УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

«Шәкен Айманов және қазақ киносы»
байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақ ұлттық өнер университеті  «Өнертану» кафедрасында Шәкен Кенжетайұлы Аймановтвың туғанына 110 жыл толуына  орай  «Шәкен Айманов және қазақ киносы» студенттердің  кинотанушылық жұмыстар байқауы өтті. Іс-шарада студенттер Шәкен Аймановтың фильмдеріне жан-жақты ғылыми-зерттеу жасап, өздерінің еңбектерін сарапшылардың  қарарына ұсынды.
«Театр  өнері  және  өнертану»  факультетінің  деканы  А.Қ. Омар, университетіміздің  құрметті  оқытушылары  Н.Р. Мұқышева,  О.Сарыбасов және  тағы  басқа  комиссия  мүшелері  кинотанушылардың  ғылыми жұмыстарын  жан-жақты, мұқият зерделей  келе, жеңімпаздарды анықтады:

I орын
Сапаргалиева Рахима (3 курс)
Тақырыбы: «Бір ауданда» фильміндегі Ш. Аймановтың режиссерлік шешімдері мен актерлік шеберлігі»

ll орын
Аждарова Аяжан (2 курс)
Тақырыбы: «Между прошлым и настоящим: исследование социальных драматизмов в фильмографии Ш.Айманова и Ф.Шарипова»
Тұрмағанбет Әдемі (1 курс)
Тақырыбы: «Тақиялы періште» фильміне үш буынның көзқарасы»

lll орын
Окенова Диана (3 курс)
Тақырыбы: «Взрослый взгляд ребенка в фильмах Шакена Айманова»
Әбдірәсіл Еркеназ (3 курс)
Тақырыбы: «Алдар Көсе» фильміндегі басты кейіпкер бейнесінің ерекшелігі»
Ускенбаев Мағжан (2 курс)
Тақырыбы: «Шәкен Айманов фильмдеріндегі халықтың бейнесі»

Барлық   байқауға  қатысушыларға  шығармашылық  табыс  тілейміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.