УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 29 сәуір күні «Магистрлік оқулар» Халықаралық конференциясы өтті. 


Шара көрнекті композитор, дирижер, қоғам қайраткері Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл мерейтойына арналды. Конференцияға өнер, мәдениет және білім салаларындағы магистранттар қатысып, кең ауқымды тақырыптарды қамтитын бес бағыт бойынша өз зерттеулерін ұсынды:

- Н.Тілендиевтің музыкалық мұрасы және оның қазақ музыка мәдениетінің дамуына тигізген ықпалы;

- материалдық және рухани мәдениетті зерттеу мәселелері;

- музыкалық өнер - рухани мәдениет феномені ретінде;

- көркем білім беру және ағартушылық;

- Жасанды интеллектпен өзара әрекеттесу.


Қатысушылардың баяндамалары ғылыми дайындықтың жақсы деңгейімен ерекшеленді. Конференция идеялар алмасу, жаңа ғылыми бағыттарды талқылау және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының көкжиегін кеңейту үшін нәтижелі алаң болды.

Тыңдау барысында келесі номинациялар бойынша үздік баяндамалар таңдалды:


«Н. ТІЛЕНДИЕВТІҢ МҰРАСЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ»:

Әбілхайырова Н.Ж. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Құрманғалиева М.С.).

«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІНДЕГІ ҮЗДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУ»

Сандешова А.Е. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Байбек А.Қ.).

«ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ тереңдігі мен негізділігі үшін»:

Сариева А. (ғылыми жетекшісі – өнертану ғылымдарының докторы, профессор Джумакова У.Р.);

Сүлейменова А.Ж. (ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., аға оқытушы Мусаходжаева С.Қ.);

Әзілқияшева Б.С. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Байбек А.Қ.);

Ашықбаева М.Б. (ғылыми жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, доцент Дадырова А.А.).

«ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ДЕБЮТ»:

Құдайбергенова М. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, доцент Мосиенко Д.М.);

Сынабай Қ. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Байбек  А.Қ.);

Сәлімжанова Қ.С. (ғылыми жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарова Г.С.).

«ЕҢ ҮЗДІК БАЯНДАМА ЖӘНЕ ПРЕЗЕНТАЦИЯ»:

Ахметова А.Т. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Байбек А.Қ.);

Кеңес Н.Е. (ғылыми жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарова Г.С.);

Төлеуғалиева М.М. (ғылыми жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, доцент Дадырова А.А.).

«ЗЕРТТЕУГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАҒАНЫ ҮШІН»

Керимова М.А. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Акпарова Г.Т.);

Деуірбай А.Е. (ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, доцент Кузбакова Г.Ж.);

Марат А.Қ. (ғылыми жетекшісі – философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарова Г.С.).


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.