Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры жариялаған «Үздік комедиялық пьеса» республикалық драматургия байқауында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» кафедрасының 3-курс студенті Тоқтасынов Эльдар Тұрланұлы өзінің «Мұнай» комедиялық драмасымен жүлделі II орынды иеленді. Бұл жетістік Эльдардың драматургия саласындағы дарындылығын көрсетіп қана қоймай, қазақ театр өнеріне өзіндік үлесін қоса алатын жас дарын иесі екенін де дәлелдеді.
Эльдардың шығармашылық жолында бағыт-бағдар беріп жүрген ұстазы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы және драматург, профессор Мұқанова Роза Қажығалымқызы. Сонымен бірге, оның кураторы – оқытушы Жанат Жайлыбай. Театр әкімшілігі алдағы уақытта Эльдардың шығармасы театр сахнасында көрсетілуі мүмкін екендігін хабарлады, бұл Эльдардың шығармашылық жолының әрі қарай өркендеуі үшін үлкен мүмкіндік.
Университет атынан Эльдарды шын жүректен құттықтап, оған шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және драматургия әлемінде жаңа белестерді бағындыруын тілейміз. Мұндай жетістіктер Жас дарындарымыздың өнер әлеміндегі болашағына сенім ұялатады. Эльдардың шығармалары қазақ театрына жаңа күш-қуат, шығармашылық жаңалықтар әкеліп, ұлттық өнеріміздің дамуына септігін тигізері сөзсіз.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.