«СӘКЕН» операсы - мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің күрескерлік жолы мен қилы тағдырын баяндайтын, тарихи оқиғаларға негізделген туынды. Операның авторлары композитор Әліби Әбдінұров пен ақын-драматург Қанат Жүнісов - қазақтың ұлтжанды қос дарыны.
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры м.а., профессор Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов ақпарат құралдарына берген интервьюде: «Сәкен» операсы - қазақ өнерінде ұлт қайраткерлеріне арналған алғашқы опералық қойылым. Авторлардың бұл көлемді әрі күрделі шығармасын ұлы тұлғаларымызды опера жанры арқылы әлемге таныту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздігіміз үшін күрескен арыстар рухына бас иіп, тағзым жасау деп қабылдау керек», - деді.
Операны тамашалаған университеттің зиялы қауымы - педагогтер мен музыканттар, жас буын өкілдері - ЖОО студенттері мен колледж студенттері туындыға жоғары баға берді. Олардың ойынша, бұл шығарма орындаушылар мен көрермендердің сүйікті қойылымына айналмақ және қазақ өнерінің кезекті жеңісі, себебі, опера өте сирек жазылатын күрделі музыкалық туынды. Әлемдік мәдениетте де операның алар орны өте жоғары.
Қазақ музыка мәдениетінде тағы бір тың дүние өмірге келді
деп зор сеніммен айтуға болады.
Кәсіптік деңгейде жазылған 2 актілі «Сәкен» операсы ҚазҰӨУ-нің
Орган залында 2024 жылдың 12 сәуірінде концерттік нұсқада сахналанды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.