УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    БОРАНБАЕВ  ОҚУЛАРЫ - 2024

    2024 жылдың 7 ақпан  күні Қазақ  ұлттық  өнер  университетінде
    «ХІІІ Боранбаев оқулары: университетте дарынды жастарды креативті индустрия  шеңбері  ретінде  дамыту»   тақырыбында  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясы  өтті.

    Биылғы жылы, әдеттегідей, Боранбаев оқуларына қатысушылардың құрамында қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдары, Украина, Тәжікстан, Қытай ғылыми өкілдері мен аспиранттары қатысты. Ашылу салтанатында ҚазҰӨУ ректорының м.а., профессор А.Қ. Желтыргузов кіріспе сөз сөйлеп, игі іс-шараға сәттілік тіледі.    

    Конференцияның пленарлық бөліміне педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Музыкалық орындаушылық»  факультетінің деканы А.А.Сметова;  философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Дадырова; өнертану кандидаты, PhD Т.В. Харламова; «Аспаптық орындаушылық (фортепиано)»  білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Д.В. Ившина (ғылыми жетекшісі өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Музыкатану және композиция»  кафедрасының  меңгерушісі Г.Т.Акпарова); «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD, профессор, ХҒПБА академигі  Г.А. Хусаинова;  музыкалық білім магистрі, аға оқытушы   Н.Д. Шерботаева қатысты.   
    Конференцияның 7 секциясы бойынша өткен жұмыс университет қызметінің барлық түрлерінде креативті индустрия мәселелеріндегі диалогті тереңдетуге бағытталған. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар әртүрлі ғылыми мәселелерді,  білім мен өнер және мәдениеттегі шығармашылық индустрияны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.