Әйгілі ирандық режиссер Маджид Мозаффари мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің басшысы Талеби Матин Али Акбардың сапары К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, ғалым Алғиұлы Ахмедияровпен кездесуден басталды. Кездесуде мәдени ынтымақтастық пен бірлескен жобалар мүмкіндіктері талқыланды.
Кейін қонақтармен «Режиссура, арт- менеджмент және операторлық өнер» факультетінің студенттері мен оқытушылары, университеттің шығармашылық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Нұртаза Раушан Сабыржанқызы қатысқан шығармашылық кездесу өтті.
Өнер адамы – заман үні, өнер адамы зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұрар дүниелер жасауы керек деген маңызды ойлар айтылды. Жиналған ортада шығармашылық еркіндігі, әйел құқығы және Иран киносының әлеуметтік мәселелерінің көрінісі талқыланды. Қонақтардың ойлы әңгімелері мен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.