УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚазҰӨУ-не қош келдіңіз!

Қымбатты достар!

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері атынан Сіздерді біздің сайтымызда қарсы алуға қуаныштымын!
Біздің университет келесі бағыттар: музыка, театр, кинематография, бейнелеу өнері, дизайн, өнер теориясы, өнер менеджменті және т.б бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайтын Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.

Бес деңгейлі білім беру жүйесі: мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура арқасында, сонымен қатар Еуропадағы, Азиядағы және АҚШ-тағы ҚазҰӨУ серіктестері – әлемнің жетекші университеттерінде академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту, шеберлік сыныптарымен тәжірибе алмасу арқылы біз - ҚазҰӨУ түлектерінің кәсіби біліктілігін қалыптастырамыз.

Біз студенттерімізге оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, заманауи білім беруге ұмтыламыз, сонымен қатар студенттің шығармашылық әлеуетін ашуда және оның кәсіби өсуі мен мансаптық жолын қалыптастыруда оған жеке даму жолын ұсынамыз.

Біз студенттеріміздің қоғамдық қызметтегі белсенділігі мен жарқын студенттік өмірін, олардың музыкалық шығармашылығын, концерттік және гастрольдік іс-шараларын, сонымен қатар түлектеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Барлық сайтқа келушілерді Қазақ ұлттық өнер университеті жайында, біздің тарихымыз бен жетістіктеріміз, сонымен қатар Біз ұсынатын оқу мүмкіндіктері туралы көбірек мәлімет алуға шақырамын.



Дайындықтың барлық деңгейлері

Біздің оқу орындарында білім берудің барлық деңгейлерді қамтылған: мектеп, колледж, дайындық курстары, бакалавриат, магистратура және докторантура.

Тәжірибе және кәсібилік

300-ден астам жоғары білікті мамандардан құралған профессорлық – оқытушылық құрам.

Халықаралық танымалдық

Шығармашылық ұжымдардың шетелде жиі және табысты өнер көрсетуінің арқасында университетіміз әлемнің көптеген елдерінде танымал.

Таңдау мүмкіндігі

Музыка мен өнердің 13 бағыты бойынша 65 білім беру бағдарламасы ұсынылады.

Белсенді өмір

Біздің университет көптеген шығармашылық байқаулар мен фестивальдардын ұйымдастырушысы және оларға қатысушы болып табылады.

Заманауи база

Білім берудегі озық технологиялар, соның ішінде жоғары санаттағы эксклюзивті музыкалық аспаптар мен техникалық жабдықтар қолданылады.

Ағымдағы ақпарат

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚазҰӨУ жаңалықтары, хабарландырулары, анонстар және оқиғалар.

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚазҰӨУ жаңалықтары, хабарландырулары, анонстар және оқиғалар.

Байқаулар

ҚазҰӨУ өткізетін байқаулардың және басқа да шаралардың афишалары.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.