УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Наурыз  айы -жыл басы, тіршілік көзі

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Наурызды жаңаша тойлауды ұсынғанын бәріміз білеміз. Осыған орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Наурызнама» бағдарламасын әзірлеп, мекемелерге ұсынды. Осы бағдарлама  негізінде  Қазақ  ұлттық  өнер  университеті «Наурыз -2024 – қоғамның  жаңаруы  мен  бірлесу  нышаны» іс-шарасын  қабылдап, Алғыс айту күнінен бастамасын алды.  Халықаралық әйелдер  күні  мерекелік концертпен, көтеріңкі көңіл-күймен өте жоғары деңгейде өтті. Келесі кезекте  Амал  мерекесі аталып өтті.  

Осы атаулы күндерді Қазақ ұлттық өнер университетінің Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұжымы бар ықыластарымен атап өтуде. Шынын айтқанда, балалардың белсенділігі таңқалдырды. Мектепте  ұлттық  киімдерді дәріптеу мақсатында  «18 наурыз - Ұлттық киім күні» атап өтілді.  Мерекелік кеш  балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Бұрын дәлізде кездесетін бейтаныс балалар  бір-бірімен жақын танысып, достасып кетті. Осыдан да көп мағлұмат  алуға  болады.  Іс-шараны  ұйымдастыру  деңгейі де жоғары болды. Өткізген тәжірибелі ұстаз Шынар Жанбекқызы  Байзакова. Іс шараға белсенді қатысқан ұстаздар Жеңіскүл Рақымқызы Төлеуова, Гүлмира Құрманғалиқызы Қопабаева, Ұмсынай Темірғалиқызы Саттарова,  Гүлжаһан Ботабайқызы Тәжібаева.

Осы  игілікті іс-шараның бәріне тікелей қатысып,  биік дәрежеде өтуіне атсалысып жүрген мектеп оқу бөлімінің жетекшісі Ботагөз  Аманкелдіқызы  Исмаилова мен тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Гүлшат Алтайқызы Шайхина еңбектерін атап өтуді жөн көрдік.

Биылғы «Наурызнамада» 14- 22 наурыз аралығының күндері өз атауымен белгіленгендіктен, бағдарламаның әр күні ерекше құлшыныспен, шат-шадыман көңіл-күймен, ең бастысы, мәжбүрлеусіз, риясыз ниетпен өтуде. Ұлттық киім күні балалрға ұнады деген ойдамыз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.