«Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы
(9-13 желтоқсан 2024 жыл)
2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған "Astana Piano Passion" II Республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр.
Байқау ұлттық фортепиано мектебін дамыту, дарынды жас музыканттарды анықтау және қолдау, классикалық, академиялық музыканы, фортепианолық орындаушылықты және Қазақстан композиторларының музыкасын дәріптеу мақсатында өткізіледі.
Байқаудың басты міндеті қатысушылардың орындаушылық шеберлігінің деңгейін арттыру, жас орындаушылардың кәсіби және шығармашылық дамуына жәрдемдесу, қатысушыларды халықаралық конкурстар мен жобаларға дайындау, жұртшылықтың назарын классикалық музыкаға аудару.
Байқауға Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығы бойынша оқитын жас пианисттер қатыса алады және олардың жасы байқаудың бірінші күні 7 жастан 18 жасқа дейін болуы шарт. Байқау төрт санатта өткізіледі-7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас аралығы.
Байқау барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты Амир Тебенихиннің, Белорусь мемлекеттік музыка академиясының мамандандырылған фортепиано кафедрасының басқарушысы, профессор Владимир Дуловтың шеберлік сыныптары өтті.
Биыл байқауға Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Алматы және Астана қалаларынан пианистер келді. Байқауға барлығы 60 жас пианистер қатысты. 13 желтоқсанда Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында «Аstana Рiano Рassion» ІІ Республикалық байқауының салтанатты жабылуы өтті.
«Аstana Рiano Рassion» ІІ Республикалық жас пианистер байқауының БАС ЖҮЛДЕ иегері – Даниал Дюсембаев (оқытушысы Асабаева Сара Шакировна).
«Аstana Рiano Рassion» ІІ Республикалық жас пианистер байқауының «А» категориясындағы І орын иегері Иса Аяла (оқытушы Бейсембаева Гаухар Сериковна). II орын иегері атағымен Жарменов Рустам марапатталды (оқытушысы Косаманова Гульназ Гаяновна). Абдулла Жанболат (оқытушысы Мухамеджанова Гульжамиля Бурхановна). III орын иегері атағымен Алиханова Томирис марапатталды, (оқытушысы Манжула Ольга Николаевна). Сакенқызы Сана марапатталды, (оқытушысы Тоқтаған Ақдидар Айтжановна). Тян Ратмир марапатталады. (Оқытушысы Чечнёва Ольга Геннадьевна).
«В» категориясы бойынша І орын иегері атағымен Онгарбаева Жансая марапатталды (оқытушысы Здорнова Жанна Викторовна). II орын иегері атағымен Нұрсұлтан Іңкәр, оқытушысы Жакеева Гульнара Сапиоллаевна. Көпбай Бексұлтан, (оқытушысы Бекишева Хадича Искандаровна). III орын иегері атағымен Дуйсекеев Аман марапатталды, (оқытушысы Даукеева Мензия Кенжибековна). Думитреску Марк. (оқытушысы Цветцих Елена Валерьевна). Каримов Алан марапатталды, (оқытушысы Сурапбергенова Светлана Алмабаевна).
«Аstana Рiano Рassion» ІІ Республикалық жас пианистер байқауының «С» категориясы бойынша I орын иегері атағымен Ахметов Рауан марапатталды (оқытушысы Джумакова Гафура Рахметулловна). II орын иегері атағымен Алдабаев Марлен марапатталды, (оқытушысы Кусаинов Алтай Карпыкович). Шайхов Айдар, (оқытушысы Кремер Евгения Андреевна). III орын иегері атағымен Азаматулы Айторе марапатталды, (оқытушысы Каражигитова Шолпан Наримановна). Булат Адина марапатталды (оқытушысы Сурапбергенова Светлана Алмабаевна).
«Аstana Рiano Рassion» ІІ Республикалық жас пианистер байқауының «D» категориясы бойынша I орын иегері атағымен Мхитарян Ашот марапатталды (оқытушысы Сурапбергенова Светлана Алмабаевна). II орын иегері атағымен Нугманкызы Дария марапатталды. (оқытушысы Каминская Ольга Михайловна). Каменецкая Софья марапатталады, (оқытушысы Кремер Евгения Андреевна). III орын иегері атағымен Жанас Бекмырза марапатталды. (оқытушысы Измаилов Нурлан Тохтарович). Жумангарина Тогжан марапатталды. (Оқытушысы Асабаева Сара Шакировна). Дастан Елнар марапатталды. (Оқытушысы Абдуллаева Айгерим Ондасыновна).
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.