АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2026 жылғы 4-5 қараша
«ҰЛЫ ДАЛА МУЗЫКАСЫ»
жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Түркі мәдениеттеріндегі орындаушылық тәжірибе және «Ұстаз-шәкірт» жүйесі: дәстүр мен заманауилық» тақырыбында «ҰЛЫ ДАЛА МУЗЫКАСЫ» ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының өтетіндігін хабарлайды.
Конференция жұмысы ұлттық музыкалық классиканы орындаудың және түркі мәдениеттерінде музыканттарды оқытудың дәстүрлі және қазіргі заманғы формалары мен тәжірибелерін жан-жақты қарастыруға бағытталған.
Конференцияға қатысуға музыкатанушылар, дәстүрлі орындаушылар, өнертанушылар, филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар және гуманитарлық білім мен педагогика саласының өзге де мамандары шақырылады.
Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
1. Ауызша және жазбаша музыкалық мәдениеттер феномені.
2. Ұлттық музыка классикасының жанрлары, формалары мен орындаушылық стильдері және оның қазіргі заманғы мәдениеттер жүйесіндегі өміршеңдігі.
3. «Ұстаз-шәкірт»: дәстүрлі музыканттарды оқытудың өткені мен бүгіні.
4. Әр түрлі дәуірлердегі, бағыттар мен стильдердегі музыкадағы мәдениеттердің өзара іс-қимылы.
Конференция аясында дәстүрлі орындаушылардың концерттері мен шеберлік сыныптары, сондай-ақ ауызша музыкалық дәстүр мен «Ұстаз-шәкірт» жүйесін зерттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысушылардың жол жүру, тұру және іссапар шығындары жіберуші ұйым есебінен төленеді.
Өтінім мен баяндама мәтіні 2026 жылғы 10 қазанға дейін мына электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс: uly-dala-musica@mail.ru. Жариялауға жіберілетін баяндаманың көлемі 10 бетке дейін (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жоларалық интервал – дара, барлық жиектер – 2 см, ені бойынша туралау, сөздерді тасымалдау – автоматты, азатжол шегінісі – 1,25 см).
Баяндаманың басында бас әріптермен атауы көрсетіледі, одан әрі кәдімгі кіші әріптермен автордың (немесе авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты толық, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс немесе оқу орны, телефоны, электрондық пошта мекенжайы жазылады. Магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ ғылыми жетекшінің/кеңесшінің Т.А.Ә., дәрежесін, ғылыми атағын және лауазымын көрсетуі қажет.
Мақаланың алдында оның негізгі мазмұнын көрсететін аңдатпа (150-200 сөз) және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кілт сөздер (8-10 сөз) беріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала мәтінінде кездесу реті бойынша жасалады (мақала мәтінінде шаршы жақшада Тізім бойынша нөмірі мен беті көрсетіледі).
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе қойылған талаптарға сай ресімделмеген мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Конференция тақырыбы бойынша өзекті мақалалар университеттің «Eurasian Science and Arts» ғылыми журналына жариялауға ұсынылады.
Байланыс телефондары:
+77015160560 Әлпейісова Гүлнар Тұяқбайқызы;
+77028270613 Ақпарова Ғалия Төлегенқызы
e-mail: uly-dala-musica@mail.ru