УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

«ALLEGRO»   БАЯН  ЖӘНЕ  АККОРДЕОН  АНСАМБЛІНІҢ
КӘСІБИ  БАҒДАРЛЫ  КОНЦЕРТТЕРІ

Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің «ALLEGRO»  баян және аккордеон ансамблі тәжірибелі ұстаз, «Қобыз және ОХА» ПЦК меңгерушісі Мақсат Мұратұлы Мадыкәрімовтің жетекшілігімен 2024 жылдың 15-16 сәуірінде Семей және Павлодар қалаларының шығармашылық оқу орындарында үлкен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Ансамбльдің концерттерінде  зал толы адам болды. Концерттік бағдарламада аккордеон мен баянға арналған көпшілікке танымал музыкамен қатар отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орын алды.

Музыкалық колледж студенттерінің ансамбльге, білім ордамызға деген қызығушылықтары өте жоғары болды. Концерттерден кейін студентермен сұхбаттасу өтті, көптеген сұрақтар қойылды: қызығушылық танытқан әлеуетті үміткерлер оқу орнына түсу ережелері, студенттік жатақханалардың болуы және оқытушылар құрамы туралы толық ақпарат алғысы келді.

Ансамбль жетекшісі М.М.Мадыкаримов  қойылған сұрақтарға жан-жақты түсініктеме жасап, толық жауап берді. Студенттер алған жауаптарына ризашылығын білдіріп, ансамбль жетекшісі мен мүшелеріне алғыстарын айтты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.