2025 жылдың 17-18 сәуір күні К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкатану» мамандығы бойынша студенттердің XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ және Құрманғазы атындағы ҚҰК – Қазақстан Республикасының екі жетекші өнер университетінің студенттері қатысты. Жыл сайынғы бұл олимпиада болашақ музыкатанушылар арасында білім, идея және тәжірибе алмасудың маңызды алаңы ретінде көп жылдан бері қызмет етіп келеді.
Қатысушылардың ғылыми тереңдік пен шығармашылық көзқарасқа толы баяндамалары студенттердің жоғары дайындық деңгейін және олардың музыка өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. «Біз үшін бұл жай ғана жарыс емес, барлығы музыка тілінде сөйлейтін үлкен қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігі», – деп бөлісті қатысушылардың бірі.
Барлық студенттерге, оқытушыларға және қазылар алқасының мүшелеріне шабыт, кәсібилік және отандық музыкатану ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Қазылар алқасының құрамында:
– Қазылар алқасының төрайымы – Егінбаева Тойжан Жылқайдарқызы, өнертану кандидаты, Қ.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ профессоры.
– Түлкібаева Жұлдыз Жаханшайқызы – өнертану магистрі, Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы.
– Жакенова Маржан Тұрашқызы – әдеби-музыкалық жұмыс департаментінің директоры, «Астана Опера» театрының Камералық залының жетекшісі.
– Шайкенова Жанар Шалқарбекқызы – PhD докторы, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ аға оқытушысы.
– Досанова Алма Әбілханқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ доценті.
Олимпиада қорытындысы бойынша лауреат атанған студенттер:
- 1-орын – Ильяшева Айман (К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, 2-курс студенті; ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Г.Т. Альпеисова).
- 2-орын – Мақашева Ризагүл (К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, 2-курс студенті; ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Досанова).
- 2-орын – Нұртаева Жұлдыз (Құрманғазы атындағы ҚҰК, 3-курс студенті; ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, доцент И.К. Қожабеков).
- 3-орын – Гавриленко Никита (К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, 1-курс студенті; ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты Д.М. Мосиенко).
- 3-орын – Бегенова Адина (К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, 1-курс студенті; ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты Д.М. Мосиенко).
- 3-орын – Балмағамбетова Амина (Құрманғазы атындағы ҚҰК, 3-курс студенті; ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, доцент И.К. Қожабеков).
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.