К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-де колледж түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
2025 жылғы 26 маусым күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шара барысында университет ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров жас өнерпаздарды өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, алдағы білім жолында табыс пен шығармашылық шабыт тіледі. Ол түлектердің еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.
Бұл күн – түлектер мен олардың ата-аналары үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш сәті. Колледж қабырғасынан түлеп ұшқан жас өнер иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға жарқын болашақ, биік шыңдар және өнер жолында толағай табыстар тілейміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.