Құрметті Әріптестер!
Сіздерді «ХVI БОРАНБАЕВ ОҚУЛАРЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН СТАНДАРТТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЗАМАНАУИ КӨРКЕМДІК БІЛІМ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Өткізу күні: 2027 жылғы 2 ақпан, Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференция келесі секциялар бойынша өтеді:
- Көркемдік білім
- Музыкалық өнер
- Театр және сахналық өнер
- Бейнелеу өнері және дизайн
- Мәдениеттану
- Кино, теледидар және бұқаралық мәдениет
- Этномәдени зерттеулер және фольклор
Баяндама тақырыптары өнертану, дәстүрлі музыкалық мұра және көркемөнердің білім беру педагогикасы салаларындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Жарияланымдардағы деректер мен мәліметтердің шынайылығына мақала авторы жауап береді.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын тегін, электронды нұсқада жариялау жоспарлануда.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- А4 форматында, мақала тақырыбы мен ғылыми деңгейіне сай электронды нұсқада ұсынылуы қажет;
- қаріптер: Times New Roman; KZ Times New Roman (14 pt); жоларалық қашықтық – бір аралық; жолдары – жоғары, төмен, оң және сол жақ – 2 см;
- беттің жоғарғы жағында баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, одан кейін екі интервал төмен – автордың аты-жөні және тегі бас әріппен;
- бұдан соң баяндаманың атауы мен авторлардың аты-жөні толық нұсқада ағылшын тілінде жазылуы тиіс (алдымен толық аты-жөні, содан кейін тегі), одан кейін екі интервал төмен – негізгі мәтін;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі керек, алфавиттік тәртіппен рәсімделеді;
- барлық мәліметтер мақаланың соңындағы әдебиеттер тізімі арқылы расталуы тиіс; әрбеттік сілтемелерге рұқсат етілмейді!;
- мақала көлемі – 5-6 бет;
Мақаланы электрондық форматта 2027 жылдың4 қаңтарына дейін мына электрондық поштаға жіберу қажет: husainovagulzada@mail.ru;
Көлем мен жариялау мерзіміне байланысты шектеулерді ескере отырып, көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған мақалалар қарастырылмайды; іссапар шығындары, жолақысы мен тұру құны конференцияға қатысушылардың өз есебінен.
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті