2025 жылдың 21 мамыр күні «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай университетімізде салтанатты шара өткізілді.
Университет ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров профессорлық-оқытушылық құрамды мерекемен құттықтап, олардың мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосып, әр саласында атқарып жатқан еңбектері елеулі, құнды, бағалы екенін айтты. Сонымен қатар, университеттің бірқатар ұстаздарына мемлекеттік марапаттар: «Құрмет» грамотасы, төсбелгісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі және Алғыс хаттар табысталды.
Бұл – тек құрмет пен қошемет қана емес, сонымен қатар, сіздердің мәдени мұрамызды насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңіздің нақты бағасы. Ұстаздардың рухани өрісі мен шығармашылық әлеуеті болашақ буынның тәрбиесінде маңызды орын алады.
Барлық ұжымды мерекемен құттықтаймыз! Шығармашылық, академиялық жолда жұмыс жемісті болсын, шабытты шақтарыңыз көп болсын! Еңбектеріңіз жана берсін, мәртебелеріңіз арта берсін!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.