Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер, сценарист, «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тілеукабылұлы Тәуекел 78 жасында өмірден озды.
Сламбек Тәуекел – қазақ киносының ардагері, кеңестік және қазақстандық кинорежиссер, сценарист, продюсер. Ұзақ жылдар бойы ұлттық киноның дамуына зор үлес қосқан, көптеген тарихи-көркем фильмдердің авторы. Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқарған. Ұлттық руханият пен өнерге сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі сақталатын тұлға.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне және шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамыз.
Құрметті әріптестер мен достар!
Сламбек Тілеукабылұлы Тәуекелдің жаназа намазы
*07 шілде күні, сағат 09:30-да
Астана қаласы, Орталық бас мешітте (Мәңгілік Ел даңғылы, 65) өтеді.
Дұға дастарханы:
*07 шілде, сағат 13:00
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 48, Әзірет Сұлтан мешіті.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.