УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕАТР КҮНІ

Дүниежүзілік  театр  күні  мерекесіне  орай  Қазақ  ұлттық  өнер  университетінің  «Өнертану» кафедрасында  I-IV курс  студенттері  арасында  театртанушылық  жұмыстар  байқауы  өтті. Іс-шарада студенттер  елорадалық  өнер  ордаларының  бүгінгі  даму  тенденцияларын  жан-жақты  зерделеп, тың тақырыптарды  қозғайтын  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  баяндады. Бұл жұмыстарда соңғы театр маусымындағы  жаңа  қойылымдарға  талдау  жасалды.

Сарапшылар құрамы:

Ақыш  Омар  ҚоңыртайұлыҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Театр өнері және өнертану» факультетінің  деканы, профессор;  Қарғабекова  Раушан  ИсмаиловнаӨнертану кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының магистрі; Жанқалдыбек Төленбаев- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент, музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері» кафедрасының  меңгерушісі; Ескендиров  Нартай Рамазанұлы-  Өнертану кафедрасының доценті, PhD докторы; Ұларбек Нұрғалымұлы Өнертану кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі.

Комиссия мүшелері төмендегі жеңімпаздарды анықтады:
I орын - 
3 курс студенті Тұрсын Ләйлә

ll орын -
1 курс студенті Амина Манабаева
3 курс студенті Назерке Ерғали

lll орын -
2 курс студенті Заманбек Ұлан
4 курс студенті Уздембаева Перизат
2 курс студенті Карибаева Перизат

Талдау жұмыспен айналысып, белсенділік көрсеткен студенттерге Foliant баспасы  
   атынан қазақша аудармадағы кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды.
                            Талапкерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.