайы: Өскемен қ., 30-й Гвардейской Дивизии, 4;
  • Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Ақтау қ., Микрорайон 5, 37
  • Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК, мекен-жайы: Көкшетау қ., Ж.Жабаев к-сі, 140;
  • Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі» КМҚК, мекен-жайы: Қызылорда қ., Желтоксан, 10А.
  • Конкурс 02150100 - «Аспаптық орындау» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар номинациялары бойынша), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Вокалдық өнер» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Эстрадалық ән орындау, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме номинациялары бойынша), 02150500 «Актерлік өнер» мамандықтары бойынша өткізіледі.
  • Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі.
  • Іріктеу кезеңі қатысушыны Конкурсқа жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі.
  • Негізгі кезең 3.1. тармақта көрсетілген мекемелерде өткізіледі. Негізгі кезең барлық номинациялар бойынша 2 турды қамтиды.
  • Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
  • Әр қатысушы мамандық шифріне сәйкес, жеке және ансамбльдік номинацияға қатыса алады.
  • 02150100 - «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме, Эстрадалық әндер орындау), мамандықтары конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
  • Екінші кезеңге жиынтығында 18 балдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі. 02150200 «Музыка теориясы» мамандығының қатысушылары барлық кезеңдердің соңына дейін қатысады.
  • Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  • Баспа материалдарындағы аты-жөндер (сертификаттар мен дипломдарда) қатысушының өтініші бойынша басылады.
  • Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
  • «Электрогитара», «Бас гитара» номинациясы бойынша қатысушы тұрып орындайды.
  • Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны менгерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әр номинация (аспап / дауыс) бойынша тек үш қатысушыны ұсына алады.
  • Алдыңғы конкурста студенттері 1-орын алған ұйымдар тиісті номинация бойынша конкурсқа қатысуға төрт қатысушыны ұсына алады.
  • Конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан (Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті) әр номинация бойынша үш қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
  • Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
  • Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардың орындаушылар конкурсында 1-орын алған білім алушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  • Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:
  • І орын мен лауреат атағы;
  • ІІ орын мен лауреат атағы;
  • ІІІ орын мен лауреат атағы;
  • Дипломант атағы.
  • Конкурстың екінші кезеңінде 18 ұпай санынан кем емес алған қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
  • Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
  • Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттар (02150200 «Музыка теориясы» мамандығының лауреаттарынан басқа) ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өз есебінен концертмейстерлер мен қатысушыға жауапты оқытушыны белгілейді және жауапкершілік міндеттейді.
  • Ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келген қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
  • Концертмейстер мен қатысушыға жауапты оқытушының іссапар кезіндегі еңбекақысы сақталады.
  • Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі edu.kz сайтының «Шығармашылық», «Республикалық конкурстар» бөлімінде жарияланады.
  • Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:
  • Жеке куәлікке сәйкес қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;
  • Электрондық пошта мекенжайы;
  • Номинацияға қатысу түрі;
  • Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт) скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы) ;
  • Қатысушының байланыс номері;
  • Өлшемі 3х4 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;
  • Оқу орнының толық атауы;
  • PDF форматындағы оқу орнынан анықтама;
  • Қатысушының конкурстық бағдарламасы;
  • Қатысушының номинациясы;
  • Қатысушының тұрғылықты облысы.
  • Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуір (қоса алғанда) сағат 12:00 (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
  • Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
  • Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
  • Конкурсқа қатысушылардың, қатысушыға жауапты оқытушының және концертмейстерлердің іс-сапар шығындары (жол ақысы, жатын орны, тамағы) конкурсқа жіберуші жақтан қарастырылады.
  • Ұйымдастыру комитеті шақыруды тек конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушыларға жібереді.
  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ
  • Конкурстың Ұйымдастырушы комитетінің құрамы Ұйымдастырушы тарапынан бекітіледі. Ұйымдастырушы комитетінің төрағасы болады және Конкурсты тиімді даярлау мен өткізу үшін тағайындалған өкілдерден тұрады.
  • Ұйымдастырушы комитет Конкурстың барлық даярлық және өткізу кезеңдеріне жетекшілік етіп, үйлестіреді, оның ішінде бағдарлама әзірлеу, іс-шараларды ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық қолдау көрсету.
  • Ұйымдастырушы комитет конкурсты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кез келген тұлғалармен әрекеттесіп, сондай-ақ тартылған орындаушылардың жұмыстарын үйлестіреді.
  • Ұйымдастырушы комитет Конкурстың даярлық және өткізу процесінде туындайтын барлық мәселелерді, оның ішінде логистика, техникалық қамтамасыз ету, ережелер мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету және еріктілер мен басқа да ұйымдастырушы құрылым мүшелерінің жұмысын үйлестіруді шешеді.
  • Ұйымдастырушы комитет Конкурстың сәтті өтуі үшін қажетті оперативті шешімдер қабылдау құқығына ие, оның ішінде ұйымдастыру процестеріне немесе бағдарламаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда.
  • Ұйымдастырушы Конкурсты ұйымдастыру және өткізу барысында осы Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және қосымша талаптар мен шарттарды белгілей алады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар қатысушыларға хабарландыру арқылы, соның ішінде ресми сайтта жариялау арқылы күшіне енеді, егер Ұйымдастырушы басқа шарттарды белгілемесе.
  • Өтінім беру, қатысуға байланысты техникалық аспектілер мен ұйымдастырушылық мәселелер туындаған жағдайда, келесі модераторлармен байланысу қажет:

Амин Ибраһим Исламұлы: +7 747 631 46 52

  • Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар rki.46@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
  1. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
  • Конкурстың қазылар алқасы құрамы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  • Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс. 
  • Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  • Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
  • Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  • Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
  • Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
  • Қатысушылардың саны 15 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
  • Жүлделі орындар қазылар алқасының қалауы бойынша қатысушылар арасында бөлінуі мүмкін.
  • Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
  • Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
  • Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
  1. БАҚ, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
  • Ұйымдастырушы комитет іс-шараға ақпараттық- жарнамалық қолдау көрсету түрлерін анықтайды.
  • Ұйымдастырушы Конкурс барысында Қатысушылар тарапынан туындыларды пайдалануға жауапты емес. Барлық мүліктік талаптар, авторлық және туынды құқықтармен байланысты мәселелер тек Қатысушыға қойылуы мүмкін. Қатысушылар өздерінің орындаған шығармалары үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.
  • Өтінім толтырып, Конкурста қатысқан кезде Қатысушы Ұйымдастырушыға қосымша гонорарсыз барлық аудио, бейнемазмұн, фотосуреттер және басқа да материалдарды пайдалану және тарату құқығын береді. Бұл материалдарға Конкурс барысында өткізілген тыңдау, мастер-класстар, Гала-концерт және басқа да іс-шаралар кіреді. Құқықтар беру мерзім мен аймақ шектеусіз жүзеге асырылады.
  • Конкурсқа қатысты жазба, тарату, сондай-ақ баспа өнімдері, фото, аудио және бейнемазмұнға барлық құқықтар Ұйымдастырушыға тиесілі. Ұйымдастырушы бұл материалдарды кез келген мақсатта, соның ішінде коммерциялық мақсатта пайдалану құқығына ие, оның ішінде радио, телевидение және Интернетте.
  • Ұйымдастырушы Конкурстың тыңдауын, Гала-концертін және басқа да іс-шараларды радио, телевидение және Интернет арқылы қатысушыларға қосымша гонорар төлемей тарату құқығына ие. Қатысушылар осы трансляциялар мен таратуда өздерінің бейнелерін, жазбаларын немесе орындауларын пайдалануға төлем талап етуге құқылы емес.
  • Ұйымдастырушы Конкурс аясында қатысушылардың орындауларын, мастер-класстарын, концерттерін жазу, бейнемазмұнға ерекше құқықтарға ие. Бұл материалдар Ұйымдастырушы тарапынан жарнамалық, білім беру және басқа да мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, бірақ қатысушыларға төлем жасалмайды.
  • Конкурста қатысу үшін өтініш беру арқылы Қатысушы өзінің, заңды өкілінің және жетекшісінің жеке деректерін жинау, өңдеу және сақтау бойынша Ұйымдастырушыға келісім береді, сондай-ақ бұл деректерді үшінші тұлғаларға, оның ішінде трансшекаралық беруді жүзеге асыруды және сақтау құқығын береді. Жеке деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.


Ноты по номинации «Хлровое дирижирование»

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР АРАСЫНДАҒЫ (ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТАҒЫ) 47 – ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛАР КОНКУРСЫННЫҢ НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАСЫ

02150100 «АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР ЭСТРАДАСЫ» (ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

«ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. И.С.Бах «Жақсы темперацияланған клавир» 1-2 том, Прелюдия және фуга (қатысушының таңдауы бойынша) немесе Д. Шостакович – Прелюдия және фуга (қатысушының таңдауы бойынша)
  2. Классикалық сонатаның 1 немесе 2 және 3 бөлімдері – В.А.Моцарт, И.Гайдн, Л.Бетховен
  3. Екі этюд – Ф.Шопен, Ф.Лист, С.Рахманинов, А.Скрябин, К.Дебюсси, Н.Паганини – Ф.Лист, С. Прокофьев

ІІ кезең

  1. Қазақстандық композитордың шығармасын қамтитын 20 минуттан кем емес еркін бағдарлама

 

«ІШЕКТІ АСПАПТАР»

«СКРИПКА»

І кезең

  1. Төменде аталған этюдтардың бірін орындау:

П. Роде: Этюдтар (қатысушының таңдауы бойынша);

Ш. Данкля: Этюдтар: № 3, 5, 7, 11, 13;

Г.Венявский – Капристар (қатысушының таңдауы бойынша);

Н.Паганини – Капристар (қатысушының таңдауы бойынша);

  1. И.С.Бах – Скрипкада соло орындау үшін алты соната және партиталар

Конкурсант қатар тұрған екі бөлімді орындауы тиіс. Бұдан бөлек орындалатын ре – минор партитасынан Чакона және Ми-мажор партитасынан прелюдия, сонымен бірге толығымен орындалатын екі менуэт, Бурре мен Жига қосылмайды.

  1. Хасшеберлік пьеса: А.Вьетан, Н.Паганини, П.Сарасате, Г.Венявский, Б.Барток, К.Сен – Санс, М.Равель, Э.Изаи, К.Шимановский, П.Чайковский, Е.Цимбалист, В.Витали, Н.А.Римский – Корсаков және тағы басқалар.

ІI кезең

  1. Қазақстан Республикасының композиторларының пьесасы
  2. А.Вьетан № 1, 2, 4, 5. Н.Паганини, В.Венявский, Ф.Мендельсон, С.Прокофьев, А.Хачатурян, М.Брух, А.Глазунов, К.Сен – Санс, Ғ.Жұбанова, А.Дворжак, Э.Лало, К.Гольдмарк, Г.Конюс және т.б. концерттерінің бірі (1-ші немесе 2-ші – 3-ші бөлімдері каденцияларымен орындалады)

«АЛЬТ»

І кезең

  1. Г.Телеман қиялдарының бірі немесе И.С.Бахтың виолончельге арналған сюиталарынан 2 бөлім (альт солоға үшін аударылған) немесе скрипка солоға жазылған сонаталарынан және партиталарынан 2 бөлім
  2. Капристердің бірін: Ф.Мазас, Б.Компаньоли, Ф.Хофмайстер, И.Палашко, Р.Крейцер, П.Роде
  3. Хасшеберлік пьеса: Ф. Шуберт – «Пчелка», Н.Римский-Корсаков «Полет шмеля», «Пляска скоморохов», А.Бородин – «Пляска девушек» С.Цинцадзе – «Хоруми», Мусоргский «Гопак», Дебюсси «Цыганский танец» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының пьесасы.
  2. Концерт – 1, или 2, 3 части: И.Х.Бах, Г.Гендель, К.Цельтер, А.Ролла, А.Вивальди (В.Борисовский), И.Хандошкин, Б.Зейдман № 2, Я.Стамиц, Ф.Хофмайстер, С.Форсайт, және т.б.

«ВИОЛОНЧЕЛЬ»

І кезең

  1. И. С. Бах – виолончель солоға арналған сюитадан екі бөлім.
  2. Д.Поппер, Ю.Дотцауэр, Ж.Дюпор этюдтерінің бірін немесе Пиатти каприсы.
  3. Хасшеберлік пьеса: Д.Поппер - «Тарантелла», «Прялка»; А.Вержбилович – Этюд; Ж.Б.Сенайе – «Аллегро спиритуозо», К.Сен – Санс «Аллегро аппассионато», А.Айвазян «Концертный этюд», Л.Боккерини – «Рондо», М. де Фалья – «Танец огня», К.Давыдов – «У фонтана» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы: К.Күмісбеков «Поэма», К.Кужамьяров «Элегия», А.Затаевич «Желтый поток», А.Жубанов «Ария», Г.Жубанова «Мерекелік күй», Б.Жуманиязов – «Концерттік күй», Е.Брусиловский «Бозайғыр» және т.б.
  2. Концерт (1 немесе 2, 3 бөлімдер): Л.Боккерини, И.Гайдн (үлкен және кіші), К.Сен – Санс, Э.Лало, С.Прокофьев (Концертино), Д.Кабалевский (№ 1), К.Давыдов (№ 1, 2, 3, 4), Н.Мясковский (виолончельге арналған концерт с-moll). П.Чайковский – «Рококо тақырыбына вариациялар» және т.б.

«КОНТРАБАС»

І кезең

  1. Келесі мектеп және этюдтер жинақтарынан этюд: А.Михно, Ф.Симандл, Дж.Боттезини, В.Хоменко, А.Милушкин және басқалар
  2. Г.Гендель, Б.Марчелло, Г.Эккльс, А.Эввелуа А.Ариости, А.Галлиар, А.Вивальди және т.б. сонаталарының бірінен – 1-2 немесе 3-4 бөлімдер
  3. Хасшеберлік пьесалардың бірі: И. Димитреску – «Крестьянский танец», Дж.Боттезини – «Тарантелла», «Прекрасная мельничиха», «Сомнамбула», С.Кусевицкий – «Вальс- миниатюра», И.Рафф – «Тарантелла», К.Сен – Санс – «Аллегро-аппассионато», Н.Паганини – Вариации на тему «Моисей», Р.Глиэр – «Тарантелла» және т.б.

II кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы
  2. Концерт – 1 немесе 2 және 3 бөлімдер: С.Кусевицкий, Я.Ванхаль, Ф.Симандл, Д.Драгонетти, Г.Ф.Гендель, А.Капуцци, Дж.Боттезини, К.М.Диттерсдорф, В.А.Моцарт және т.б.

«АҒАШ ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

І тур

  1. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) Э. Бёртон «Сонатина» 2-3 части;

б) П. Хиндемит «Соната» 2-3 части;

в) Ф. Пуленк «Соната» 2-3 части;

г) О.Тактакишвили «Соната» 2-3 части.

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

ІІ тур

  1. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) В.А. Моцарт «Концерт для флейты G-dur» 1 часть c каденцией;

б) В.А. Моцарт «Концерт для флейты D-dur» 1 часть c каденцией.

  1. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) Б. Годар «Вальс» из «Сюиты для флейты и фортепиано» ор.116;

б) Г. Шишков «Скерцо»;

в) Л. Шварц «Скерцино».

 

«ГОБОЙ»

1 тур

  1. Г.Ф. Телеман «12 фантазий для флейты соло» (Бір шығарма – орындаушының таңдауы бойынша);
  2. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) Я. Каливода «Салонная пьеса»;

б) А. Понкьелли «Каприччио»;

в) Р. Шуман «Адажио и Аллегро».

2 тур

  1. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) П. Санкан «Соната для гобоя и фортепиано»;

б) А. Дютийе «Соната для гобоя и фортепиано»;

в) Ф. Пуленк «Соната для гобоя и фортепиано»;

г) К. Сен-Санс «Соната для гобоя и фортепиано».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

 

«КЛАРНЕТ»

1 тур

  1. С.Танеев «Канцона
  2. Орындаушының қалауы бойынша шығарма:

а) Соната Ф.Девьена №1,№2,№3,№4 1 часть

2 тур

  1. Орындаушының таңдауы бойынша концерттердің бірі

а) Б. Крузель №1, №2, №3, 1 часть или 2-3 части:

б) Ф. Крамарж «Концерт» 1 часть или 2,3 части

в) К.М Вебер №1, №2, 1 часть или 2-3 части:

г) Э. Габлер №1, №2, 1 часть или 2-3 части

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

«ФАГОТ»

1тур

  1. А. Вивальди Концерт на выбор участника (полностью 3 части)
  2. Пьеса композиторов Казахстана

2 тур

  1. Концерт на выбор из предложенных:

а) В.А. Моцарт 1 или 2,3 части (с каденцией)

б) К.М. Вебер 1 или 2,3 части

в) И.Н. Гуммель 1 или 2,3 части.

  1. Произведение виртуозного характера из предложенных:

а) О. Мирошников «Скерцо»;

б) А. Коломиец «Скерцо»;

в) Г. Чернов «Скерцо»;

г) В. Купревич «Скерцино».

 

«САКСОФОН-АЛЬТ»

1 тур

  1. И.С. Бах - прелюдия из сюиты #1
  2. Пьеса композитора Казахстана (3-4 мин.)

2 тур

Произведение по выбору исполнителя:

а) П. Крестон «Соната» 1 или 2-3 части;

б) Ф. Декрюк «Соната» 1-2 части или 3-4 части;

в) Ж. Ибер «Камерное концертино»;

«САКСОФОН-ТЕНОР»

1 тур:

  1. И.С. Бах «Прелюдия из сюиты #2»;
  2. ⁠Пьеса композитора Казахстана (3-4 мин.)

2 тур

Произведение по выбору исполнителя:

а) Э. Вилла Лобос «Фантазия»;

б) ⁠Г. Калинкович «Концерт-Каприччио».

«МЫС ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(валторна, труба, тромбон, туба)

«ВАЛТОРНА»

1 тур

  1. Произведение по выбору исполнителя:

а) В.А. Моцарт «Концерт №1 D-dur» полностью;

б) В.А. Моцарт «Концерт №2 Es-dur», 1 часть (с каденцией) или 2-3 части;

б) В.А. Моцарт «Концерт №4 Es-dur», 1 часть (с каденцией) или 2-3 части;

  1. Произведение композитора Казахстана (3-4минуты).

2 тур

  1. Произведение по выбору исполнителя:

а) Ф. Штраус «Концерт для валторны» №1 1 часть или 2-3 части;

б) Ф. Штраус «Концерт для валторны» №2 1 часть или 2-3 части;

в) Р. Глиэр «Концерт для голоса».

  1. Произведение по выбору исполнителя:

а) П. Дюка «Деревенская идиллия» (Вилонелла);

б) Б. Коломе «Фантазия-легенда»;

в) Г. Нойлинг «Багатель».

 

«ТРУБА»

1 тур

  1. Б. Мартину «Соната для трубы и фортепиано».
  2. М. Койшибаев «Өмір гүлі».

2 тур

  1. А. Арутюнян «Концерт для трубы».

«ТРОМБОН»

1 тур

  1. Крупная форма (старинные сонаты по выбору исполнителя).
  2. Произведение по выбору исполнителя:

а) Б. Кроче-Спинелли «Конкурсное соло»;

б) Ж. Мазелье «Конкурсное соло»;

в) К. Сен-Санс «Каватина»;

г) Э. Боцца «В стиле Баха»;

д) Ж. Бара «Анданте и Аллегро»;

е) В. Блажевич «Концертный эскиз №5»;

ж) А. Гильман «Симфоническая пьеса».

2 тур

  1. Крупная форма (по выбору исполнителя):

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) В. Блажевич «Концерт № 2, 3, 4, 5, 7»;

в) С. Шулек «Соната».

  1. Произведение композитора Казахстана.

 

«ТУБА»

1 тур

  1. Соната Б. Марчелло (любая на выбор).
  2. Произведение композитора Казахстана.

2 тур

  1. А. Лебедев «Концерт для тубы».
  2. Н. Раков «Сонатина».

 

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

1 тур Произведение по выбору исполнителя

  1. Т.Маюдзуми «Концертино» 1 часть или 2,3 части
  2. П.Крестон « Концертино 1 часть
  3. Г.Рзаев «Концертино»
  1. Произведение по выбору исполнителя на вибрафоне:

а) Н. Живкович «Rock song»;

в) Н. Розауро «Прелюдия и блюз» (на выбор);

г) А. Пушкарев «The Little jazz-waltz»

д) Е.Сежурне «Лила»

  1. Произведение по выбору исполнителя на малом барабане:

а) Д.Палиев «Этюд № 10»

б) Ж. Делеклюз «Подражание» (одно по выбору).

2 тур

  1. Крупная форма концерт по выбору исполнителя на маримбе:

А) Н.Разауро Концерт №1 - 1 часть или 4 часть

Концерт №2 - одну из частей

2.Произведение композитора Казахстана

  1. Мультиперкашен на выбор участника (не более 8 минут).

 

«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР»

«ДОМБЫРА-ТЕНОР»

 

І- кезең

  1. Қазақстан композиторларының домбыра мен фортепианоға арнайы жазылған күрделі формадағы бір шығармасы (қалауы бойынша)
  2. Дина Нұрпейісова «Жігер» (міндетті)
  3. Есбай Балұстаұлы «Екінтіде ел іздеген» (міндетті)
  4. Жетісу, Арқа, Қаратау күйшілік мектептерінен (қалауы бойынша бір күй)
  5. Сыр өңірінің халық композиторлары Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бектібайұлы, Жалдыбай Елеукеұлы, Құрақтың Досжаны күйлерінен (қалауы бойынша бір күй)

ІІ кезең

  1. Шетел композиторларының домбыраға лайықталған күрделі формадағы бір шығармасы (қалауы бойынша)
  2. Қайрақбай Шәлекенұлы «Молқоңыр» (міндетті)
  3. Қазанғап Тілепбергенұлы «Үлкен Қаратөс» (міндетті). Ескерту: күйдің нотасы А.Райымбергенов, С.Райымбергенованың «Күй төресі Қазанғап» жинағы бойынша.
  4. Батыс Қазақстан күй мектебінің халық композиторлары Махамбет Өтемісұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Мəмен Ерғалиұлы, Сейтек Оразалыұлы күйлерінен қалауы бойынша бір күй.
  5. Хабидолла Тастанов «Тыңға аттану», Мәкәлім Қойшыбаев «Жастар», Бақыт Басығараев «Толқында», Садуақас Балмағанбетов «Қыз қуу», Кенжебек Күмісбеков «Арман», Қаршыға Ахмедияров «Той күйі», Айтқали Жайымов «Күй Ана», Қошқарбек Тасбергенов «Сыр Ақжелең» (таңдауы бойынша бір күй)

«ШЕРТЕР»

І кезең

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма.
  2. Кантиленалық шығарма.
  3. Шертерге арналған немесе лайықталған күй.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II, III бөлімдер).

2.⁠ ⁠Қазақстан композиторларының шығармасы.

  1. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма.

«ҚОБЫЗ-ПРИМА»

I-тур

  1. Қазақстан композиторының шығармасы
  2. С.Шабельский «Элегия» (міндетті шығарма)
  3. Шетел композиторының ауқымды шығармасы

II -тур

  1. Өңделген халық әні немесе күй
  2. Күрделі формадағы шығарма:

Концерт, Соната (I немесе II-III бөлімдері)

Ескерту: А.Жайымның Концерті – барлық үш бөлімдері орындалады

«ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының қобызға арналған пьесасы (ф-но сүйемелдеуімен);
  2. Орындаушының таңдауы бойынша Қорқыттың бір күйі;
  3. Орындаушының таңдауы бойынша домбыраның бір күйі;
  4. Ықылас Дүкенұлы «Ерден».

II кезең

  1. А.Жайым «Қорқыт сюитасы» 1,2 немесе 3,4 бөлімдері (ф-но сүйемелдеуімен);
  2. Орындаушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі;
  3. Қазіргі заман композиторының қобызға арналған бір күйі.

*Барлық шығармалар жатқа орындалады.

*Күйлердің мәтіні «Мәңгілік сарын» және «1000 күй» антологияларының түпнұсқа аудиожазбаларына сәйкес болуы тиіс.

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР»

«САЗ СЫРНАЙ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Н.Тілендиев «Балапандарым»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

 

«ЖЕТІГЕН»

І кезең

  1. Өңделген ән немесе кюй.
  2. Сайыскердің қалауы бойынша бір күй.
  3. Фортепиано сүйемелдейімен шығарма немесе күрделі форма.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторының күй немесе халық күйі.
  2. Қабыкейдің күйі «Желдірме».
  3. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

 

«СЫБЫЗҒЫ»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Кәлек «Арман»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

 

«ШАҢ-ҚОБЫЗ»

І кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛЬ»

І кезең

  1. 15-20 минуттықбағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар, ансамбль сүйемелдеуімен фольклорлық аспапта жеке орындау (соло немесе дәстүрлі ән) болуы шарт.

«БІРТЕКТІ АНСАМБЛЬ ПРИМА-ҚОБЫЗ»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (таңдауы бойынша);
  2. Ансамбльге лайықталған қобыз немесе домбыра күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

«БІРТЕКТІ АНСАМБЛЬ ҚЫЛ-ҚОБЫЗ»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (таңдауы бойынша);
  2. Ансамбльге лайықталған қобыз немесе домбыра күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

«БІРТЕКТІ АНСАМБЛЬ ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

БАЯН, КЛАССИКАЛЫҚ ГИТАРА, КІШІ ДОМРА, БАС ДОМРА

І кезең

  1. 15-20 минуттық бағдарламада әр түрлі дәуірлер мен бағыттардағы шығармалар міндетті түрде болуы шарт

«БІРТЕКТІ АНСАМБЛЬ»

Фольклорлық ансамбль

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

ЖЕТІГЕН, САЗ-СЫРНАЙ, ШАҢ-ҚОБЫЗ, СЫБЫЗҒЫ

І кезең

  1. Ансамбльге лайықталған шығарма (таңдауы бойынша ән немесе күй);
  2. Өңделген, лайықтаған халық әні немесе халық күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

 

«ОРЫС ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ»

«БАЯН, АККОРДЕОН»

І кезең

  1. Полифониялық цикл фугамен (3 дауыстан кем емес)
  2. Виртуозды шығарма.
  3. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (соната – 1бөлімді сонаталық аллегро формасындағы; 2,3 бөлімдері; сонатина барлық бөлімдері; сюита, партита – 3 бөлімнен кем емес.)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша шығарма.

«КЛАССИКАЛЫҚ ГИТАРА»

І кезең

  1. И.С.Бах – Сюита, соната, партита (лютня, виолончель, жеке скрипкаүшін). Кемінде екі бөлімді орындауы керек.

Ерекшеліктер:ре- минордағы партитадан Чакона, ми-мажордағы

ПартитаданПрелюдия, олар бөлек орындалады.

  1. Виртуоздық сипаттағы шығарма.

II кезең

  1. Үлкен формадағы шығарма.
  2. Қазақстан композиторларының гитараға өңделген шығармасы.

«КІШІ ДОМРА»

І кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін Батыс Еуропа композиторларының виртуозды шығармасы.
  2. Кантиленаға арналған шығарма.
  3. Қазақстан композиторларының жүрдек, ырғақты шығармасы.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II,III бөлімдер, домраға арналған соната 2 бөлімнен кем емес).
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма.

«БАС ШЕРТЕР (ДОМБЫРА БАС)»

I кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін виртуозды шығарма.
  2. Кантиленалық шығарма.
  3. Қазақстан композиторының ырғақты бір шығармасы.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II,III бөлімдер)
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды бір шығарма.

«ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР»

«САКСОФОН»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ТРУБА»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ТРОМБОН»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ДЖАЗДЫҚ ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады, сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).

«ЭЛЕКТРОГИТАРА»

«Электрогитара» номинациясы бойынша бағдарлама тұрып орындалады

І кезең

  1. Свинг, бибоп, свинг-баллада немесе блюз (свинг стилінде) стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Рок немесе джаз стиліндегі бір шығарма (Latino – jazz стилінен басқа) немесе классикалық шығарма джаз және рок өңдеуінде (поп – музыка жанрында орындауға рұқсат етілмейді) «минус бір» фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«БАС ГИТАРА»

«Бас гитара» номинациясы бойынша бағдарлама тұрып орындалады

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. «Минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен әр түрлі стильдегі бір шығарма (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (mp3, wav форматы) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады, сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Latino – Jazz стилінен басқа бір джаз туындысы немесе жеке клавишты соқпалы аспаптарда кеңейтілген джаз шығармасы «Минус бір» фонограммамен немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады, сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).

 

02150400 «ХОРДЫ ДИРИЖЕРЛЕУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

«Хорды дирижерлеу» мамандығы бойынша конкурсы ІІ кезеңмен өткізіледі. Қатысушылар І кезең шығармаларын 5 (бес) данадан ұйымдастыру комитетіне жеребе тарту кезінде ұсынады. Хормен жұмыс жасау үшін берілетін шығармалар, конкурсанттардың ІІ кезеңге өту-өтпеуіне қарамастан реттік санмен қатар жеребе тарту кезінде қатысушыларға ұйымдастыру комитетімен ұсынылады. Кезеңдер аралығы 1 тәулікті құрайды.

І кезең

«Дирижерлеу»

Рояльдің сүйемелдеуімен дирижерлеу (15 минут)

Қатысушыларға келесі бағдарламаны орындау ұсынылады:

  1. А’capella хорына арналған шығарма.
  2. Фортепианомен сүйемелдеуге арналған хор шығармасы.

Шығарма жатқа дирижерленеді. Конкурсқа қатысушылар сахнаға өздерінің концертмейстерлерімен шығады.

Дирижерлеуге арналған шығармаларды қатысушылардың өздері таңдайды. Конкурсқа қатысушылардың техникалық және шығармашылық мүмкіндіктерін толық қанды ашу үшін, шығармалар әртүрлі мінезде болуы қажет. Конкурсқа қатысушылар шығарманың көркемдік ойын ашып, оның мазмұнын нақты көрсете білу қажет.

І кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • музыкалық дарындылықтың жарықтығы - 5 балл;
  • дирижерлік техникасының меңгеру деңгейі - 5 балл;
  • орындаушылық шеберлігі, нота мәтінін дәл қолдану (тазалығы, сауаттылығы, фразировкасы), орындаудың композитор стилі мен дәуіріне сәйкестігі - 5 балл;
  • орындалатын шығармаларды музыкалық-көркемдік интерпретациялық сенімділігі - 5 балл;
  • әртістілігі, жеке даралығы, сахна мәдениеті-5 балл;

ІІ кезең

«Хормен жұмыс жасау»

Хормен жұмыс жасау 10 минут ішінде өткізіледі.

II кезеңге өткен конкурсқа қатысушылардың қолында жеребе тарту кезінде алған хормен жұмыс жасау үшін шығармалар болады. Ұжымды нота материалдарымен қамту конкурс ұйымдастырушыларының жауапкершілігінде. Байқаудың бұл кезеңінде аралас хорының қатысуымен өткізіледі.

ІІ кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • жұмыс екпіні – 5 балл;
  • хордың дыбысына елеуі – 5 балл;
  • хор ұжымымен шығармашылық байланысы – 5 балл;
  • хормен репетициялық жұмыс жасау әдістемесін меңгеруі – 5 балл;
  • соңғы нәтижеге қол жеткізу (соңғы орындаудың жұмыс сатылары) – 5 балл.

 

02150200 «МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

«Музыка әдебиеті»

02150200 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша

І тур Викторина

3 және 4 курстарға арналған Викторина 20 номерден тұрады:

Қазақ музыка әдебиеті – 8 номер;

Әлем музыка әдебиеті – 12 номер.

Материал көлемі:

3 курс:

а) Қазақ музыка әдебиеті – 5 семестр көлемінде:

Фольклорлық музыка, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан-сал, Ақан-сері, Жаяу-Мұса, Абай, Мұхит, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Төлебаев.

б) Әлем музыка әдебиеті – 5 семестр көлемінде:

И.С.Бах, И.Гайдн, В-А. Моцарт, Л.Бетховен, Ф.Шуберт, Р.Шуман, Ф.Шопен, Ф.Лист, Р.Вагнер, Дж.Верди, Ж.Бизе, А.Дворжак, К.Дебюсси, М.Глинка, А.Бородин, М.Мусоргский, Н. Римский-Корсаков.

4 курс:

а) Қазақ музыка әдебиеті – 7 семестр көлемінде:

3 курс көлеміне – Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, К.Қожамияров, Ғ.Жұбанова – қосылады.

б) Әлем музыка әдебиеті – 7 семестр көлемінде:

3 курс көлеміне – П.Чайковский, А.Скрябин, С.Рахманинов, Музыка ХХ века: Г. Малер Симфония № 2, 1 часть; Р. Штраус «Тиль Уленшпигель»; А. Берг Концерт Для скрипки с оркестром, 1 часть; К. Орф Кантата «Кармина бурана", 1 часть; А.Онеггер «Пасифик 231»; А. Шенберг «Лунный Пьеро»; М. де Фалья «Ночи в садах Испании»; Б. Барток «Музыка для струнных, ударных и челесты»; Дж. Гершвин «Рапсодия в стиле блюз»; И.Стравинский Балет «Весна священная» – қосылады.

І тур 20 балл жүйесімен бағаланады.

Бағалау критерийлері:

  1. Жауаптың толықтығы мен дәлдігі:
  • композитор,
  • шығарма,
  • акт/бөлім,
  • бөлімше/ария және т.б.
  • тональдік.
  1. Дұрыс жауаптар саны.
  2. Тыңдалған үзінді туралы қосымша ақпарат берген үшін қазылар алқасының қалауы бойынша қосымша ұпайлар берілуі мүмкін.

ІІ тур: Үзінділерді орындау және коллоквиум

ІІ тур екі бөлімнен тұрады, әр қайсысы 10-балл жүйесімен бағаланады.

1 бөлім. 100ден кем емес үлгіден тұратын тізім бойынша, оқушы үзінділерді орындау керек. Үзінділер тізіміне бағдарламаның барлық бөлімдерінен әртүрлі жанрдағы шығармалар кіруі тиіс. Қатысушы 10 үзінді орындауы тиіс.

Бағалау критерийлері:

Музыкалық үзінділердің орындалуы келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  1. Орындау сапасы:
  • Орындаудың дұрыстығы,
  • Интонация, ырғақ, темп және бейнеліліктін сәйкестігі,
  • Орындалып жатқан фрагменттің музыкалық идеясының толықтығы,
  • Фактура/вокалдық нөмірлер шеңберінде – сүйемелдеумен орындау,
  1. Орындаудың музыкалықтығы;
  2. Композитордың ниетін жеткізудің дәлдігі,
  3. Орындалып жатқан фрагменттің ұзақтығы,
  4. Тізім бойынша үзінділердің саны.

2 бөлім. Коллоквиум (сұхбат стиліндегі сұрақтарға ауызша жауаптар). Сұрақтар алдын ала дайындықты қажет етпейтін қысқа және нақты жауаптарды талап етеді. Коллоквиум сұрақтары келесі аспектілерге бағытталады:

  1. Дәуірлер мен стильдердің өкілдері: Антика, Орта ғасырлар, Ренессанс, Барокко, Классицизм, Романтизм, Импрессионизм, Экспрессионизм, Веризм, Неоклассицизм, Символизм, Неофольклоризм, Конструктивизм.
  2. Жанрлар: Пассакалья, ноктюрн, серенада, прелюдия, баллада, ескі сюита, оратория, романс, кантата, месса, симфониялық поэма, қазақ эпосы, күй, қазақ халық әнінің жанрлары, орыс халық әнінің жанрлары.
  3. Орындаушылар: пианисттер, дирижерлер, вокалистер, скрипкашылар, домбырашылар.
  4. Әр түрлі елдердің композиторлары: Италия, Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Польша, Ресей, Қазақстан, Англия, Чехия, Венгрия, Америка, Испания.
  5. Музыкалық шығармалардың әдеби көздері.

Бағалау критерийлері:

  1. Материалды толық меңгеру,
  2. Эрудиция,
  3. Жауаптың логикалық және құрылымдық болуы,
  4. Жауапты негіздей білу,
  5. Сөйлеу мәдениеті.

ІІІ тур: Презентация

Тапсырма теориялық білімді, практикалық дағдыларды, эрудицияны, кәсіби қызығушылықты, презентациядағы логикалық тұрақтылықты және көркемдікті көрсетуге арналған.

Мәтін безендіру талаптары:

  • 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың аты-жөні, жетекшінің аты-жөні және оқу орнының атауы көрсетілуі керек. Соңғы слайдта ақпарат көздерінің тізімі көрсетілуі керек.
  • Презентация мәтін мен иллюстрациялық слайдтар арасында кезектесіп тұруы мүмкін.
  • Музыкалық мысалдар міндетті түрінде болу керек.

Мазмұнға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың тұжырымы мен мазмұнындағы жетекші идея.
  2. Ұсынылған тақырыптың өзектілігін негіздеу.
  3. Мақсаты мен міндеттері.
  4. Презентацияның мазмұны қойылған мақсаттарды шешуге бағытталуы және қойылған мәселеге қатысты болуы керек.
  5. Музыкалық мысалдар міндетті түрінде орындалу керек.
  6. Мәтінді оқуға рұқсат етілмейді.

Презентация уақыты: 10 минутқа дейін.

ІІІ тур 20 балл жүйесімен бағаланады.

Бағалау критерийлері:

  1. Жұмыстың мазмұны мен құрылымы
  • Байқау тақырыбына сәйкестігі,
  • Презентацияның қисындылығы мен реттілігі,
  • Пысықтау тереңдігі,
  • Талдау сапасы, идеяның немесе шешімнің өзіндік ерекшелігі,
  • Қорытындылардың негізділігі.
  1. Презентация сапасы (визуалды безендіру)
  • Эстетика, бірыңғай безендіру стилі,
  • Тиісті және сапалы иллюстрацияларды (бейне/аудио, графиктер, кестелер, схемалар және т. б.) пайдалану,
  • Сауаттылық.
  1. Сөйлеу сапасы (жұмысты қорғау)
  • Баяндамашының сөйлеуінің айқындылығы мен мәнерлілігі,
  • Регламентті сақтау,
  • Қазылар алқасының сұрақтарына жауаптар, пікірталас жүргізу қабілеті,
  • Материалды меңгеру деңгейі: тақырыпты түсіну тереңдігі,
  1. Музыкалық иллюстрациялардың сапасы,
  2. Тақырыпты ашуға стандартты емес тәсіл.

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар үшін ең жоғары балл сомасы - 60.

 

02150300 «ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

НОМИНАЦИЯ: «АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘН САЛУ»

I кезең

  1. ХVII – XVIII ғасырлардағы композиторлардың көне ариясы.
  2. Орыс, шетел немесе қазақстан композиторларының операсынан ария.
  3. А.Жұбанов, Л.Хамидидің 120 жылдығына орай, композиторлардың әні немесе романсы.

ІІ кезең

  1. Орыс немесе шетел композиторларының операларынан ария.
  2. Қазақстан композиторларының операсынан ария.
  3. КСРО Халық әртісі Е.Серкебаевтың 100 жылдығына орай, репертуарынан ән немесе романс.

 

НОМИНАЦИЯ: «АНСАМБЛЬДІК ӘН САЛУ»

I кезең

  1. Батыс-еуропалық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).
  2. Қазақстандық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

ІІ кезең

  1. Орыс композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)
  2. XX және XXI ғасыр композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

«ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ»

І кезең

  1. Халық әні
  2. Халық композиторларының әні
  3. Абай Құнанбаевтың әні

II кезең

  1. Халық әні немесе халық композиторларының әні
  2. Жаңа заман композиторларының әндері (М.Жанболатов, Д.Рақышев, А.Сейдімбеков, А.Еспаев, С.Кәрімбаев, Г.Құрманғалиев, Т.Рахимов т.б.)
  3. Өз мектебінен басқа мектептің бір әні (Арқа, Батыс Қазақстан, Жетісу, Сыр, Алтай-Тарбағатай)

«ЖЫР-ТЕРМЕ»

I кезең

  1. Терме
  2. Жыр бастау
  3. Мысал өлең

Уақыт мөлшері 20 минут.

II кезең

  1. Толғау
  2. Дастан немесе поэма

Уақыт мөлшері 20 минут.

«ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН САЛУ»

I кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Қазақстан композиторларының әні (mp3, wav форматы).
  2. Қатысушының дауыстық қабілетін ашатын кез келген тілде және кез келген стильде қатысушының таңдауы бойынша өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mp3, wav форматы).

ІI кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен қатысушының дауыс диапазонын және вокалдық мүмкіндігін көрсететін шетелдік хит ән (mp3, wav форматы).
  2. Қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні эстрадалық өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mp3, wav форматы).

 

«АКТЕРЛІК ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ

«ТЕАТР ӨНЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

I кезең

2, 3, 4 курстар – Топтық этюд

Жануарлар / жансыз заттар / адам / музыкалық / пластикалық

(ұсынылған жұмыс түрінен біреуін таңдау, ұзақтығы 15 минутқа дейін)

II кезең

2, 3, 4 курстар – Қойылым

Әдеби шығармадан инсценировка немесе пьесалық шығарма - толық немесе үзінді. (шығарма білім алушылардың жас ерекшелігіне сай болуы міндетті, ұзақтығы 45 минутқа дейін)

  1. Этюд пен қойылымда қолданылатын декорациялық құрал – жабдықтар қатысушылар тарапынан қамтамасыз етіледі. (минимализм болу керек)
  2. Сахнада пайдаланылатын құрал – жабдықтар сахналық қауіпсіздік ережелеріне сай болуы міндетті.
  3. Әр ұжымға техникалық дайындық үшін 20 минут беріледі. (байқаудың техникалық дайындығы бір күн бұрын жүргізіледі)
  4. Этюд пен қойылымда қолданылатын музыканы техникалық дайындық барысында ұйымдастырушыларға тапсыру қажет және әр ұжымның музыкаға жауапты өкілі болуы міндетті.

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.