2024 жылғы желтоқсан айының 24 күні Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі кинотанушы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің «Когда оживают сказки: мультипликационное кино Казахстана» монографиясының (қайта басылымы) тұсаукесері өтті. Бұл кітап қазақ анимациясының тарихына арналған. Сондай-ақ, 1984 жылы монография КСРО кинематографистер Одағының сыйлығына ие болған.
Кітап қазақ анимациясын өнердің жаңа түрі ретінде жан-жақты терең зерттеген алғашқы іргелі еңбек болып табылады. Бауыржан Нөгербек қазақ анимациясының қалыптасу кезеңінен бастап, даму үдерістері, фильмдер мен көркемдік құбылыстарына талдау жасайды. Сонымен қатар, анимацияның қазақ фольклоры, ұлттық дәстүрлері мен мәдени ерекшелігін қайта пайымдаудағы маңызды рөлін ерекше атап кетеді. Бұл басылым анимациялық өнерді зерттеуде, жаңа буын суреткерлері мен зерттеушілерінің шығармашылық ізденістеріне арналған маңызды әрі құнды дереккөз.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.