УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Конкурс «Республиканский конкурс фортепианных ансамблей»

 «ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ҮЗДІК ОРЫНДАУ»
III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРТЕПИАНО АНСАМБЛЬДЕРІ ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

 1. Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындау» III Республикалық фортепиано ансамбльдері конкурсы 2023 жылғы 4-8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өткізіледі.
2. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің («ҚазҰӨУ» РММ) оқу орнында өтеді.
3. Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы 47 тел.  +7 (701) 518 06 59, тел.  +7 (705) 323 69 61.
4. Электрондық пошта: ensemblec.ofart12@gmail.com

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

 • Ұлттық мәдениетке, фортепиано ансамбльдік музыка жанрына қызығушылықты     
сақтау және дамыту;
• Қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттау;
• Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін ашу, дарынды орындаушыларды қолдау;
• Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру;
• Азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуына жағдай жасау;
• Жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға ұмтылуға ықпал ету, оның дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
• Кәсіби музыкалық білім беру жүйесіндегі білім беру кеңістігінің байланыстарын нығайту.

Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

 1. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ҚазҰУ РММ базасында күндізгі форматта өткізіледі.
2. Конкурсты өткізу күні: 2023 жылдың 4-8 желтоқсан аралығы.  Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 47.
3. Конкурс «фортепиано» мамандығы бойынша кәсіби мамандандырылған оқу орындары мен өнер мектептері арасында өткізіледі.
4. Байқауға 6 жастан 27 жасқа дейінгі өнерпаздар шақырылады.
5. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
I: Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары;
II: Музыкалық колледждердің студенттері және МАММ жоғары сыныптары;
III: Жоғары оқу орнының студенттері.
6. Конкурс келесі номинация бойынша өткізіледі:
«Фортепиано ансамблі» (4, 6 немесе 8 қол)
7. Конкурс бір кезеңнен тұрады.
8. Қазылар алқасының шешімімен барлық лауреаттардың видеожазбалары ҚазҰӨУ сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде таратылады.

Марапаттау

1. Конкурс қатысушыларына қазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар тағайындалады:
• Бас жүлде және лауреат атағы;
• 1 орын және лауреат атағы;
• II орын және лауреат атағы;
• III орын және лауреат атағы;
• Диплом иегерінің атағы;
2. Жеңімпаздарды дайындаған оқытушылар алғыс хаттармен марапатталады. 

Бағдарламалық талаптар

Барлық жас санаттары фортепиано ансамбліне арналған екі шығарманы орындайды:
1. Қазақстан композиторының шығармасы;
2. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

I   категория бойынша орындау ұзақтығы 10 минуттан аспау қажет.
ІІ категория бойынша орындау ұзақтығы 15 минуттан аспау қажет.
ІІІ категория бойынша орындау ұзақтығы 20 минуттан аспау қажет.

 Бағдарламаны нотамен ойнатуға болады.

Өтініш беру тәртібі:

 Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылдың  23 қараша (қоса алғанда) сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) электронды форматта келесі құжаттарды тапсыру қажет:
• Сайтта белгіленген үлгідегі электрондық өтінім https://kaznui.edu.kz «Анонс» бөлімінде;
• Өтініште жеке басын куәландыратын  (төлқұжат/жеке куәлік) бойынша қатысушы мен оқытушының аты-жөнін анық көрсету керек;
• Ел, қала, оқу орнының толық атауы;
• PDF форматындағы жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (электрондық өтініште);
• Конкурсқа қатысушының бағдарламасы (электрондық өтінімде);
• Ансамбль мүшелерінің JPEG форматындағы бірлескен фотосуреті.
Конкурсқа қатысу тегін.
• Құжаттар пакеті толық емес және дұрыс ресімделмеген жағдайда өтініштер қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті

 1. Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы ҚазҰӨУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2. Конкурсты дайындау және өткізуді  ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қамтамасыз етудің түрлерін айқындайды.
5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу кезінде туындаған өзге де ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді.

Конкурстың қазылар алқасы

 - Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау, сондай-ақ қорытындылау үшін қазылар алқасы құрылады.  Қазылар алқасы заманымыздың көрнекті музыканттары,  мәдениет және өнер қайраткерлерінен жасақталып, бекітіледі.
- Конкурстың қазылар алқасы жүлделерді бөлісуге немесе жүлделерді бермеуге құқылы. Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Өтінім бере отырып, қатысушы ұйымдастыру комитетіне дербес деректерді өңдеуге және ресми сайтта және конкурстың электрондық парақшаларында орналастыруға келісім береді.

 

Ұйымдастырушылар

Халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызметі
ҚазҰӨУ «Фортепиано және орган» кафедрасы
Веб-сайт:
https://kaznui.edu.kz
Өткізу орны
Қазақ Ұлттық Өнер Университеті
Абай даңғылы 47
Астана қ., Akmola 010000 Казахстан 
Телефон:
+7 (701) 518 06 59
+7 (705) 323 69 61

 

Өтініш беру тәртібі:

III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРТЕПИАНО АНСАМБЛЬДЕРІ ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫ

«ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ҮЗДІК ОРЫНДАУ»

(оффлайн форматта)

 

 Ансамбль мүшелері бір электронды өтініш толтырады!


№1 Қатысушының аты және тегі

 

№1 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

 №2 Қатысушының аты және тегі

 

№2 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

№3 Қатысушының аты және тегі

 

№3 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

№4 Қатысушының аты және тегі

 

№4 Туу туралы куәліктің/жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі

 

Жас санаты

 

Конкурсқа қатысушылардың оқу орнының атауы (толық)

 

Оқытушының аты-жөні (толық), телефоны, электронды поштасы

 

Жауапты өкілдің электрондық пошта (e-mail), ұялы телефоны (халықаралық теруде)

 

Бағдарлама және бейнежазбаның ұзақтығы (шығармалардың атауларын түпнұсқа тілінде жазған жөн)

1.
2.

JPEG форматындағы ансамбль мүшелерінің бірлескен фотосуреті

 

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.