УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Республикалық конкурстар

Республикалық конкурстар

Музыкалық колледждер арасындағы 45 – ші Республикалық орындаушылар конкурсы

Музыкалық колледждер арасындағы
45 – ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы 45-ші Республикалық орындаушылар конкурсы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12-1-тармақшасына сәйкес, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы негізінде әзірленді.
  2. Осы Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы 45-ші Республикалық орындаушылар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысуды және лауреаттарды анықтауды белгілейді.
  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (5 тарау, 26 бап), сондай-ақ «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсанындағы №514 Бұйрығына сәйкес балдар тең боған кезде, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейін кадрлар даярлау бойынша білім беру гранттарын алуға басым құқыққа халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (бірінші, екінші және үшінші дәрежерлі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары ие болады.
  4. Конкурстың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
  • Өнер саласында шығармашылық жетістіктерін анықтау, талантты және дарынды шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
  • Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;
  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
  • Азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
  • Жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.
  1. Конкурсты өткізудің тәртібі
  1. Конкурсты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 2024 жылдың 22 - 26 сәуір аралығында Қазақ ұлттық өнер университеті республикалық мемлекеттік мекемесі базасында өткізеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай көшісі 47, Жеңіс даңғылы
  2. Конкурс 02150100 - «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар номинациялары бойынша), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Эстрадалық ән орындау, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме номинациялары бойынша) мамандықтары бойынша өткізіледі.
  3. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі.
  4. Іріктеу кезеңі қатысушыны Конкурсқа жіберетін білім беру ұйымында өткізіледі.
  5. Негізгі кезең Қазақ ұлттық өнер университетінде өткізіледі. Негізгі кезең барлық номинациялар бойынша 2 турды қамтиды.
  6. Қатысушылардың өнер көрсету кезектілігі конкурс басталғанға дейін ұйымдастыру комитетінің жеребесімен анықталады және конкурстың соңына дейін сақталады.
  7. Әр қатысушы мамандық шифріне сәйкес, жеке және ансамбльдік номинацияға қатыса алады.
  8. 02150100 - «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» (Фортепиано, Ішекті аспаптар, Үрлемелі және соқпалы аспаптар, Қазақ халық аспаптары, Фольклорлық аспаптар, Фольклорлық ансамбль, Орыс халық аспаптары, Эстрадалық музыкалық аспаптар), 02150400 «Хор дирижерлеу», 02150200 «Музыка теориясы», 02150300 «Ән салу» (Академиялық ән салу, Ансамбльдік ән салу, Домбырамен халық әндерін орындау, Жыр-терме, Эстрадалық әндер орындау), мамандықтары конкурстың әрбір кезеңінде 25 ұпайлық жүйемен бағаланады.
  9. Екінші кезеңге жиынтығында 18 балдан кем алмаған қатысушылар жіберіледі. 02150200 «Музыка теориясы» мамандығының қатысушылары барлық кезеңдердің соңына дейін қатысады.
  10. Электрондық өтінім жіберілгеннен кейін бағдарламаларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  11. Баспа материалдарындағы аты-жөндер (сертификаттар мен дипломдарда) қатысушының өтініші бойынша басылады.
  12. Бірінші және екінші кезеңнің бағдарламасы жатқа орындалуы тиіс.
  13. «Электрогитара» номинациясы бойынша қатысушы тұрып орындайды.
  14. Конкурсқа бекітілген конкурстық бағдарламаны менгерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымдарын алған білім алушылар қатысады.
  15. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысу үшін әр номинация (аспап / дауыс) бойынша тек екі қатысушыны ұсына алады.
  16. Алдыңғы конкурста студенттері 1 орын алған ұйымдар тиісті номинация бойынша конкурсқа қатысуға үш қатысушыны ұсына алады.
  17. Конкурсты ұйымдастырушылар тарапынан (ҚазҰӨУ) әр номинация бойынша төрт қатысушыға дейін конкурсқа қатыстыра алады.
  18. Номинацияға қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда (3 адамнан кем болса), конкурс өткізілмейді немесе ұқсас номинациямен біріктіріледі.
  19. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша өткен жылдардың орындаушылар конкурсында 1-орын алған білім алушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  20. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушыларға келесі орындар беріледі:

І орын мен лауреат атағы;

ІІ орын мен лауреат атағы;

ІІІ орын мен лауреат атағы;

және Дипломант атағы.

  1. Конкурста 18 ұпай санынан кем емес алған қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
  2. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар және концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
  3. Қазылар алқасының шешімі бойынша барлық лауреаттар (02150200 «Музыка теориясы» мамандығының лауреаттарынан басқа) ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.
  4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы өз есебінен концертмейстерлер мен қатысушыға жауапты оқытушыны белгілейді және жауапкершілік міндеттейді.
  5. Ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келген қатысушыларды кезекті концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
  6. Концертмейстер мен қатысушыға жауапты оқытушының іссапар кезіндегі еңбекақысы толық сақталады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды (Google-форма) түрде белгіленген мерзімде қабылданады. Сілтемесі kaznui.kz сайтының «Іс-шара» бөлімінде жарияланады.

  1. Белгіленген үлгідегі электрондық өтінім келесіні қамтиды:

· ЖЕКЕ КУӘЛІККЕ СӘЙКЕС қатысушының, оқытушының және сүйемелдеушінің аты-жөні;· Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың (куәлік, туу туралы куәлік, паспорт). скан нұсқадағы көшірмесі (PDF форматы);· Өлшемі 3х4 см jpeg форматтағы көркем фотосурет;· PDF форматындағы оқу орнынан анықтама;· Қатысушының конкурстық бағдарламасы.

  1. Өтінімдер 2024 жылдың 1 сәуір(қоса алғанда) сағат 12:00 (Астана қ. уақыты бойынша) дейін қабылданады.
  2. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар басқа форматта рәсімделген жағдайда өтінімдер қабылданбайды.
  3. Қатысушыларды жіберуші ұйым (оқу орны) барлық номинациялар бойынша бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған скан нұсқада қатысушылардың толық тізімін 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс.
  4. Конкурсқа қатысушылардың, қатысушыға жауапты оқытушының және концертмейстерлердің іс-сапар шығындары (жол ақысы, жатын орны, тамағы) конкурсқа жіберуші жақтан қарастырылады.
  5. Ұйымдастыру комитеті шақыруды тек конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушыларға жібереді.
  1. Ұйымдастыру комитеті
  1. Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
  5. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
  1. Конкурстың қазылар алқасы
  1. Конкурстың қазылар алқасы құрамы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда тақ сан болуы тиіс. 
  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелерімен бекітіледі.
  4. Қазылар алқасының мүшелері сол кезеңде өзінің білім алушысы болып саналатын қатысушылардың кандидатурасын талқылауға және дауыс беруге қатыспайды.
  5. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  6. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне 25 ұпайлық жүйе бойынша баға береді:
  • Қатысушылар саны 15 адамнан артық болған жағдайда, бір бiрiншi, екі екiншi және үш үшiншi орындар мен және дипломдармен марапаттайды;
  • Қатысушылардың саны 15 адамға дейін болған жағдайда, бір бірінші, бір екінші, бір үшінші орындар және дипломдармен марапаттайды.
  • Жүлделі орындар қазылар алқасының қалауы бойынша қатысушылар арасында бөлінуі мүмкін.
  1. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындарды бермеуге құқылы.
  2. Демеушілер мен өзге де ұйымдар конкурс қатысушыларына арнайы жүлделерді ұсына алады.
  3. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
  1. Хат алмасу, байланыс ақпараты
  1. Конкурс өткізу бойынша барлық сұрақтар kaznui@gmail.com электронды мекен-жайына жіберіледі.
  2. Конкурстың байланыс телефоны: +7 (747) 631 46 52

Музыкалық колледждер арасындағы (дәстүрлі форматтағы)

45 – ші Республикалық орындаушылар конкурсынның номинациялар бойынша бағдарламасы

 

02150100 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша

«ФОРТЕПИАНО»

Ікезең

  1. И.С.Бах «Жақсы қарқынды клавир» 1-2 том, Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша) немесе Д. Шостакович – Прелюдия және фуга (таңдауы бойынша)
  2. Классикалық сонатаның 1 немесе 2 және 3 бөлімдері – В.А.Моцарт, И.Гайдн, Л.Бетховен.
  3. Екі этюд – Ф.Шопен, Ф.Лист, С.Рахманинов, А.Скрябин, К.Дебюсси, Н.Паганини – Ф.Лист, С. Прокофьев.

ІІ кезең

Қазақстандық композитордың шығармасын қамтитын 20 минуттан кем емес еркін бағдарлама.

«ІШЕКТІ АСПАПТАР»

«СКРИПКА»

І кезең

  1. Төменде аталған этюдтардың бірін орындау:

П. Роде: Этюдтар (қатысушының таңдауымен);

Ш. Данкля: Этюдтар: № 3, 5, 7, 11, 13;

Г.Венявский – Капристар (қатысушының таңдауымен);

Н.Паганини – Капристар (қатысушының таңдауымен);

  1. И.С.Бах – Скрипкада соло орындау үшін алты соната және партиталар.

Конкурсант қатар тұрған екі бөлімді орындауы тиіс. Бұдан бөлек орындалатын ре – минор партитасынан Чакона және Ми-мажор партитасынан прелюдия, сонымен бірге толығымен орындалатын екі менуэт, Бурре мен Жига қосылмайды.

  1. Хасшеберлік пьеса: А.Вьетан, Н.Паганини, П.Сарасате, Г.Венявский, Б.Барток, К.Сен – Санс, М.Равель, Э.Изаи, К.Шимановский, П.Чайковский, Е.Цимбалист, В.Витали, Н.А.Римский – Корсаков және тағы басқалар.

ІI кезең

  1. Қазақстан Республикасының композиторларының пьесасы
  2. А.Вьетан № 1, 2, 4, 5. Н.Паганини, В.Венявский, Ф.Мендельсон, С.Прокофьев, А.Хачатурян, М.Брух, А.Глазунов, К.Сен – Санс, Ғ.Жұбанова, А.Дворжак, Э.Лало, К.Гольдмарк, Г.Конюс және т.б. концерттерінің бірі (1-ші немесе 2-ші – 3-ші бөлімдері каденцияларымен орындалады)

«АЛЬТ»

І кезең

  1. Г.Телеман қиялдарының бірі немесе И.С.Бахтың виолончельге арналған сюиталарынан 2 бөлім (альт солоға үшін аударылған) немесе скрипка солоға жазылған сонаталарынан және партиталарынан 2 бөлім.
  2. Капристердің бірін: Ф.Мазас, Б.Компаньоли, Ф.Хофмайстер, И.Палашко, Р.Крейцер, П.Роде.
  3. Хасшеберлік пьеса: Ф. Шуберт – «Пчелка», Н.Римский-Корсаков «Полет шмеля», «Пляска скоморохов», А.Бородин – «Пляска девушек» С.Цинцадзе – «Хоруми», Мусоргский «Гопак», Дебюсси «Цыганский танец» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының пьесасы.
  2. Концерт – 1, или 2, 3 части: И.Х.Бах, Г.Гендель, К.Цельтер, А.Ролла, А.Вивальди (В.Борисовский), И.Хандошкин, Б.Зейдман № 2, Я.Стамиц, Ф.Хофмайстер, С.Форсайт, және т.б.

«ВИОЛОНЧЕЛЬ»

І кезең

  1. И. С. Бах – виолончель солоға арналған сюитадан екі бөлім.
  2. Д.Поппер, Ю.Дотцауэр, Ж.Дюпор этюдтерінің бірін немесе Пиатти каприсы.
  3. Хасшеберлік пьеса: Д.Поппер - «Тарантелла», «Прялка»; А.Вержбилович – Этюд; Ж.Б.Сенайе – «Аллегро спиритуозо», К.Сен – Санс «Аллегро аппассионато», А.Айвазян «Концертный этюд», Л.Боккерини – «Рондо», М. де Фалья – «Танец огня», К.Давыдов – «У фонтана» және т.б.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы: К.Күмісбеков «Поэма», К.Кужамьяров «Элегия», А.Затаевич «Желтый поток», А.Жубанов «Ария», Г.Жубанова «Мерекелік күй», Б.Жуманиязов – «Концерттік күй», Е.Брусиловский «Бозайғыр» және т.б.
  2. Концерт (1 немесе 2, 3 бөлімдер): Л.Боккерини, И.Гайдн (үлкен және кіші), К.Сен – Санс, Э.Лало, С.Прокофьев (Концертино), Д.Кабалевский (№ 1), К.Давыдов (№ 1, 2, 3, 4), Н.Мясковский (виолончельге арналған концерт с-moll). П.Чайковский – «Рококо тақырыбына вариациялар» және т.б.

«КОНТРАБАС»

І кезең

  1. Келесі мектеп және этюдтер жинақтарынан этюд: А.Михно, Ф.Симандл, Дж.Боттезини, В.Хоменко, А.Милушкин және басқалар.
  2. Г.Гендель, Б.Марчелло, Г.Эккльс, А.Эввелуа А.Ариости, А.Галлиар, А.Вивальди және т.б. сонаталарының бірінен – 1-2 немесе 3-4 бөлімдер
  3. Хасшеберлік пьесалардың бірі: И. Димитреску – «Крестьянский танец», Дж.Боттезини – «Тарантелла», «Прекрасная мельничиха», «Сомнамбула», С.Кусевицкий – «Вальс- миниатюра», И.Рафф – «Тарантелла», К.Сен – Санс – «Аллегро-аппассионато», Н.Паганини – Вариации на тему «Моисей», Р.Глиэр – «Тарантелла» және т.б.

II кезең

  1. Қазақстан композиторының пьесасы
  2. Концерт – 1 немесе 2 және 3 бөлімдер: С.Кусевицкий, Я.Ванхаль, Ф.Симандл, Д.Драгонетти, Г.Ф.Гендель, А.Капуцци, Дж.Боттезини, К.М.Диттерсдорф, В.А.Моцарт және т.б.

«АҒАШ ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон)

«ФЛЕЙТА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) И.С. Бах «Соната e-moll» I-II бөлімдері;

б) И.С. Бах «Соната E-dur» I-II бөлімдері.

  1. А. Онеггер «Ешкі биі».

ІI кезең

  1. Ф. Девьен «Концерт №2» I бөлім;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Қыдырбек «Желдірме»;

б) Б. Қыдырбек «Ұршық»;

в) Е. Усенов «Қосбасар»;

г) Қазақ халық әні «Баянжан» В. Книтель өндеу.

«ГОБОЙ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Г.Ф. Телеман «Жеке флейта үшін 12 қиял»;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Я. Каливода «Салон пьеса»;

б) А. Понкьелли «Каприччио»;

в) Р. Шуман «Адажио және Аллегро».

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) П. Санкан «Гобой мен фортепианоға арналған Соната»;

б) А. Дютийе «Гобой мен фортепианоға арналған Соната»;

в) Ф. Пуленк «Гобой мен фортепианоға арналған Соната»;

г) К. Сен-Санс «Гобой мен фортепианоға арналған Соната»;

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

«КЛАРНЕТ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Ковач «Р. Штраусқа еліктеу»;

б) Б. Ковач «Де Фальяға еліктеу» (in B кларнетінде орындалуы мүмкін);

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Ф. Девьеннің сонаталарының бірі №1, №2, №3, №4, 1 немесе 2-3 бөлімдері.

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша Б. Крузельдің концерттерінің бірі№1, №2, №3, 1 немесе 2-3 бөлімдері;
  2. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

«ФАГОТ»

I кезең

  1. А. Вивальди «Концерт» кез келген орындаушының таңдауы бойынша.
  2. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

II кезең

  1. Ф. Давид «Концертино».
  2. П. Чайковский «Ноктюрн» ор.19 №4 И. Костлан ауыстыру.

«САКСОФОН-АЛЬТ»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) П. Крестон «Соната» 1 немесе 2-3 бөлімдері;

б) Ф. Декрюк «Соната» 1-2 немесе 3-4 бөлімдері.

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Т. Йошиматсу «Соната «Жүнді құс»;

б) А. Вайгнейн «Рапсодия»;

в) Ж. Ибер «Камералық концертино»;

г) А. Глазунов «Концерт Es-dur».

«САКСОФОН-ТЕНОР»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) А. Раухвергер «Концерт»;

б) Г. Готлиб «Концерт»;

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Э. Вила-Лобос «Қиял»;

г) Г.Калинкович «Паганини тақырыбындағы каприччио концерті».

«МЫС ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР»

(валторна, труба, тромбон, туба)

«ВАЛТОРНА»

I кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) В.А. Моцарт «Концерт №2 Es-dur», 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) В.А. Моцарт «Концерт №4 Es-dur», 1 бөлім (каденциямен) немесе 2-3 бөлімдері;

  1. Қазақстан композиторының шығармасы (3-4 минут).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Ф. Штраус «Валторна арналған концерт» 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

б) Р. Штраус «Валторна арналған концерт» 1 бөлім немесе 2-3 бөлімдері;

в) Р. Глиэр «Дауысқа арналған концерт».

  1. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) П. Дюка «Ауыл идилі» (Вилонелла);

б) Б. Коломе «Қиял-аңыз»;

в) Г. Нойлинг «Багатель».

 «ТРУБА»

I кезең

  1. Б. Мартину «Труба мен фортепианоға арналған Соната»;
  2. М. Койшибаев «Өмір гүлі».

II кезең

  1. А. Арутюнян «Концерт».

«ТРОМБОН»

I кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша ескілікті сонаталар).
  2. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма:

а) Б. Кроче-Спинелли «Конкурстық соло»;

б) Ж. Мазелье «Конкурстық соло»;

в) К. Сен-Санс «Каватина»;

г) Э. Боцца «Бах стилінде»;

д) Ж. Бара «Анданте және Аллегро»;

е) В. Блажевич «Концерттік эскиз №5»;

ж) А. Гильман «Симфониялық пьеса».

II кезең

  1. Күрделі форма (орындаушының таңдауы бойынша):

а) Ф. Давид «Концертино»;

б) В. Блажевич «Концерт № 2, 3, 4, 5, 7»;

в) С. Шулек «Соната».

  1. Қазақстан композиторының шығармасы.

«ТУБА»

I кезең

  1. Б. Марчелло Соната (таңдауы бойынша).
  2. Қазақстан композиторының шығармасы.

II кезең

  1. А. Лебедев «Концерт»;
  2. Н. Раков «Сонатина»;

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

I кезең

  1. «Маримба (ксилофон) үшін Концерт» орындаушының таңдауы бойынша бөлімдердің бірі;
  2. Орындаушының таңдауы бойынша виброфонға арналған шығарма:

а) Д. Фридман «Түн ортасындағы жұлдыз»;

б) М. Гайтано «Таразы әні»;

в) Н. Розауро «Прелюдия және блюз» (таңдау үшін);

г) И. Лесник «Бірінші ойыншық».

  1. Орындаушының таңдауы бойынша кіші барабанға арналған шығарма:

а) Дж. Ванамейкер «Конкурстық соло» (таңдау үшін)

б) Ж. Делеклюз «Еліктеу» (таңдау үшін).

II кезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша маримбаға арналған шығарма:

а) К. Абе «Бақалар»;

б) И. Альбенис «Астуриас»;

в) А. Гомес «Гайтано»;

г) Г. Стоут «2 мексикалық би»;

д) К. Абе «Тамбурин парафраз»;

е) К. Сантанджелло «От биі».

  1. Ксилофондағы виртуоздық шығарма (7 минуттан аспайды);
  2. Орындаушының таңдауы бойынша Мультиперкашн арналған (8 минуттан аспайды).

«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР»

«ДОМБЫРА-ТЕНОР»

І-кезең

  1. Қазақстан композиторларының домбыра менфортепианоғаарнайы жазған күрделі формадағы бір шығармасы (қалау бойынша)
  2. М.Өскенбаев «Құрманғазыға арнау»
  3. Қазанғап «Жұртта қалған».
  4. Алтай-Тарбағатай, Қаратау, Жетісу күйшілік мектептерінен бір күй (қалауы бойынша)
  5. Махамбет Өтемісұлының бір күйін орындау (қалауы бойынша)

ІІ-кезең

  1. Шетел композиторларының домбыраға лайықталған күрделі формадағы бір шығармасы.
  2. Мәмен «Қайғылы қара»
  3. Тәттімбеттің бір күйін орындау (қалауы бойынша)
  4. Сыр өңірі күйшілік мектептерінен бір күй (қалауы бойынша)
  5. Тәуелсіз Қазақстан композиторларының бір күйі (Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, Ш.Әбілтаев, Қ.Тасбергенов, А.Райымбергенов, О.Дүйсен, Е.Үсенов, Т.Әліпбаев т.б.);

«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР»

«Шертер»

І кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін Батыс Еуропа композиторларының виртуозды шығармасы.
  2. Кантиленаға арналған шығарма.
  3. Шертерге арналған немесе лайықталған күй.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II, III бөлімдер).
  2. Ғ. Жұбанова «Юмореска» міндетті түрде.
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма.

«Қобыз-прима»

Ікезең

  1. А.Жайым«Күй-дастан» фантазиясынан «Дала көрінісі» III бөлімі
  2. Шетел композиторының виртуозды шығармасы.
  3. Түркітілдес елдер композиторының шығармасы.

ІІкезең

  1. Өңделген ән немесе күй.
  2. Ауқымды формадағы шығарма: концерт, соната (1 бөлім немесе 2-3 бөлімдер), фантазия, вариациялар.

«Қобыз»

Ікезең

  1. Орындаушының таңдауы бойынша бір виртуозды шығарма (ф-но сүйемелдеуімен)
  2. Орындаушының таңдауы бойынша қобыздың бір күйі
  3. Орындаушының таңдауы бойынша домбыраның бір күйі.

IIкезең

  1. А.Жайым «Қорқыт сюитасы» 1,2 немесе 3,4 бөлімдері (ф-но сүйемелдеуімен)
  2. ОрындаушыныңтаңдауыбойыншаҚорқыттыңбіркүйі.
  3. Халық күйі «Мұңлық-Зарлық» (Ж.Қаламбаевтың нұсқасы).
  4. Қазақстан композиторының қобызға арналған бір күйі.

«Фольклорлық аспаптар»

«Саз сырнай»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Н.Тілендиев «Балапандарым»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«Жетіген»

І кезең

  1. Өңделген ән немесе кюй.
  2. Сайыскердің қалауы бойынша бір күй.
  3. Фортепиано сүйемелдейімен шығарма немесе күрделі форма.

ІІ кезең

  1. Қазақстан композиторының күй немесе халық күйі.
  2. Раздық «Аңшының зары».
  3. Орындаушының таңдауы бойынша шығарма.

«Сыбызғы»

І кезең

  1. Уақыты 7 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 2 шығарма.
  2. Кәлек «Арман»

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«Шаң-қобыз»

І кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

ІІ кезең

  1. Уақыты 7-10 минуттан аспайтын орындаушының таңдауы бойынша 3 шығарма.

«Фольклорлық ансамбль»

І кезең

  1. 15-20 минуттықбағдарламаның құрамында күй, шығармалармен қатар, ансамбль сүйемелдеуімен фольклорлық аспапта жеке орындау (соло немесе дәстүрлі ән) болуы шарт.

«Біртекті ансамбль прима-қобыз»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (таңдауы бойынша);
  2. Ансамбльге лайықталған қобыз немесе домбыра күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

«Біртекті ансамбль қыл-қобыз»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

І кезең

  1. Қазақстан композиторларының шығармасы (таңдауы бойынша);
  2. Ансамбльге лайықталған қобыз немесе домбыра күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

«Біртекті ансамбль орыс халық аспаптары»

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

Баян, классикалық гитара, кіші домра, бас домра.

І кезең

  1. 15-20 минуттық бағдарламада әр түрлі дәуірлер мен бағыттардағы шығармалар міндетті түрде болуы шарт.

«Біртекті ансамбль»

Фольклорлық ансамбль

(Ансамбль, дуэт, трио, квартет жәнет.б.)

Жетіген, саз-сырнай, шаң-қобыз, сыбызғы.

І кезең

  1. Ансамбльге лайықталған шығарма (таңдауы бойынша әң немесе күй);
  2. Өңделген, лайықтаған халық әні немесе халық күйі (таңдауы бойынша).
  3. Қатысушылардың таңдауы бойынша шығарма.

«Орыс халық аспаптары»

«Баян, аккордеон»

І кезең

  1. Полифониялық цикл фугамен (3 дауыстан кем емес)
  2. Виртуозды шығарма.
  3. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

ІІ кезең

  1. Күрделі формадағы шығарма (соната – 1бөлімді сонаталық аллегро формасындағы; 2,3 бөлімдері; сонатина барлық бөлімдері; сюита, партита – 3 бөлімнен кем емес.)
  2. Сайыскердің қалауы бойынша шығарма.

«Классикалық гитара»

І кезең

1. И.С.Бах – Сюита, соната, партита (лютня, виолончель, жеке скрипкаүшін). Кемінде екі бөлімді орындауы керек.Ерекшеліктер:ре- минордағы партитадан Чакона, ми-мажордағыПартитаданПрелюдия, олар бөлек орындалады.2. Виртуоздық сипаттағы шығарма.

II кезең

1. Үлкен формадағы шығарма.2. Қазақстан композиторларының гитараға өңделген шығармасы.

«Кіші домра»

І кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін Батыс Еуропа композиторларының виртуозды шығармасы.
  2. Кантиленаға арналған шығарма.
  3. Қазақстан композиторларының жүрдек шығармасы.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II,III бөлімдер, домраға арналған соната 2 бөлімнен кем емес).
  2. Ғ. Жұбанова «Юмореска» міндетті түрде.
  3. Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды шығарма.

Бас шертер (домбыра бас)

I кезең

  1. Сайыскердің шеберлігін көрсететін Батыс Еуропа композиторларының виртуозды шығармасы.
  2. Кантиленаға арналған шығарма.
  3. Қазақстан композиторларының жүрдек бір шығармсы.

II кезең

  1. Күрделі шығарма (Концерт I бөлім немесе II,III бөлімдер)
  2. М. Тналин «Астана жастар биі» міндетті түрде.

Сайыскердің қалауы бойынша виртуозды бір шығарма.

«ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР»

«САКСОФОН»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ТРУБА»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ТРОМБОН»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio)немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«ДЖАЗДЫҚ ФОРТЕПИАНО»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Бір джаз туындысы (Latino – Jazz стилінен басқа) минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).

«ЭЛЕКТРОГИТАРА»

«Электрогитара» номинациясы бойынша бағдарлама тұрып орындалады

І кезең

  1. Свинг, бибоп, свинг-баллада немесе блюз (свинг стилінде) стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Рок немесе джаз стиліндегі бір шығарма (Latino – jazz стилінен басқа) немесе классикалық шығарма джаз және рок өңдеуінде (поп – музыка жанрында орындауға рұқсат етілмейді) «минус бір» фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«БАС ГИТАРА»

«Электрогитара» номинациясы бойынша бағдарлама тұрып орындалады

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.
  2. «Минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен әр түрлі стильдегі бір шығарма (mini disk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

«СОҚПАЛЫ АСПАПТАР»

І кезең

  1. Свинг, бибоп, баллада немесе блюз стиліндегі джаз туындысы минус бір фонограмманың сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады,сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло)..
  2. Қазақстандық композиторлардың шығармалары немесе қазақ халық әндері немесе күйлері эстрадалық өңдеуде.

ІІ кезең

  1. Latino – Jazz стиліндегі шығарма «минус бір» фонограммасының сүйемелдеуімен (minidisk, CD Audio) немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады, сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).
  2. Latino – Jazz стилінен басқа бір джаз туындысы немесе жеке клавишты соқпалы аспаптарда кеңейтілген джаз шығармасы «Минус бір» фонограммамен немесе ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады, сонымен қатар сүйемелдеусіз де болады (соло).

 

02150400 «Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша

«Хорда дирижерлік ету» мамандығы бойынша конкурсы ІІ кезеңмен өткізіледі. І кезең шығармаларын қатысушылар 5 (бес) данадан ұйымдастыру комитетіне жеребе тарту кезінде ұсынады. Хормен жұмыс жасау үшін берілетін шығармалар, конкурсанттардың ІІ кезеңге өту-өтпеуіне қарамастан реттік санмен қатар жеребе тарту кезінде қатысушыларға ұйымдастыру комитетімен ұсынылады. Кезеңдер аралығы 1 тәулікті құрайды.

І кезең

«Дирижерлеу»

Рояльдің сүйемелдеуімен дирижерлеу (10 минут)

Қатысушыларға келесі бағдарламаны орындау ұсынылады:

  1. А’capella хорына арналған шығарма.
  2. Фортепианомен сүйемелдеуге арналған хор шығармасы.

Шығарма жатқа дирижерленеді. Конкурсқа қатысушылар сахнаға өздерінің концертмейстерлерімен шығады.

Дирижерлеуге арналған шығармаларды қатысушылардың өздері таңдайды. Конкурсқа қатысушылардың техникалық және шығармашылық мүмкіндіктерін толық қанды ашу үшін, шығармалар әртүрлі мінезде болуы қажет. Конкурсқа қатысушылар шығарманың көркемдік ойын ашып, оның мазмұнын нақты көрсете білу қажет.

І кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • музыкалық дарынының айқындығы – 5 балл;
  • орындаушылық шеберлігі, нота мәтінін дәл қолдану (тазалығы, сауаттылығы, фразировкасы) – 5 балл;
  • шығарманың стильдік интерпретациясы – 5 балл;
  • әртістілігі – 5 балл;
  • жеке даралығы – 5 балл.

ІІ кезең

«Хормен жұмыс жасау»

Хормен жұмыс жасау 10 минут ішінде өткізіледі.

II кезеңге өткен конкурсқа қатысушылардың қолында жеребе тарту кезінде алған хормен жұмыс жасау үшін шығармалар болады. Ұжымды нота материалдарымен қамту конкурс ұйымдастырушыларының жауапкершілігінде. Байқаудың бұл кезеңінде ҚазҰӨУ аралас хорының қатысуымен өткізіледі.

ІІ кезеңде конкурсанттар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • жұмыс екпіні – 5 балл;
  • хордың дыбысына елеуі – 5 балл;
  • хор ұжымымен шығармашылық байланысы – 5 балл;
  • хормен репетициялық жұмыс жасау әдістемесін меңгеруі – 5 балл;
  • соңғы нәтижеге қол жеткізу (соңғы орындаудың жұмыс сатылары) – 5 балл.

 

02150200 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша

«Музыкалық әдебиет»

1 тур Викторина

Материалдың көлемі:

3 курс:

а) Қазақ музыка әдебиеті – 5 семестр көлемінде:

Фольклорлық музыка, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан-сал, Ақан-сере, Жаяу-Мұса, Абай, Мұхит, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Төлебаев.

б) Әлемдік музыка әдебиеті – 5 семестр көлемінде:

И.С.Бах, И.Гайдн, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Ф.Шуберт, Р.Шуман, Ф.Шопен, Ф.Лист, Р.Вагнер, Дж.Верди, Ж.Бизе, А.Дворжак, К.Дебюсси, М.Глинка, А.Бородин, М.Мусоргский, Н.Римский-Корсаков.

4 курс:

а) Қазақ музыка әдебиеті – 7 семестр көлемінде:

3-курстың толық көлемі және Б.Байқадамов, С.Мұхамеджанов, Қ.Қожамьяров, Ғ.Жұбанова қосылды.

б) Әлемдік музыка әдебиеті – 7 семестр көлемінде:

3 курстың толық көлемі және П.Чайковский, А.Скрябин, С.Рахманинов, ХХ ғасыр музыкасы қосылды. * «ХХ ғасыр музыкасы» қосымшасын қараңыз.

3 және 4 курстарға арналған викторина 20 саннан тұрады:

ҚМӘ – 8 сан;

ӘМӘ – 12 сан;

Бағалау критерийлері:

1-тур 20 балдық жүйе бойынша бағаланады. Жауаптың толықтығы бағаланады:

композитор, шығарма, болжамды сандар саны, әрекет, бөлім, жүйе.

2-тур: Музыкалық тақырыптар орындау және коллоквиум

Екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім. Кемінде 100 мысал көлеміндегі студенттер тізімі бойынша тақырыптарды орындау. Тақырыптар тізімінде бағдарламаның барлық бөлімдеріндегі әртүрлі жанрдағы шығармалар болуы керек. Қатысушы 10 тақырыпты орындау керек.

2-бөлім Коллоквиум (әңгімелесу түріндегі сұрақтарға ауызша жауаптар). Сұрақтар алдын ала дайындықты қажет етпейтін қысқа және нақты жауаптарды талап етеді. Коллоквиум сұрақтары келесі аспектілерге назар аударады:

1.Дәуірлер мен стильдердің өкілдері: антикалық, орта ғасырлар, ренессанс, барокко, классицизм, романтизм, импрессионизм, экспрессионизм, веризм, неоклассицизм, символизм, неофольклоризм, конструктивизм.

  1. Жанрлар: пассакальия, ноктюрн, серенада, прелюдия, баллада, сюита, оратория, романс, кантата, масса, симфониялық поэма, қазақ эпосы, күй, қазақтың халық ән жанрлары, орыс халық ән жанрлары.
  2. Орындаушылар: пианистер, дирижерлар, вокалшылар, скрипкашылар, домбырашылар.
  3. Әр елдердің композиторлары: Италия, Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Польша, Ресей, Қазақстан, Англия, Чехия, Венгрия, Америка, Испания. Музыкалық шығармалардың әдеби көздері.

Бағалау критерийлері:

Турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйемен бағаланады.

Музыкалық тақырыптардың ойналуы келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  1. Орындау сапасы (дұрыс орындау, сауаттылық);
  2. Орындаудың музыкалық қасиеті.

Коллоквиум келесі параметрлер бойынша бағаланады:

  1. Материалды толық меңгеру;
  2. Сөйлеу мәдениеті.

ІІІ тур: Презентация

Тапсырма теориялық білімді, практикалық дағдыларды, эрудицияны, кәсіби қызығушылықты, материалды баяндаудағы логикалық жүйелілікті және көркемдік шеберлікті анықтауға бағытталған.

Дизайн талаптары:

  • Көлемі 15-25 слайд. Бірінші слайдта автордың аты-жөні, директоры, оқу орнының аты болуы керек. Соңғы слайд – ақпарат көздерінің тізімі.
  • Қатысушының ауызша баяндамасы бір түсірілімде жазылуы керек.
  • Презентация мәтін мен иллюстрациялық слайдтар арасында ауысып отыруы мүмкін.
  • Музыкалық мысалдарды көрсету қажет.

Мазмұнға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты тұжырымдау мен мазмұнда көрініс тапқан жетекші ойдың болуы.
  2. Ұсынылған тақырыптың өзектілігін негіздеу.
  3. Мақсаты мен міндеттері.
  4. Есептің мазмұны жүктелген міндеттерді шешуге бағытталуы және көрсетілген мәселемен байланысты болуы керек.
  5. Музыкалық мысалдарды орындау қажет.
  6. Есепті мәтін бойынша оқуға рұқсат етілмейді.

Орындау уақыты: 10 минутқа дейін.

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар үшін максималды балл 60 санын құрайды.

Қосымша: «ХХ ғасыр музыкасы»

  1. Г.Малер №2 симфония, 1 бөлім
  2. Р.Штраус «Тиль Уленшпигель»
  3. А.Берг Скрипка мен оркестрге арналған концерт, 1-бөлім
  4. К.Орфф Кантата «Кармина Бурана», 1 бөлім
  5. А. Онеггер «Пасифик 231»
  6. А.Шенберг «Айлы Пьерро»
  7. М.де Фалья «Испания бақшаларындағы түндер»
  8. Б.Барток «Ішекті, соқпалы аспаптарға және челестаға арналған музыка»
  9. Дж.Гершвин «Көктегі рапсодия»
  10. И.Стравинский «Қасиетті көктем» балеті

 

02150300 «Ән салу» мамандығы бойынша

«АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘН САЛУ»

I кезең

  1. ХVII – XVIII – ғасыр композиторларының ариялары.
  2. Орыс, шетел немесе қазақстан композиторларының операсынан ария.
  3. С.Мухамеджанованың 100-жылдығына арналған репертуарындағы Романс.

ІІ кезең

  1. Орыс немесе шетел композиторларының операларынан ария.
  2. Қазақстан композиторларының операсынан ария
  3. Қазақ халық әні.

«АНСАМБЛЬДІК ӘН САЛУ»

I кезең

  1. Батыс-еуропалық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).
  2. Қазақстандық композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

ІІ кезең

  1. Орыс композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін)
  2. XX және XXI ғасыр композиторларының ансамбльдері (дуэт, трио, квартет және т.б. 8 адамға дейін).

«ДОМБЫРАМЕН ХАЛЫҚ ӘНДЕРІН ОРЫНДАУ»

І кезең

  1. Халық әні
  2. Халық композиторларының әндерінен 1 ән
  3. Қазақстан композиторларының әндері (М.Жанболатов, Д.Рақышев, А.Сейдімбеков, А.Еспаев, С.Кәрімбаев, Г.Құрманғалиев, Т.Рахимов және т.б.)

II кезең

  1. Халық әні
  2. Дауыс диапазонын көрсететін халық композиторларының 1 әні
  3. Басқа өңірдің дәстүрлі әншілік мектебінен 1 ән (Батыс, Арқа, Жетісу, Сыр, Алтай-Тарбағатай)

«ЖЫР-ТЕРМЕ»

I кезең

  1. Жыр бастау
  2. Терме
  3. Нақыл сөз Уақыт мөлшері 20 минут.

II кезең

  1. Толғау.
  2. Поэма үзінді
  3. Дастаннан үзінді. Уақыт мөлшері 20 минут.

«ЭСТРАДАЛЫҚ ӘНДЕР ОРЫНДАУ»

I кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен Қазақстан композиторларының әні (mini disk, CD Audio).
  2. Қатысушының дауыстық қабілетін ашатын кез келген тілде және кез келген стильде қатысушының таңдауы бойынша өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mini disk, CD Audio).

ІI кезең

  1. «Минус бір» фонограммамен қатысушының дауыс диапазонын және вокалдық мүмкіндігін көрсететін шетелдік хит ән (mini disk, CD Audio).
  2. Қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні эстрадалық өңдеуде «минус бір» фонограммамен (mini disk, CD Audio).

Байқауға арналған ноталар тізімі

Сюита Коркыт.pdf

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.