УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы үнді классикалық биі мен йога орталығының негізін қалаушы Ақмарал Қайназарованың «Бхаратанатьям» үнді классикалық биі бойынша мастер-классы өтті. 

Ұстаз тәжірибесімен бөлісіп, Бхаратанатьям биінің негізгі қимылдары мен техникасын үйретті. Шеберлік сабағына «Театр өнері және өнертану» факультетінің «Драма театры және кино артисі» және «Музыкалық театр артисі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 1-2 курс студенттері қатысты. 

Автор университет кітапханасына үнді классикалық би өнері жайлы өзінің кітабын сыйлады. Студенттер атынан Ақмарал ханымға алғысымызды айтамыз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.