УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Жас композиторлардың VII «Самал» халықаралық конкурсы

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университеті Музыкатану және фортепиано факультеті, музыкатану және композиция кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Жас композиторлардың «Самал» халықаралық конкурсы мәреге жетті. Конкурс Қазақ Ұлттық өнер университеті композиция кафедрасының негізін қалаушы, белгілі композитор Жұматай Тезекбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған.

Биыл 7 мәрте ұйымдастырылған байқау халықаралық деңгейдегі іс-шараға айналды. Бұл жолы Қазақстанмен қатар Армения, Беларус, Ресей және Қытайдан келген жас сазгерлер өнер көрсетті. Музыкалық мектеп, колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері мен сазгерлікпен айналысатын 7-30 жас аралығындағы жастар түрлі жанрдағы, стильдегі шығармаларын орындады. Жас сазгерлер үшін бұндай конкурстарға қатысу тәжірибе жинауға мүмкіндік береді әрі алдағы үлкен додаларға қатысуға жасалған алғашқы қадам.

Атап өтерлігі байқауға қатысушылар саны да жыл өткен сайын артып келеді. Вокалдық және аспаптық музыка номинациялары бойынша өткен конкурсқа қатысуға 50 адам өтінім берсе, олардың 36-сы екінші турға жолдама алды.  

Конкурсанттардың өнерін, шеберлігін елімізге белгілі музыка майталмандары Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының профессоры Юрий Каспаров, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы  директорының кеңесшісі Серік Еркімбеков, Қазақстан сазгерлері қауымдастығының президенті Артық Тоқсанбаев, Қазақ ұлттық өнер университеті Музыкатану және фортепиано факультетінің профессоры Үмітжан Жұмақов, Музыкатану және фортепиано факультетінің деканы Дмитрий Останькович, Музыкатану және фортепиано факультетінің оқытушысы, музыкатанушы Марианна Останькович бағалады.

Қазақ ұлттық өнер университеті, Музыкатану және фортепиано факультетінің деканы Дмитрий Останькович «Самал» конкурсы университеттің болашағы зор жобаларының бірі болып табылады және жас мамандардың өнердегі жолының қалыптасуына ықпал ететтіні туралы айтты.

Конкурс нәтижесі бойынша Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Мәлика Бағытжанова (Аспаптық музыка) Гран-при жеңіп алды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.