2025 жылдың 5-6 желтоқсан күндері Ыстамбұл қаласының Yeditepe университетінде Culture, Art and Design in the Near Future» халықаралық симпозиум өтті.
«Көркем тоқыма» мамандығының студенттері Қадір Жасмин Маратқызы мен Дауренқызы Аяна, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының аға оқытушысы Серікбаева Перизат Шотыбайқызы жетекшілігімен Ыстамбұлда өткен «Culture, Art and Design in the Near Future» І Халықаралық Өнер және Дизайн симпозиумына қатысты. Шара цифрландыру, инклюзивті дизайн, экология және жаңа эстетика бағыттарының болашақ өнерге әсерін талқылаған маңызды алаң болды. Түркия, Қазақстан және Еуропадан келген мамандар заманауи өнердің даму тенденцияларын ортаға салды.
Симпозиумдағы негізгі бағыттар:
– цифрлық технологиялар (AI, VR/AR), жаңа медиа;
– әлеуметтік өзгерістер, этика және мәдени тәжірибе;
– инклюзивті дизайн және білім беру;
– экология, тұрақты материалдар, slow art;
– мәдениаралық диалогтар және жаңа көркем модельдер.
Студент баяндамалары:
1. Қадір Жасмин Маратқызы – «Color as a Visual Language…»
Түстің мәдени және эмоционалды мағынасы, қазақ-түркі символизмі, материал түрлеріне қарай түстің қабылдану ерекшелігі (войлок, гобелен, синтетика), инклюзивті білім беруде түсті оқытудың жаңа тәсілдері туралы айтты.
2. Дауренқызы Аяна – “Art in the Age of Fast Consumption”
Fast art феномені, тез тұтынылатын визуалды контенттің психологияға әсері, slow art пен дәстүрлі қолөнердің байланысы, жүн мен киіздің экологиялық-тактильді құндылығы, қалдық материалдарды қайта өңдеудің рөлі қарастырылды.
Жас зерттеушілердің жұмыстары материал, түс, мәдениет және экологияның өзара байланысын жаңа қырынан көрсетіп, симпозиумның ғылыми мазмұнын толықтыра түсті. Қатысу халықаралық ғылыми ортада тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, Қазақстандағы өнер мен дизайн зерттеулерінің өзектілігін әлемдік аудиторияға танытты.