2024 жылғы желтоқсан айының 24 күні, сағат 11.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі кинотанушы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің «Когда оживают сказки: мультипликационное кино Казахстана» монографиясының (қайта басылымы) тұсаукесері өтеді. Бұл кітап қазақ анимациясының тарихына арналған. Сондай-ақ, 1984 жылы монография КСРО кинематографистер Одағының сыйлығына ие болған.
Кітап қазақ анимациясын өнердің жаңа түрі ретінде жан-жақты терең зерттеген алғашқы іргелі еңбек болып табылады. Бауыржан Нөгербек қазақ анимациясының қалыптасу кезеңінен бастап, даму үдерістері, фильмдер мен көркемдік құбылыстарына талдау жасайды. Сонымен қатар, анимацияның қазақ фольклоры, ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшелігін қайта пайымдаудағы маңызды рөлін ерекше атап кетеді. Бұл басылым анимациялық өнерді зерттеуде, жаңа буын суреткерлері мен зерттеушілерінің шығармашылық ізденістеріне арналған маңызды әрі құнды дереккөз болып табылады.
Өтетін күні: 24 желтоқсан, 2024 жыл
Өтетін орны: Қазақ ұлттық өнер университеті, Мәжіліс залы, 22 қабат
Басталуы: 11.00
Мекен-жайы: Астана қ., Абай даңғылы, 47
Байланыс телефондары: + 7 701 508 0843; + 7 702 487 8400
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.