31 қаңтарда Астана қаласының «Жастар» театры сахнасында үш ұлы жазушы – Шыңғыс Айтматов, Оралхан Бөкей және Роза Мұқанованың шығармалары бойынша жазылған «Жан пида» трагедиясының премьерасы өтеді.
Пьеса ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселесін, табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас мәселесін көтереді. Спектакль Қырғызстанда өткен жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VI халықаралық «Айтматов және театр» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.
Театр өз көрермендерін 31 қаңтар 2024 жылы сағат 19:00-де күтеді.
ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.