2025 жылдың 15 мамыр күні «Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелер арасындағы Спартакиада аясында шахматтан іріктеу турнирі өтті.
Турнирге барлығы 13 команда қатысты. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылып, қатысушылардың әрқайсысы әділ және тең дәрежеде өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Бұл сайыс қатысушылардың зияткерлік ойлау қабілеті мен стратегиялық шеберлігін паш етіп, командалық рухты нығайтты.
К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрметті 3-орынға ие болды. Бұл жеңіс – ұжымдық еңбек пен тұрақты дайындықтың нәтижесі.
Осындай іс-шаралар саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мәдениет саласы қызметкерлері арасындағы байланысты арттырып, командалар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түседі.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.