К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Камолиддин Бехзод атындағы Өнер және дизайн ұлттық институтының (Ташкент, Өзбекстан Республикасы) делегациясымен ресми кездесу өтті.
Сапардың негізгі мақсаты - университет басшылығының жоғары көркемдік білім саласындағы байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылауы, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ елдеріміз халықтарының мәдени жақындасуына бағытталған «Жаңа Орталық Азия концепциясындағы Өзбекстан өнері» тақырыбында университет студенттерінің шығармашылық жұмыстарының шағын көрмесін өткізу болды.
Сапар барысында меморандумға қол қойылып, ҚазҰӨУ ректоры Ғалым Алғиұлы Ахмедияровқа К. Бехзод атындағы Өнер және дизайн ұлттық институтының Құрметті профессоры атағы, ал ӨДҰИ ректоры Мирзорахимов Аббосжон Шодмоновичке К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.
Ресми бөлімнен кейін делегация «Кинематография» мамандығының 1-курс студенттерінің жұмыстар көрмесімен танысты, онда олардың алғашқы көрнекі жобалары ұсынылды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.