ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚР МАМ «КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ» РММ
Өнер және мәдениет саласындағы қосымша, жоғары, орта және арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған
X Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы
(БММ, БӨМ, МОММ жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: колледж, өнер училищесі және т.б.)
20.12.2025–31.01.2026
Құрметті әріптестер!
Қазіргі заман – жаһандық сын-қатерлердің кезеңі: қарқынды технологиялық прогресс, инновациялардың белсенді енгізілуі, IT-технологиялар мен жасанды интеллектінің жедел дамуы адам ресурстарының ұтқырлығын талап етеді.
Осындай жағдайда білім мен ғылым – жаңғырудың негізгі қозғаушы күші, өзгерістердің ту ұстаушысы болуы тиіс. Алдыңғы қатарлы экономикалардың өркендеуі – адам капиталының жоғары деңгейіне негізделген, ал оны қалыптастыру тиімді білім беру стратегиялары мен прогрессивті мемлекеттік саясатсыз мүмкін емес.
Педагогикалық шеберлік байқауының негізгі тақырыптары: білім берудегі инновациялық тәсілдер, соның ішінде қашықтан оқыту форматы мен заманауи техникалық мүмкіндіктерді пайдалану жолдары.
Біз сіздердің идеяларыңыз, жобаларыңыз және бастамаларыңыз мәдениет пен өнер саласындағы білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосады деп сенеміз.
ЕРЕЖЕ
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізу тәртібін реттейді.
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы – Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (әрі қарай – Ұйымдастырушы).
1.3. Байқаудың мақсаты – педагогикалық, білім беру және тәрбие әдістемелерін инновациялық тұрғыда насихаттау, педагогикалық тәжірибе алмасу, инновациялық оқыту әдістемелерін қолдану тәжірибесін тарату.
1.4. Байқаудың міндеттері:
а) оқытушылардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру;
ә) мәдениет және өнер ұйымдарындағы оқу орындарында инновациялық, тиімді классикалық педагогикалық әдістерді жинақтау және насихаттау;
б) педагогикалық тәжірибе мен инновациялық оқыту және тәрбие әдістерін қолдану бойынша кәсіби байланыс алаңдарын кеңейту;
в) мәдениет және өнер оқу орындарында оқу-тәрбие процесіне инновациялық әдістемелерді енгізуді ынталандыру;
г) педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтауға және таратуға ықпал ету;
ғ) оқытушылар арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту арқылы кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау.
1.5. Байқау қатысушылардың жұмыстарын бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды. Байқау абсолютті жеке біріншілік емес, бірінші, екінші, үшінші орындар бірнеше болуы мүмкін. Орындардың саны конкурс жұмыстарының сапасына байланысты.
1.6. Қатысушы байқаудың шектеусіз санаттарына қатыса алады, бірақ әр санатқа тек бір жұмыс ұсына алады. Бір конкурс жұмысы тек бір санатта ғана қатыса алады.
1.7. Байқау қашықтық (яғни дистанциялық) форматта өткізіледі.
- БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
2.1. Байқауға қосымша білім беру, жоғары, орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтары, білім беру ұйымдарының әдіскерлері, мәдениет пен өнер саласының студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады.
2.2. Байқау қатысушылары өздерінің жобаларын ерікті түрде ұсынады.
2.3. Байқауға жеке және топтық жұмыстар қабылданады.
2.4. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жұмыстар қатыса алады.
- БАЙҚАУДЫҢ ПӘНІ
3.1. Байқаудың пәні – инновациялық және дәстүрлі тиімді педагогикалық әдістер мен оқыту және тәрбие құралдары.
3.2. Байқауға ұсынылатын әрбір жұмыстың құрылымы тиянақты болуы, мақсаты мен міндеттері айқындалуы, әдістемелік жаңалығы және автордың оның тиімділігіне берген бағасы болуы қажет.
3.3. Әрбір жобада қолданылатын немесе жобаланатын педагогикалық әдістер мен оқыту және тәрбие құралдары көрсетілуі тиіс.
3.4. Жобалар білім алушылардың кез келген санатына ұсынылуы мүмкін:
-қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне;
-мамандандырылған орта білім беру мектептерінің оқушыларына;
-кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының студенттеріне.
- БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕТІН МЕРЗІМДЕР
4.1.
- Дайындық кезеңі (қатысуға өтінім, қатысушылардың және жұмыстардың фотосуреттерін жолдау): 20.12 – 31.12.2025 ж.
- Негізгі кезеңі. Материалдардың байқау талаптарына сәйкестігін тексеру: 04.01 – 10.01.2026 ж.
- Эксперттік бағалау кезеңі: 11.01 – 18.01.2026 ж.
- Қорытынды кезеңі. Жеңімпаздарды марапаттау – дипломдарды қатысушылардың электрондық мекенжайына жолдау, байқау нәтижелері туралы ақпаратты КазҰӨУ-нің сайтында жариялау: 31.01.2026 ж. дейін.
4.2. Байқауды ұйымдастырушы оның кестесін өзгерту құқығын сақтайды және қатысушыларға КазҰӨУ-нің сайты арқылы хабарлайды: https://kaznui.edu.kz/.
- БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
5.1. Байқауға қатысу тегін.
5.2. Қатысушы осы ереже талаптарына сәйкес байқау жұмысын және өтінімін грамматикалық қателерсіз konkurskaznui@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберуі қажет.
- БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
6.1. Байқауға ұсынылған материалдарды үшінші тұлғалар тек ғылыми және білім беру мақсатында пайдалана алады. Үшінші тұлғаларға бұл жұмыстарды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
6.2. Байқауға ұсынылған жұмыстарды немесе олардың бөліктерін пайдаланғанда, авторын көрсету және дереккөзіне сілтеме жасау қажет. Авторлық құқықты сақтау жауапкершілігі жұмысты ұсынған қатысушыға жүктеледі.
6.3. Байқауды ұйымдастырушы жауапкешілікті алмайды:
а) жұмыстар авторлары үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзған жағдайда;
ә) байқауға қатысу үшін ұсынылған материалдардың мазмұны, сапасы және үшінші тұлғалар тарапынан пайдаланылуы үшін;
б) материалдардың дұрыс пайдаланылмауынан туындаған қатысушылардың немесе үшінші тұлғалардың тікелей немесе жанама шығындары үшін.
- БАЙҚАУ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕР ҚҰРАМЫ:
7.1. Байқаудың номинациялар бойынша қазылар алқасының мүшелер құрамы ұйымдастыру комитетінің отырысында бекітіледі.
7.2. Қазылар алқасының мүшелер құрамына мәдениет, білім және ғылым саласының жетекші мамандары кіреді.
7.3. Жюри шешімі қорытынды болып табылады және талқыланбайды.
- ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
8.1. Байқау қатысушылары I, II, III дәрежелі электрондық ДИПЛОМ немесе қатысушы ДИПЛОМЫН өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға алады.
8.2. Бес және одан көп қатысушыны қатыстырған оқу орны «БАЙҚАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫ» ДИПЛОМЫМЕН марапатталады.
- ӨТІНІМДІ ҚАБЫЛДАМАУ
Ұйымдастыру комитеті ұсынылған жұмыс осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қатысушыны байқаудан шығара алады.
- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ
- «Электрондық оқу құралы» номинациясы;
- «Қазіргі заманғы сабақ» номинациясы;
- «Авторлық оқу бағдарламасы» номинациясы (пәндер бойынша оқу жоспарлары/бағдарламалары авторлық оқу бағдарламасы болып саналмайды, тек шын мәніндегі авторлық жобалар қабылданады, олар оқу процесіне енгізілген немесе енгізілуге ұсынылған болуы тиіс);
- «Оқу-әдістемелік құрал, оқу құралы» номинациясы (ноталық жинақтар қарастырылмайды);
- «Әдістемелік жоба» номинациясы;
- «Шығармашылық жоба» номинациясы;
- «Ғылыми жоба» номинациясы.
- КОНКУРС ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
11.1. Конкурс жұмысы келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
- жоспарланған мақсатты аудитория – мамандықтар, сыныптар, курс;
- оқу құралы, электрондық оқулық, бағдарлама, жоба, шығармашылық тапсырмалар, презентациялар және т.б. қолдану мақсаты (оқу процесіне енгізу, материалды бекіту, бақылау сабағы, курс бойынша білімді тексеру, олимпиада, үй тапсырмасы, қашықтықтан оқыту және т.б.).
11.2. Конкурс жұмысына әдістемелік түсініктеме қосылып, келесі мәліметтер ұсынылады:
а) мақсаттар, міндеттер, әдістер;
ә) жұмыстың құрылымы;
б) болжамды/сынақтан өткен нәтижелер;
в) қажетті жабдықтар (компьютерлік бағдарламалар, аудиторияны материалдық қамтамасыз ету және т.б.);
г) сынақ материалдары (фото, видео, анкета және т.б.) – бар болса көрсетілуі тиіс.
11.3. Конкурс жұмысының құрылымы нақты белгіленбейді және номинацияға сәйкес құрастырылады. Ұсыныс:
- Әдістемелік ұсынымдар;
- Бағдарламаның тақырып/бөлім әдістемелері;
- Пәнді оқытудың әдістемелік ұсынымдары;
- Жалпы оқыту әдістемесінің ұсынымдары;
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа формалары, әдістері немесе құралдары бойынша әдістемелік материалдар: көлемі – 20–25 бет (Times New Roman, 14 кегль, 1 аралық); сабақ немесе сабақтар сериясы үшін – қосымшаларды есепке алмағанда, 10 беттен бастап.
11.4. Конкурс жұмысы алғаш рет ұсынылуы тиіс.
11.5. Жобалардың әзірлену жылы 2023 жылдан бұрын болмауы тиіс.
- ХАТ АЛМАСУ
12.1. Өтінімдер мен конкурс материалдары конкурстың электрондық поштасына жіберіледі: konkurskaznui@mail.ru (31.12.2025 ж. дейін).
12.2. «Хат тақырыбы» алаңына номинация атауы жазылады (мысалы: «Электрондық оқу құралы»). Хатқа фото, өтінім және конкурс жұмысына сілтеме тіркеледі, олар келесі түрде рәсімделеді: Фото_Тегі; Тегі_өтінім_Номинация атауы; Тегі_жоба. Номинация атауы (мысалы: Фото_Аблаев; Аблаев_өтінім_Электрондық оқу құралы; Аблаев_жоба. _Электрондық оқу құралы).
12.3. Бірнеше номинацияға қатысқанда, әр номинация үшін ЖЕКЕ ХАТ жіберілуі тиіс.
12.4. Бес жұмыс күні ішінде қатысушыға жұмыстың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жауап жіберіледі. Егер жауап алынбаса, өтінімді қайталап жіберу қажет.
- БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
13.1. Байқауды өткізу бойынша барлық сұрақтарды konkurskaznui@mail.ru электрондық поштаға жіберуіңізге болады
13.2. Байланыс тұлғалары:
- Харламова Татьяна Валерьевна: +7 775 857 1569 (тек WhatsApp);
- Апанович Татьяна Анатольевна: +7 705 636 9951.