Қазақ ұлттық өнер университетінің
құрметті студенттері, ұстаздары және қызметкерлері!
Сіздерді Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Университетіміз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында № 269 қаулысымен Қазақ ұлттық музыка академиясы болып ашылды. Ал 2009 жылы «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекеме мәртебесі берілді.
Өткен жылдар барысында біздің университет білім берудің бес деңгейінде: мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша өзіндік мектептері мен дәстүрлері қалыптасқан оқу ордасына айналды.
Әр жылдарда ҚазҰӨУ қалыптасуына университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік-басқару ұжымы үлес қосты.
Университеттің іргетасын қалағандар ішінде ҚазҰӨУ-нің тұңғыш проректорлары – марқұм Лебедев Игорь Борисович, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры – Мусахаджаева Раиса Қожабекқызы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры – Джумакова Үмітжан Рахметоллақызы, оқу бөлімінің меңгерушісі – Гүлшат Шаңбатырова ерекше үлес қосты.
Сонымен қатар бүгін университетімізде құрылған күннен бастап қызмет атқарып жүрген профессорлық-оқытушылар құрамындағы есімдерді атап өткім келеді – Измаилов Н., Сұлтанов Д., Егінбаева Т., Шегебаев П., Лукьянова Р., Каримов Н., Мұсахаджаева Р., Әбдінұров С., Малдыбаева Р., Хусаинова Г., Бекназар-Ханинға Л.,., Абатова А., Омарбаев Қ., Құсайынов А., Мұқашева Г., Омарова С., Исмаилов Г., Құттыбадамова Г., Романенко И, Романова Р., Гринко Н., Буркин А., Харламов В., Матафонова С. және бақилық болған ұлағатты ұстаздар Құсанова Ш., Абдусадықова С., Құжамқұлова С., Тезекбаев Ж., Жұмакенов Қ., Өзбеков В.
Классикалық музыка, эстрада, бейнелеу өнері, кинематография сияқты өнердің түрлі салаларындағы түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал, олардың арасында: Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Ержан Максим, Сүндет Байғожин, Салтанат Ахметова, Азамат Жылтыркөзов, Бағдат Әбілханов, Владимир Дё, Эльдар Сапараев, Ордабек Дүйсен, Павел Романенко, Еркінбек Птыралиев, Мұқышев Әліби, Арман Қайыржан, Шұғыла Сержан, Еламан Шаубанов, Азамат Жаңабеков, Телжан Нұрмахан, Асқар Нұрболат, Асель Бекежан, Дариға Тайшыкова, Асел Кемельбаева және басқалар.
Бүгінгі таңда университетте классикалық және дәстүрлі музыка, театр, кинематография және телевизия, бейнелеу өнері және дизайн, музыка теориясы, өнертану және арт менеджмент салалары бойынша мамандарды даярлайтын 7 факультет пен 24 кафедра табысты жұмыс атқаруда.
Біздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері білім беру, шығармашылық, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып, кәсіби шеберлігін Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен тәлім алып, ҚазҰӨУ серіктестері болып табылатын әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларының өту арқасында шыңдап жүр.
Өнер ордамыздың 25 жыл мерейтой жылы аясында ҚазҰӨУ ұжымы мен барлық студенттеріне амандық және өнер әлемінде жаңа белестерді бағындыруға шығармашылық шабыт тілеймін.
Құрметпен
ҚазҰӨУ ректоры,
Қазақстанның Халық әртісі,
Қазақстанның Еңбек Ері,
ЮНЕСКО «Бейбітшілік үшін әртіс»
атағының иегері
А.Қ.Мусахаджаева