УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Ермұрат Үсеновке университеттің “Құрметті профессоры” атағы берілді

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Ғылыми кеңесі отырысында композитор, күйші, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсеновке университеттің “Құрметті профессоры” атағы салтанатты түрде табысталды.

Сондай-ақ бүгін университет қабырғасында “Дәстүрлі музыкалық өнер” және “Музыкатану және фортепиано” факультеттерінің ұйымдастыруымен Ермұрат Үсеновтің шеберлік сабағы өтті.

Мастер-класс барысында композиторлық ойлау жүйесі, ұлттық стиль, форма мен тембрмен жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ автордың жеке шығармашылық тәжірибесі жан-жақты талқыланды. Ермұрат Үсенов студенттер мен оқытушыларға өзінің шығармашылық жолындағы маңызды тұжырымдарымен бөлісіп, қазіргі заман композиторы үшін ойлау мәдениетінің маңызын атап өтті.

Шараға студенттер, оқытушылар және композиция өнеріне қызығушылық танытқан өнерсүйер қауым қатысты. Мұндай тағылымды кездесулер жас композиторлар мен орындаушылар үшін үлкен шабыт пен кәсіби бағдар беретіні сөзсіз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.