2025 жылдың 18-22 маусым аралығында Ташкент қаласында «Созвучие духовых инструментов» атты II халықаралық ансамбльдер мен оркестрлердің байқау-фестивалі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар ‒ Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясы.
Құттықтау сөзін Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының ректоры, Өзбекстанның халық әртісі, профессор және фестивальдің координаторы Камолиддин Турдимұратұлы Уринбаев сөйледі.
2025 жылдың 18-19 маусымында Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының Үлкен залында республикалық және халықаралық ұжымдардың байқау бағдарламаларын тыңдау өткізілді.
Әр кеш сайын Ташкенттің орталық саябақтарында қатысушы үрмелі оркестрлерінің концерттері ұйымдастырылды. ҚазҰӨУ студенттерінің үрмелі оркестрі қызықты бағдарлама ұсынып, «Навруз» этнографиялық паркінде өнер көрсетті.
2025 жылдың 20 маусымында Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының конференц-залында II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның салтанатты ашылуы өтті. Конференцияда К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Т.А. Бердіқұлов, Духов және ұдарлы аспаптар кафедрасының доценті Е.Н. Мамырбаев, өнертану докторы, профессор Д.Ж. Жұмабекова, доценттер М.Б. Капеу-Коханова мен Б.Д. Далишева ғылыми баяндамалар жасады.
Сол күні кешке TashkentCity амфитеатрында Гала-концерт және марапаттау рәсімі өтті.
Қуантарлық жайт, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік үрмелі оркестрі, Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті, «Оркестрлік орындаушылық» факультетінің деканы Ербол Нұрбулатович Мамырбаев пен ұстаз Мұхаммед Мусаның жетекшілігімен осы беделді байқау-фестивальде III орынды жеңіп, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Студенттер ұжымына келешек байқауларда сәттілік тілейміз!
Дана Жумабекова -
Өнертану докторы,
К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің
«Скрипка» кафедрасының профессоры
Мәдениет саласының үздігі.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.